“Препаратты шұғыл іздеп жатырмыз“: Алматыда баланы жылан шаққаны туралы хабарламаға жауап берді
Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Әлеуметтік желілерде Алматыда сұр жылан шаққанда салынатын сарысу жоқ екені туралы ақпарат тарады. Жазба авторы жылан шаққан баланы шұғыл ауруханаға жатқызуға тура келгенін, ал препараттың алғашқы дозасы Өзбекстаннан алдырылғанын айтты.
Tengri Health редакциясы осы ақпаратты тексеріп, қалада жылан уына қарсы сарысу тапшылығының бар-жоғын анықтау үшін Алматы денсаулық сақтау басқармасына хабарласты.
"Шұғыл препарат іздеп жатырмыз": қыз балаға не болды?Әлеуметтік желіде қазақстандық әйел достарының баласын жылан шағып алғанын айтты. Оның сөзінше, қазір қыз бала жансақтау бөлімінде жатыр, ал жақындары қажетті препаратты іздестіріп жатыр.
"Алматылықтар, біздің қалада сұр жылан уына қарсы бірде-бір сарысу жоқ екенін білесіздер ме?" - деп жазды әйел.
Ол балаға арналған у қайтарғыш заттың алғашқы дозасы Өзбекстаннан әкелінгенін, бірақ ол жеткіліксіз болғанын айтты.
"Шұғыл препарат іздеп жатырмыз. Кез келген сомаға сатып алуға дайынбыз".
Бірнеше сағат ішінде бұл жазбаға үш мыңнан астам адам үн қатты, алайда сәлден соң автор жазбаны өшіріп тастады (скриншот редакцияда бар).
"Көз айналасы ісіп кеткен": қалалық денсаулық сақтау басқармасы не дейді?Алматы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 19 қыркүйекте тауда серуендеп жүрген 11 жасар қыз Алматы қалалық балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына түскен.
"Ата-анасы баланы нақты қандай жануар немесе жәндік шаққанын анықтай алмаған. Ауруханаға келген кезде қыздың көз айналасы мен сол жақ табаны ісіп (табанынан шаққан), өзі әлсіреп, ұйқышыл болып тұрған", - деп атап өтті ведомство.
Мамандардың айтуынша, тексеруден кейін дәрігерлер науқасты жансақтау және қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызған.
"Дәрігерлер баланы нақты сұр жылан шаққанын растаған жоқ, бірақ бұл нұсқаны жоққа да шығармайды. Біздің мәліметімізше, бұл - Алматыда тіркелген, жылан шағу ықтималдығы қарастырылып жатқан алғашқы жағдай", - делінген хабарламада.
Белгілер мен ықтимал қауіп-қатерді ескере отырып, балаға жылан уына қарсы сарысудың бір дозасы егілді. Денсаулық сақтау басқармасы препарат Өзбекстаннан алдырылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Қыздың қазіргі жағдайы қандай?"Қажетті препарат бала ауруханаға түскен сәтте стационарда болды және қазір де жеткілікті мөлшерде бар", - деп сендірді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
Сарысу егілгеннен кейін қыздың жағдайы жақсарып, қазір тұрақты қалыпқа түсті. Ол әлі де дәрігерлердің бақылауында.
Сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасы сарысудың қосымша дозасы неге бірден салынбайтынын түсіндірді.
"Сарысудың қосымша дозасы медициналық көрсеткіштер бойынша, клиникалық көрініс пен науқас жағдайының динамикасын ескере отырып енгізіледі. Егер жағдайы жақсарып жатса, сарысуды қайталап салудың қажеті жоқ", - деп түсіндірді мамандар.
Басқарма мәліметінше, жылан уына қарсы сарысу Алматы ауруханаларында, соның ішінде травматологиялық пункттерде жеткілікті.
Бұған дейін Талғар тұрғыны кене шаққаннан кейін аудандық ауруханада кенеге қарсы иммуноглобулинді бірден ала алмағаны туралы айтқанын жазған болатынбыз. Оның сөзінше, медициналық мекемедегілер жүгінушілердің тым көп болуына байланысты препарат таусылып қалғанын хабарлаған.
Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар кене шаққаннан кейін энцефалитті қаншалықты жиі жұқтырады? Статистика
Кене энцефалитінен қорғану: Алматыда иммуноглобулин қай жерде бар?
Астана тұрғыны құтыруға қарсы вакцина таба алмаған - СҚ-Фармация не дейді?
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:23
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қыркүйек 2026 13:16 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















