Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

Қазақстан азаматтары қайтыс болғаннан кейін ағзасын донорлыққа беруге дайын ба?

Қазақстан азаматтары қайтыс болғаннан кейін ағзасын донорлыққа беруге дайын ба?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Сандар сөйлесін

Деректерге сүйенсек, Қазақстанда білікті дәрігерлер жұмыс істеп жүр. Барлық 7 трансплант-орталық медициналық жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Яғни, жоғары технологиялық оталар осы 7 трансплант-орталықта жасалады. Олар: жүрек, өкпе, бүйрек, бауыр трансплантациясы және көздің мөлдір қабаты (роговица) трансплантациясы.

Жылдан-жылға кезекте тұрған пациенттердің саны артып келе жатыр. Қазіргі уақытта 4 500-ден аса мұқтаж пациент бар. Ал осы көрсеткіш осыдан 2021 жылы 3 000-ға жуық болған.

Қазақстанда адам тірі күнінде eGov арқылы өзі қайтыс болғаннан кейін органдарын басқа адамға донор ретінде ұсынуға келісім бере алады. Алайда заң бойынша үйлестіру орталықтары ол кісі қайтыс болғаннан кейін «ол мәйіттік донор болуға келісім берген» деп, зайыбынан, туған-туыстарынан келісім сұрайды. Яғни, көзі тірісінде келісім берсе де, жақындарынан рұқсат сұралады.

Осы тұста айта кетейік, исламда және басқа да діндерде «бір адамның өмірін құтқару бүкіл адамзатты құтқарумен бірдей» деп айтылады. Сондықтан барлық дін мұндай істі құптайды. Білуімізше, трансплантацияға мұқтаждық болса әрі өз еркімен және көзі тірісінде рұқсат етілген болса, дін жағынан ешбір қайшылығы жоқ деген мүфтияттың пәтуалары бар.

  Жансақтау бөліміне түскендердің барлығы донор бола алмайды

Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының (ҰҒОО) хирург-трансплантологы Мэлс Асықбаевтың айтуынша, «жансақтау бөліміне түскен кез келген науқас – донор болады» деген қағида жоқ, ми өлімі тіркелген жағдайда ғана мәйіттік донор болады.

«Мәйіттік донор болу үшін ми өлімі тіркелу керек. Сол орайда невропатологтар мен нейрохирургтардан құралған комиссия құрылады. Мысалы, басқа бір қалада пациент инсульт болып немесе бас жарақатымен ауыр халде жансақтау бөлімшесіне түссе, оған арнайы медициналық тексерулер жүргізіледі. Тексерулер бойынша теріс сынамалары болса ғана бас миының өлімі тіркеледі. Егер есі анық, медициналық тексеру кезінде барлығы дұрыс болса, донор ретінде қарастырылмайды», дейді М. Асықбаев.

Мэлс Нұрсейітұлының сөзінше, медициналық тұрғыда зерттелген әрі тұжырымдалған қағида бойынша бас миы өлгеннен кейін, қайтадан қалпына келмейді.

«Клиникалық өлім дегеніміз – жүрек тоқтап, қайта қалпына келтірілген жағдай. Ал биологиялық өлім жүрек толық тоқтағанда болады. Осы тұста айта кетейік, көбі жүрек тоқтағаннан кейін мәйітханада органдары алынады деп ойлайды. Бұл қате пікір. Ағза алынбайды. Өйткені адамның жүрегі тоқтағаннан кейін ешбір ағза жарамды болмай қалады. Ағза ми өлімі тіркелсе ғана алынады. Бас миының өлімі тіркелгеннен кейін, ағзалары арнайы аппараттармен ғана жұмыс істеп тұрады. Ал одан кейін қанша уақыт өмір сүре алатыны – әр пациенттің жарақатының ауырлығына байланысты. Мысалға, пациенттің ми өлімі тіркелгеннен кейін 1 сағатта жүрегі тоқтап қалуы мүмкін. Кейбір жағдайларда 1 тәуліктен соң жүрегі тоқтауы ықтимал. Максималды межені нақты білмеймін. Көп жағдайда ұзаққа созылмайды, өміршеңдігі 1 тәулік қана. Өз тәжірибемде 5 күннен кейін аппараттың ешбір көмегі тимей, жүрегі тоқтап қалған жағдай болды», деді М. Нұрсейітұлы.

Мәйіт донорлығына келісім бергендер саны 3 есе артты

 
Ағза алмастыруын күткен адамдар неге бірнеше рет шақырылады?

Ағзасын алмастырған бір азаматтың айтуынша, бірнеше жылда төрт рет шақырту болған. Бастапқы екі шақырту кезінде туыстары рұқсат бермеген, үшінші-төртінші жағдайда басқа науқастардың ағзасы алмастырылған. Бесінші мәрте шақырылған кезде ғана ота жасалыпты.  

Мэлс Асықбаев атап өткендей, арнайы TRIS бағдарламасы (медициналық ақпараттық жүйе) бар. Аталған жүйеде күту парағында тұрған пациенттердің барлығы тізімде тұрады. Мәйіттік донор пайда болған кезде, қанына анализ жасап, сол бағдарламаға салады. Ал бағдарлама автоматты жүйе бойынша кімге сәйкес келетінін анықтайды. Мысалы, ми өлімі тіркелген донор 1-қан тобында болатын болса, бағдарлама сол топтағы пациенттерді іздейді.

«Бағдарлама кем дегенде 3 немесе орташа есеппен 10 пациентке дейін таңдайды. Сол таңдалған пациенттерге трансплант-үйлестіруші телефон соғып, ота жасалатын орталыққа шақырады. Орталыққа келгеннен кейін пациенттер медициналық толық тексеруден өткізіледі. Тексеру барысында қарсы көрсеткіштер анықталып қалуы мүмкін. Асқазанның жарасы болса, дене қызуының көтерілуі немесе тұмаумен ауырып қалған жағдайлар болса, бұл дегеніміз – мысалы, жедел бүйрек трансплантациясын жасауға қарсы көрсеткіш болып саналады. Тексеру бойынша қарсы көрсеткіші жоқ, сынамаларының сәйкестігі ең жоғары науқас ота жасауға жіберіледі», дейді М. Асықбаев.

Ал отаға кімнің келетінін дәрігерлер алдын ала білмейді. Өйткені сәйкес пациенттерді АҚШ-тағы UNOS бағдарламасы сияқты, Қазақстанда TRIS бағдарламасы таңдайды. Яғни, бұл тұста адами фактор толық шектелген.

Ақтауда алғаш рет қайтыс болған адамның жүрегі донор ретінде пайдаланылды

Барлық елде туыстардан рұқсат сұрала ма?

Деректерге сүйенсек, ТМД елдерінің ішінде Беларусь реципиенттердің мәселесі шешілген бірден-бір ел. Аталған елдің күту парағында 2008 жылға дейін 3 500 адам тұрса, қазір кезекте бүйрекке мұқтаж 250 ғана адам бар. Оларда ми өлімінен кейін туысқандарынан рұқсат сұралмайды екен.

Еуропалық дамыған елдерде марқұм көзі тірісінде рұқсатын берсе, ми өлімі тіркелгеннен кейін ешбір туысқанынан рұқсат сұралмайды, «донор болуға келісім берген» деп ағзаларын алады екен.

Ал Қазақстанда туыстарынан рұқсат сұралады. Осы тұста айта кетейік, марқұмның жақындарын мазалау қазақтың табиғатында болмағандықтан, қайғырып отырған адамнан барып рұқсат сұрау – оңай емес. Оның үстіне кез келген туыс үшін ондай хабарды есту – ауыр соққы. Туыстары «кезінде келісім берген екен» деген хабарды алғаш рет естіп, сенбеуі де мүмкін.

«Заңғар» заңгерлік компаниясының директоры Айнұр Рахымжанованың айтуынша, марқұм тірі күнінде донор болуды қалағанымен, туыстары келісім бермесе, донор бола алмайды. Соңғы сөз айналып келіп, туыстарының келісіміне тіреледі.

«Адам әдетте, өзі ауырып денсаулығы нашарламай, жалпы медицинада не болып жатқанын, оның ішінде трансплантация туралы ойлана қоймайтыны анық. Дін рұқсат берсе де, қоғамда көптеген адамдар «12 мүшемен тудық, сол 12 мүшемен қайтамыз» деген көзқарасты ұстанады, сондықтан осындай пікірге сүйенген марқұмның жақындарының көбі келісімдерін бермейді», дейді А. Рахымжанова.

Мәйіттік донор бүлдіршіннің өмірін аман алып қалды

Айта кетейік, мәйіттік донорлықты айтпағанда, туыстық донорлық Қазақстанда толығымен рұқсат етілген. Туыстық донор арқылы аман-есен жүрген қаншама адам бар. 

«Мәйіттік донор тірі кезінде келісім бергеннен кейін өзінің үйіне келіп, жұбайына, балаларына, туған-туыстарына: «Келісім бердім. Күндердің күнінде осындай жағдай болған кезде менің органдарымды басқа бір адамның өмірін сақтау үшін беруге рұқсат беріңдер, менің шешімімді қабылдаңдар» деген секілді әңгімелерді айту керек, eGov-та келісімін беріп қойып, тып-тыныш жүре бермей, жақындарына айтқаны жөн деп ойлаймын», дейді А. Рахымжанова.

 

Мамандар егер науқас көзі тірісінде келісім беріп кетсе, туыстардан рұқсат сұралмаса, яғни, заңға өзгеріс енгізілсе деген ойды айтады.

«Заңға өзгеріс енгізуге болады... Бірақ қоғам соған дайын ба? Қоғам арасында жалпы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп және сауалнама алып, «Қазақстан азаматтарының қанша пайызы осыған дайын?» деген мәселені анықтау керек шығар. Осындай жұмыстар жүргізілгеннен кейін ғана заңға мүмкін өзгеріс енгізуге болатын шығар», деп түйіндеді «Заңғар» заңгерлік компаниясының директоры Айнұр Рахымжанова.

Мәйіттік донорлықты дамытуға не кедергі

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Маусым 2026 10:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

05 Қараша 2026 23:13see138

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see137

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see133

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see132

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see131

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see131

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see131

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see129

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see127

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see122

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see121

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see120

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see120

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see118

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see117

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see116

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see114

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see114

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see114

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары