Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Qarmet кеншілері жаңа рекорд орнатты

Qarmet кеншілері жаңа рекорд орнатты

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Компанияның мәліметінше, Сергей Терехов басқаратын үңгушілер тобы бір айда 447 метр көмір қабатын қазып шыққан. Бұл – шахтадағы орташа көрсеткіштен үш есеге жуық артық нәтиже. Әдетте мұндай көлем айына 120–150 метр шамасында болады. Тереховтың айтуынша, мұндай жоғары көрсеткішке жауапкершілік пен бірлескен еңбек арқасында қол жеткізілген.

Фото: Qarmet

– Біздің ұжымымыз өте тату. Барлығын алдын ала жоспарлап, дайындық жұмыстарын сапалы атқардық: су мен сығылған ауа жеткіздік, металл мен балкаларды алдын ала дайындап қойдық. Әр ауысымда өз бағытына жауапты звеношы болды. Осындай үйлесімді жұмыс нәтижесінде мақсатқа жеттік, – дейді 30 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі бригадир Сергей Терехов.

Бригаданың басты міндеті қысқа мерзім ішінде 28-Д1,2 лавасына арналған жаңа желдеткіш штректі дайындау еді. Алайда жұмыс аймағы техникалық тұрғыдан күрделі болып шыққан: су кіргендіктен төбе мен табан бөлігі босап, қауіпсіздік деңгейі төмендеген. Осыған байланысты шахта басшылығы ең қиын учаскені айналып өтіп, жұмысты басқа бағыттан жүргізу туралы шешім қабылдаған. Нәтижесінде лаваның ұзындығы 40 метрге қысқарды, бұл өз кезегінде өндіріс қауіпсіздігін арттырып, тұрақты жұмыс жүргізуге мүмкіндік берді.

Фото: Qarmet

Бүгінде «Шахтинская» шахтасында екі негізгі лава – №12 және №28 жұмыс істеп тұр. Әрқайсысының ұзындығы шамамен 270 метр, ал қорлары тиісінше 400 және 500 мың тонна көмірге бағаланған. Сонымен қатар №16 және №26 жаңа лаваларын дайындау жұмыстары басталған. Көмір қабатына тікелей кіру учаскесінің түрі жұмыс қарқынына айтарлықтай әсер етеді: көмір қабаты бойымен қазу жеңілдеу болса, қатпарлы жыныстарда ауыр техника мен қосымша қауіпсіздік шаралары қажет.

– Тереховтың бригадасы аралас учаскеде жұмыс істеді, түрлі бекіту әдістерін қолданды. Ұжымды 56 адамға дейін толықтырдық. Ерекше еңбек нәтижесі үшін барлығына сыйақы беріледі, – дейді «Шахтинская» шахтасының директоры Денис Дымов.

Оның айтуынша, соңғы жылдары Qarmet шахталарында заманауи байланыс жүйелері мен цифрлық технологиялар белсенді енгізіліп жатыр. Метан концентрациясын, температураны және өзге де параметрлерді нақты уақыт режимінде бақылайтын датчиктер орнатылған. Бұл қауіпсіздікті күшейтіп қана қоймай, еңбек өнімділігін де арттырады.

Фото: Qarmet

Үңгушілер бригадалары компанияның жалпы көмір өндіру көлеміне елеулі үлес қосып отыр. Әрбір метр – бұл тек қара күштің ғана емес, сонымен қатар тәжірибе, тәртіп пен өзара түсіністіктің жемісі.

«Шахтинская» шахтасындағы жаңа рекорд Qarmet ұжымының әлеуетін айқын көрсетті. Күрделі геологиялық жағдай мен жоғары қауіпсіздік талаптарына қарамастан, кәсіби және ұйымшыл еңбек арқылы ерекше нәтижелерге қол жеткізуге болатынын дәлелдеді.

Айта кетсек, бұған дейін Qarmet компаниясы ыстық мырыштау және полимерлі жабындар кешенінің құрылысын бастаған болатын. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:164
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қазан 2025 14:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see132

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see131

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see130

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see120

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see120

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see117

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары