Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Қазақстан АҚШ арасында әуе рейсі ашылады

Қазақстан АҚШ арасында әуе рейсі ашылады

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейсі ашылады. Екі ел арасында әуе қатынасы туралы келісім жасалды. Сонымен қатар отандық әуекомпания мұхиттан асып, алысқа ұшатын әуе кемелерімен толығады. 

Жолаушыларды тасымалдауға арналған жаңа халықаралық бағыт Астана мен Нью-Йоркті байланыстырады.

Қазақстандықтар енді АҚШ-қа бару үшін қосымша әуе рейстерін пайдаланбай-ақ, тікелей қатынай алады. Біздің елге келуге ниетті америкалықтар үшін де дәл солай. Отандық әуекомпания Астана-Нью-Йорк арасында жолаушы тасымалдайды. Ол үшін америкалық компаниядан Boeing 787-9 Dreamline маркалы 18 ұшақ алынады. Оның 15-сіне қатысты келісімшарт Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары негізінде жасалған. Ал қалған үшеуіне оған дейін тапсырыс берілген. Бұл әуе кемелері қос құрлық арасын мұхит үстімен оңай ұшып өте алады. Алдағы жылы елге солардың екеуі жеткізіледі. Қос мемлекет арасындағы әуе рейстері сол кезден бастап ашуы мүмкін. «Ал қалған ұшақтарды әуекомпания одан кейінгі жылдары алып келеді», - дейді мамандар.

Әділет Көбенов, ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің басқарма басшысы:

- Құқықтық базаны алатын болсақ, әрине, АҚШ-пен тиісті келісімге қол қойылған әуе қатынасы бойынша. Қазір ол ратификациялық күшіне енген. Сол техникалық тұрғыда сай болу үшін тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Талаптардың бірі – ұшуды жоспарлаған авиакомпанияның қолында сондай тікелей рейстер орындауға қабілеті бар әуе кемесінің болуы. Дәл сондай әуе кемесі – Boeing 787. Ұшулар осы әуе кемелері келгеннен кейін ашылады.

ИКАО елдің авиациялық қауіпсіздігі бойынша аудит жүргізді. Оның ішінде тиісті органдар мен әуежайлардың, елде жолаушы тасымалдайтын отандық және шетелдік авиакомпаниялардың қызметі сараланды. Нәтижесінде Қазақстанның азаматтық авиация саласы халықаралық стандарттарға 95 пайыз сәйкес келген. Ал әлемдегі орташа көрсеткіш 72 пайыз. Елде бұл саланың дамуына дербес авиациялық әкімшілік ұйымының құрылуы оң ықпал етті. Оған отандық және шетелдік білікті мамандар тартылған. Олар әуежайлар мен авиакомпаниялардың техникалық жай-күйін тұрақты тексеріп отырды. 

Әділет Көбенов, ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің басқарма басшысы:

- Ортаәлемдік және ортаеуропалық көрсеткіштермен салыстырсақ, ол едәуір жоғары. Айта кету керек, бұл нәтиже авиация саласында жүргізілген кешенді реформалардың нәтижесінде жүзеге асты. Алдыңғы аудитте, 2017 жылы 83 пайыз болған. Яғни 12,7 пайыз жоғары көрсеткішке қол жеткізілген.

Астанада еуропалық деңгейдегі авиациялық оқу орталығы ашылады. Қазақстанның Көлік министрлігі мен Франция Азаматтық авиация ұлттық мектебі ынтымақтастық туралы келісімге келді. Жаңа мекеме саладағы заманауи білім беру стандарттарының өңірлік орталығына айналуы ықтимал. Нәтижесінде шетелдік оқу орындарына тәуелділік азайып, отандық білікті кадрлар көбейеді. Кейінгі жылдары елде әуе компанияларының техникалық паркі кеңейіп, жаңа рейстер артып жатыр. Сәйкесінше маман тапшылығы өзекті болып тұр. Көлік министрлігінің мәліметіне қарағанда, салада жыл сайын 500-ден астам кадр жетіспейді. Оның ішінде ұшқыштар, инженерлер және әуе қозғалысын бақылау диспетчерлеріне сұраныс көп.

Биылғы он айдың статистикасы бойынша, елде әуе кемелері 27 миллионға жуық жолаушы тасымалдаған. Бұл былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда сегіз пайызға көп. Жолаушылардың тең жартысына отандық компаниялар қызмет көрсетті.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:237
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Желтоқсан 2025 13:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see133

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see130

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see127

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see127

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see126

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see126

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see125

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see124

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see123

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see123

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see123

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see123

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see123

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see122

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see121

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see121

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see121

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see120

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see120

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары