Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

Полиция қызметкері: Адамның өмірі мен қауіпсіздігінен артық ештеңе жоқ

Полиция қызметкері: Адамның өмірі мен қауіпсіздігінен артық ештеңе жоқ

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қоғам тыныштығын күзету – полиция қызметкерінің басты міндеті. Алайда кей кездері бұл міндет қарапайым қызметтік шеңберден асып, адам өмірі үшін арпалысқа ұласады. Сондай сын сағаттарда Есімхан Бағзатхан кәсіби шеберлігімен ғана емес, батылдығымен және табандылығымен ерекшеленді.

Оның ерлігі туралы сөз болғанда ең алдымен көпқабатты үйде болған оқиға еске түседі. Кентау қаласында төртінші қабаттың терезесіне шығып алған азаматтың өміріне қауіп төнгені туралы хабар түскен. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері тұрғынның жүйке күйзелісіне түскенін байқайды. Ол ешкімді тыңдамай, секіріп кетуге дайын тұрған.

Атырау полициясындағы егіздер

Мұндай жағдайда әр секунд қымбат. Айналадағылар азаматты сөзге тартып тұрған сәтте Есімхан көрші пәтер арқылы ішке кіріп, күтпеген жерден әрекетке көшеді. Арнайы тәсіл қолданып, әлгі азаматты терезеден тартып алып, қайғылы жағдайдың алдын алады. Сол күні тәртіп сақшысы бір адамның ғана емес, бүтін бір отбасының тағдырын сақтап қалды.

Бұл Есімханның жалғыз ерлігі емес.

Тағы бір жолы полицияға көмек сұраған ана хабарласады. Үйде үш жасар қызы қалып қойған. Есік іштен құлыпталып, бала жалғыз қалған. Анасының жанұшыра айтқан сөзінен жағдайдың қаншалықты күрделі екені аңғарылады.

Оқиға орнына жеткен Есімхан уақыт жоғалтпай шешім қабылдайды. Бесінші қабаттағы көршінің балконы арқылы қауіпке қарамастан ішке өтіп, құлыптаулы пәтерге кіреді. Сөйтіп қорқып қалған бүлдіршінді аман-есен анасына табыстайды. Ана қуаныштан көз жасына ерік беріп, полиция қызметкеріне алғысын білдіреді.

Қоғам қауіпсіздігі үшін атқарған осындай жанқиярлық еңбегі елеусіз қалған жоқ. Ол  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Бұл – оның кәсібіне адалдығы мен адам өмірін сақтап қалудағы батылдығына берілген жоғары баға.

Түркістан өңірінің тумасы Есімхан Бағзатхан 2020 жылы полиция қызметіне келген күннен бастап халыққа қалтқысыз қызмет етуді өмірлік ұстанымына айналдырған. Әріптестері оны сабырлы, жауапкершілігі жоғары және кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдай білетін маман ретінде сипаттайды.

Кейіпкеріміз полиция формасын жай ғана қызметтік киім емес, халық алдындағы үлкен жауапкершілік деп қабылдаған офицер. Оның ерлігі мен адамгершілігі жас тәртіп сақшыларына үлгі, ал құтқарылған жандар үшін мәңгі ұмытылмас жақсылық болып қала бермек.

Павлодарда полиция зейнеткердің 4 млн теңгесін сақтап қалды

Алайда Есімхан Бағзатхан өзінің бұл әрекеттерін ерекше ерлік деп санамайды. Оның айтуынша, мұндай сәттерде қорқыныш туралы ойлауға уақыт болмайды.

«Біз ант қабылдап, халықтың қауіпсіздігін қорғауға серт береміз. Сондықтан қауіп төнген жағдайда ең алдымен адам өмірін сақтап қалу туралы ойлайсың. Сол сәтте мен ерлік жасадым деп емес, азаматты аман алып қалуым керек деп әрекет еттім», дейді полиция капитаны.

Төртінші қабаттың терезесінен секірмек болған азаматты құтқарған сәтті еске алған ол оқиға орнында әр секундтың маңызды болғанын айтады. Ал құлыптаулы пәтерде жалғыз қалған бүлдіршінді құтқару кезінде де уақытпен санаспай әрекет еткен.

«Баланың өмірі мен қауіпсіздігінен артық ештеңе жоқ. Мұндай жағдайда ойланып тұруға уақыт болмайды. Ең бастысы – дұрыс шешім қабылдап, қайғылы жағдайдың алдын алу», дейді ол.

Есімхан бала кезінен әділдік пен тәртіпті жоғары бағалаған полиция қызметін саналы түрде таңдаған.

«Елге қызмет ету, адамдарға көмектесу бала күнгі арманым болатын. Полиция қызметі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бірақ халықтың алғысын алу – осы мамандықтың ең үлкен қуанышы», дейді тәртіп сақшысы.

Күн сайын таңғы сағат тоғыздан басталатын жұмыс кейде түнге дейін жалғасады. Өзіне бекітілген аумақтағы мыңдаған тұрғынның тыныштығына жауап беретін инспектор құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын тұрақты жүргізеді.

Оның айтуынша, соңғы жылдары тұрғындардың құқықтық сауаты артып, құқық бұзушылық деңгейі төмендеп келеді. Әсіресе жастармен және ата-аналармен жүргізілетін түсіндіру жұмыстары оң нәтиже беріп жатыр.

Интернет алаяқтық мәселесіне де ерекше тоқталған полиция капитаны тұрғындарды сақ болуға шақырады.

«Қазір алаяқтар өздерін полиция қызметкері, прокурор немесе сот орындаушысы ретінде таныстырып, азаматтардың жеке мәліметтерін алуға тырысады. Сондықтан ешқашан банк картасының деректерін, жеке мәліметтерді немесе телефонға келген кодтарды бөтен адамдарға айтуға болмайды», дейді Есімхан Бағзатхан.

Президент Жарлығымен берілген «Ерлігі үшін» медалін ол жеке жетістік емес, бүкіл полиция қызметкерлерінің еңбегіне көрсетілген құрмет деп бағалайды.

«Бұл марапат маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Мен оны тек өзіме емес, халықтың қауіпсіздігі үшін күн-түн демей еңбек етіп жүрген әріптестеріме берілген баға деп қабылдаймын», дейді ол.

Есімханның пікірінше, жақсы учаскелік инспектор ең алдымен халыққа жақын болуы керек.

«Өз жұмысыңды жақсы білу маңызды. Бірақ одан да маңыздысы – адамдардың мәселесін тыңдай білу. Халықтың сенімінен шығу – әр полиция қызметкерінің басты міндеті», дейді полиция капитаны.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:86
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Маусым 2026 12:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see161

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see160

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see158

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see153

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see151

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see149

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see143

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see143

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see142

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see135

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see135

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

20 Қыркүйек 2026 22:21see132

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

20 Қыркүйек 2026 22:21see128

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

20 Қыркүйек 2026 22:22see125

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

21 Қыркүйек 2026 12:41see120

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

21 Қыркүйек 2026 10:06see117

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

20 Қыркүйек 2026 22:21see116

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

21 Қыркүйек 2026 13:04see116

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

21 Қыркүйек 2026 12:42see113

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

20 Қыркүйек 2026 22:18see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары