Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Qarmet шахталарына жаңа жерасты техникалары жеткізілді

Qarmet шахталарына жаңа жерасты техникалары жеткізілді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазіргі уақытта «Шахтинск» шахтасының мамандары жеткізуші компания өкілдерімен бірлесіп жаңа КП-21 үңгу комбайнын сынақтан өткізіп жатыр. Алдымен жабдық жер үстінде толық тексерістен өтеді: бақылау жинағы орнатылып, барлық техникалық жүйенің жұмысы сынақ режимінде тексеріледі. Осы кезең аяқталғаннан кейін комбайн бөлшектеліп, шахтаға түсіріледі. Жерасты кенжарында ол қайта құрастырылып, өндірістік учаскеде тікелей жұмысқа қосылады.

Фото: Qarmet

Жаңа техника дайындық қазбаларын, тоннельдер мен штректерді жүргізуге арналған. Дәл осы қазбалар арқылы кейін көмір тасымалданып, өндірістік жабдықтар жеткізіледі және шахтаның тиімді желдетілуі қамтамасыз етіледі. Сондықтан мұндай жұмыстардың жылдам әрі сапалы орындалуы жаңа көмір өндіру учаскелерін уақытында іске қосуға тікелей әсер етеді. Сарапшылардың айтуынша, дайындық қазбаларының қарқыны жалпы өндірістің тұрақтылығын айқындайтын маңызды факторлардың бірі саналады.

Фото: Qarmet

КП-21 комбайнының басты ерекшеліктерінің бірі – қашықтан басқару және цифрлық мониторинг жүйесінің болуы. Машина түрлі датчиктермен және деректерді беру жүйелерімен жабдықталған. Соның арқасында оның негізгі жұмыс параметрлерін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік бар. Жабдықтың техникалық жай-күйі туралы барлық ақпарат Wi-Fi байланысы арқылы шахта диспетчерінің басқару пультіне жіберіледі.

- Жер үстінде отырып-ақ машинаның барлық жүйесінің жұмысын, сұйықтық деңгейлерін, жұмыс режимдерін және басқа да параметрлерін қашықтан бақылауға болады. Қажет болған жағдайда процесті Көмір департаментінің Диспетчерлік-талдау орталығының мамандары да қадағалай алады, - деді «Шахтинск» шахтасының өтпе жұмыстары жөніндегі бас инженерінің орынбасары Сергей Солохин.

Фото: Qarmet

Заманауи үңгу комбайны тау жынысын бұзу процесін әлдеқайда тиімді әрі қауіпсіз етеді. Машина электр жетегі бар қуатты кескіш жұмыс органымен жабдықталған және әртүрлі қаттылықтағы жыныстарды өңдеуге бейімделген. Техниканың конструкциялық ерекшелігі биіктігі 5,5 метрге дейінгі қазбаларды жүргізуге мүмкіндік береді. Ал бұзылған жыныс кіріктірілген тиеу механизмі мен конвейерлік жүйе арқылы бірден тасымалдауға жіберіледі. Мұндай технология жұмысшылардың физикалық жүктемесін азайтып қана қоймай, қазба жүргізу қарқынын едәуір арттыруға ықпал етеді.

«Шахтинск» шахтасының №2 дайындық жұмыстары учаскесінің бастығы Рүстем Имановтың айтуынша, жаңа техника үңгу жұмыстарын едәуір жеңілдетеді.

 - Машинаны пайдалану және қызмет көрсету ыңғайлы. Бұрынғы КСП-32 комбайнымен салыстырсақ, онда тек қолмен басқару болған. Ал КП-21-де пульт арқылы қашықтан басқару қарастырылған, бұл жұмысты айтарлықтай жеңілдетеді, — деді Рүстем Иманов.

Биыл Qarmet компаниясының Көмір департаменті КП-21 үлгісіндегі сегіз жаңа үңгу комбайнын сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл техника департаментке қарасты әртүрлі шахталарға кезең-кезеңімен жеткізіледі. Ал 2026 жылы департаменттің сегіз шахтасында шамамен 45 шақырым тау-кен қазбасын жүргізу жоспарланған.

Компания мамандарының айтуынша, заманауи өтпелі комбайндарды енгізу дайындық жұмыстарының жоғары қарқынын сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңа техника жерасты көмір өндірудің тиімділігін арттырып, өндірістік процестердің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:214
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Наурыз 2026 15:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары