Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Қанат Бозымбаев: 2029 жылға қарай коммуналдық желілердің тозу деңгейі 50% дан аспауы керек

Қанат Бозымбаев: 2029 жылға қарай коммуналдық желілердің тозу деңгейі 50% дан аспауы керек

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Екібастұздағы жаңғыртудың негізгі нысандарының бірі - 1972 жылы салынған ЖМ-16 жылу магистралі. Жұмыс басталғанға дейін аталған учаскенің тозу деңгейі 70%-ға жетті, соңғы төрт жылда мұнда ІІ дәрежелі 16 технологиялық бұзушылық тіркелді. Магистраль 2 739 тұрғынды, 43 көппәтерлі тұрғын үйді және 6 әлеуметтік нысанды жылумен қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда ЖМ-16 бөлшектеу жұмыстары 92%-ға орындалды, жоба 100% қазақстандық тауарларды қолдану арқылы жүзеге асырылуда. Жұмыстарды аяқтау биыл тамыз айына жоспарланған.

Келесі нысан Ақсу қаласындағы Ленин көшесінің бойында орналасқан, 1980 жылы пайдалануға берілген магистральдық жылу желісі болды. Мұндағы желілердің іс-жүзіндегі тозуы 83%-ға жеткен, соңғы үш жылда бұл учаскеде 19 зақымдану оқиғасы болған. Нысан 9 мыңнан астам тұрғынды, 28 көппәтерлі үйді және 8 әлеуметтік нысанды жылумен қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта Ақсудағы жобаның іске асырылу көлемі шамамен 30%-ды құрайды. Вице-премьер Қанат Бозымбаев құрылыс қарқынына қатаң бақылауды қамтамасыз етуді және жұмыстарды биыл 1 тамызға дейін аяқтауды тапсырды. Жаңғырту жұмыстары жылу шығынын 15-20%-ға төмендетуге және қаланың бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Павлодарда былтыр пайдалануға берілген ЖЭО-1 – НО-52 учаскесіндегі жаңа ЖМ-20А жерүсті жылу магистралінің жұмысы көрсетілді. Жаңғыртуға дейін бұл учаскенің тозуы 90%-ды құрап, мұнда 78 бұзылу жағдайы тіркелген еді. Ұлттық жоба аясында 99% отандық материалдарды қолдана отырып, 6 км жаңа магистраль салынды. Нысанның алғашқы жылыту маусымы апатты жағдайларсыз сәтті өтті.

Сапар барысында өңірдің жалпы көрсеткіштері қаралды. Павлодар облысы бойынша ЭКСЖ платформасында барлығы 69 жоба қалыптастырылды. Жалпы сомасы 43,9 млрд теңгеге 38 жоба іске асырылуға толық дайын. Қазіргі кезде 6 жоба белсенді құрылыс кезеңінде, ал Павлодардағы 1 жоба сәтті аяқталды.

Ұлттық жобаның экономикасы мен тарифтік саясатын бағалай отырып, Премьер-Министрдің орынбасары бүгінгі таңда тарифтердің өсуі кәсіпорындардың инвестициялық қажеттіліктерін өтемейтінін, алайда халыққа түсетін жүктеме қатаң бақылауда және негізделген болуы тиіс екенін атап өтті.

«Мұнда екіұшты жағдай туындап отыр, тарифтерді онша көтере алмайсың, себебі ол халық пен кәсіпорындардың төлем қабілеттілігіне негізделеді, бірақ инфрақұрылым да ескіреді. Биыл ел бойынша тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін жаңартуға шамамен 1,14 триллион теңге инвестиция бөлінеді. Бұл жыл сайын бөлінетін қаржыдан бірнеше есе көп. Біздің міндетіміз – 2029 жылға қарай республика бойынша коммуналдық желілердің тозуын 50%-дан асырмай төмендету», деді Қанат Бозымбаев.

Премьер-Министрдің орынбасары тарифтердің өзгеруі кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғауға ерекше назар аударды. Қазақстанда тұрғын үй жәрдемақылары жүйесі жұмыс істейді, ол қазір толығымен цифрландыру форматына көшіріліп жатыр.

«Тұрмысы жақсы адамдар тарифті тиісінше толық төлеуі керек, ал табысы аз азаматтар мемлекет қорғауында болады. Егер бір отбасының коммуналдық қызметтерге жұмсайтын шығыны белгіленген шектен (орташа есеппен жалпы табысының 10%-ынан) асып кетсе, одан асқан соманың бәрін әкімдік жергілікті бюджеттен тұрғын үй субсидиясы ретінде төлеп береді. Қазір Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл қызметті цифрлық форматқа көшіріп жатыр, күзге дейін ол eGov порталында қолжетімді болады. Осылайша, өтінім бойынша көмек автоматты түрде есептелетін болады», деп қорытындылады Қанат Бозымбаев.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша құрылыс кестелерін қатаң сақтау және облыстың бүкіл коммуналдық инфрақұрылымының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы республика бойынша 2029 жылға дейін іске асырылады. Жоба коммуналдық инфрақұрылымның тозуын 40%-ға дейін төмендетуге және апат қаупін 20% қысқартуға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Маусым 2026 21:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

05 Қараша 2026 23:13see139

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see138

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see134

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see134

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see133

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see132

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see132

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see130

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see128

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see125

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see123

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see122

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see121

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see120

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see118

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see117

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see117

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see116

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see115

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары