Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Қаржылық шара шаруаны қалай қолдайды?

Қаржылық шара шаруаны қалай қолдайды?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

– Аграрлық несие корпорациясының мақсаты – қолжетімді және тиімді қаржыландыру жүйесін құру арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына жәрдемдесу. Корпора­ция түрлі несие бағдар­ламасын ұсынуда. Мәселен, «Кең дала», «Кең дала 2», «Іскер», «Агробизнес», «Жас­тарды шағын несиелеу» деген бағ­дарламаларымыз бар. Қазір Қарағанды облысы бойынша филиалы аймағымыздағы 3 мыңдай шаруа қожалығына өз қызметін көрсетуде. Кейінгі 5 жыл ішінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Қарағанды филиалы арқылы Қарағанды облысының агроөнеркәсіптік кешеніне 104 миллиард теңгеден астам қаржы берілді. Оның үштен бірінен астамы – 41,25 миллиард теңге – өткен жылы және 2026 жылдың алғашқы алты айында игеріліп, өңірдегі 600-ге жуық ауыл шаруашылығы тауарын өн­дірушіге қолдау көрсетілді, – деді «Аграр­лық несие корпорациясы» АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры Мүсіреп Хасенов. 

Оның айтуынша, «Кең дала 2» жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасы өңір экономикасының дамуына тың серпін беріп отыр. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында қаржыландыру жұ­мыстары мерзімінен бұрын жүзеге асырылған.

Аграрлық несие корпорациясының «Кең дала 2» бағдарламасы аясындағы төмен пайызбен берілетін жеңілдетілген қаржыландыру жергілікті шаруа қожа­лықтарының  көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуді айтарлықтай жеңіл­деткен. Өтінімдерді жедел қарау мау­сымға алдын ала қамдануға мүмкіндік берсе, өнім жиналғаннан кейін қаражатты қайтарудың қолайлы кестесі келесі жылдың жұмысын тиімді жоспарлауға жол ашқан. Яғни, осы бағдарлама аясында өңірдегі 175 шаруашылық жаппай дала жұмыстары басталғанға дейін 15,48 миллиард теңге алды.

– «Агробизнес» үшін мұндай қарқын­ның маңызы зор. Жылдық 5% мөлшерле­мемен берілетін қолжетімді несиелер фермерлерге техника алқапқа шыққанға дейін тұқым, дизель отыны және қосалқы бөлшектер қорын алдын ала дайындауға мүмкіндік берді, – дейді Мүсіреп Хасенов.

Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылдың толық қорытындысы бойынша филиал аграршыларға 25,78 миллиард теңге несие берген.  Сонымен қатар 2026 жылы негізгі басымдық қайта өңдеу саласы мен мал шаруашылығына берілді. Азық-түлік өнімдерін өндіру саласындағы қайта өңдеу кәсіпорындарын қолдау бағдарламасы аясында облыстың оннан астам тамақ өнеркәсібі кәсіпорны 4 миллиард теңгеден астам қаржы алды. Олардың қатарында өңір тұрғындарына жақсы таныс «Нәтиже Сүт фабрикасы», «Ақнар», «Волынский» және «Дамир АА» брендтері бар.

Айта кету керек, «Аграрлық несие корпорациясының» қолдауы нәтижесінде айналым қаражатының жеткіліксіздігіне байланысты өндірістік қуаттары толық пайдаланылмаған қайта өңдеу кәсіпорын­дары өндіріс көлемін 80-100%-ға дейін арттырды. Осының арқасында зауыттар қажетті шикізатпен қамтамасыз етілсе, фермерлер тұрақты өткізу нарығына ие болды. 

Бұл тетіктердің іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін Осакаров ауданындағы шаруа­шылықтардың мысалынан көруге болады. Өзінің элеватор кешені мен автопаркі бар «Батаева» астық өндіруші ЖШС «Кең дала 2» бағдарламасы аясындағы жеңіл­детілген қаржыландыру мен жаңа техно­логиялардың арқасында егіс алқап­тарын кезең-кезеңімен ұлғайтып келеді.

– Біздің қожалық астық  шаруашы­лығымен айналысады, 2 500 гектардай жерге дәнді-дақыл егеміз.  2019 жылдан бері «Аграрлық несие корпорациясының» қолдауын көріп келеміз. Осы уақыт ара­лығында  біз екі «Кировец», «Ютонг»  трак­торын, Акрос, Вектор комбайндарын алдық. Негізінде өз қаражатымызға да осы техникаларды ала алар едік. Бірақ мемлекеттің қолдауы, субсидияның арқа­сында  біздің шаруалық жылдам жетістікке жетіп, іргелі шаруа қожалықтың біріне айналады деген сенімдемін, – дейді «Батаева» астық өндіруші ЖШС басшысы Ризван Батаев. 

Ал Осакаров ауданы Садовый ауылында тұратын Қаймақовтар әулеті ауыл шаруа­шылығымен айналысады және қайырым­дылық істерімен танымал. «Жасұлан» шаруа қожалығының басшысы Медеубай Сайлауұлы өз қаражатымен туған ауылына жаңа мешіт салдырғанымен де белгілі. Медеубай Қаймақов басқарып отырған қожалықта 1 000 жылқы, 300 сиыр, 200 қой да бар. Олар сүт фермасын ашқан және ауылдың 14 тұрғынын тұрақты жұмыс­пен қамтып отыр.

– Шаруашылықты 2025 жылдан бастап, басқарып келемін. Қазір екі ұлым өсіп қолғанат болып отыр.  Біздің «Жасұлан» шаруа қожалығы «Аграрлық несие кор­порациясынан» жүйелі түрде қаржылан­дырылуда. 2024 жылы шаруашылық «Агробизнес» бағдарламасына қатыссақ, 2026 жылы көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы әрі кідіріссіз жүргізу үшін «Кең дала» бағдарламасына қосылдық. Техни­калық базамызды жаңарттық. «Аграрлық несие корпорациясының» қаражатына төрт комбайн, бюлер комплексін және де басқа арнайы техникалар  алдық.  Ауылды көтеруге еңбек етіп жатқан оларға тек алғыс айтамыз, – дейді «Жасұлан» шаруа қожалығының басшысы Медеубай Сайлауұлы.

25 жыл бойы ауыл шаруашылығын шаруа қожалықтарымен, ауыл еңбек­кер­лерімен бірге дамытып келе жатқан  «Агр­ар­лық несие корпорациясы»  осы жылдар ішінде ауыл шаруашылығына 6,1 трлн теңге инвестиция жасады, 189 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қаржыландырылды, 994 инвестициялық жоба іске асты, оның 955-і бүгінде табысты жұмыс істеп тұр.

Бұл сандардың негізінде жаңа ферма, заманауи қайта өңдеу кәсіпорындары, мың­даған жұмыс орны, игерілген мил­лиондаған гектар жер және қазақстан­дықтардың дастарқанына күн сайын жететін сапалы өнімдер тұр.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Қарағанды облысы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:79
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Тамыз 2026 05:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see142

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see138

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see137

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see135

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see133

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see133

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see131

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see127

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see126

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see125

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see125

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see123

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see123

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see122

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see121

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see120

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see119

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see118

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары