Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Қазақстан неге Еуразияда үздік авиациялық хаб құра алмай отыр

Қазақстан неге Еуразияда үздік авиациялық хаб құра алмай отыр

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Қазақстанның әлі күнге Еуразиядағы авиациялық хаб бола алмай отырғанын өрескел олқылық деген еді. 

Бұған дейін Үкіметке авиация, соның ішінде жүк тасымалдайтын авиация саласында нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін тапсырма берілді. Мемлекет басшысының айтуынша, өкінішке қарай, Үкімет мемлекеттік жүк тасымалдайтын әуе компаниясын құруда қателіктер жіберген. Енді бұл іспен «Қазақстан темір жолы» компаниясы айналысады.

Қандай істер қолға алынды?

Осы сауалды «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-ға жолдадық. Компания мәліметінше, қазіргі таңда жүк тасымалдайтын әуе компаниясын құру жұмысы жүргізіліп жатыр: 2025 жылдың 28 қазанында «KTZ Air Cargo» АҚ тіркелген. Енді әуе флотын жасақтау және қызметке кірісуге дайындық қолға алынған.

«Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ жүк тасымалдайтын жаңа әуе компаниясын құру үшін тәжірибелі стратегиялық серіктестер тартуды жоспарлап отыр. Жоба іске қосылған соң, әуе арқылы жүк тасымалы жанданады, транспорттық-логистикалық инфрақұрылым дамиды, ірі халықаралық компаниялармен стратегиялық серіктестік орнайды және әлемдік жүк айналымы Қазақстан арқылы өтеді.

Фото: Александр Павский/ Kazinform

– Бекітілген жол картасына сәйкес, жүк тасымалдайтын әуе компаниясын құру бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу сатылап жүргізіледі. Ең алғашқы жүк тасымалынан бастап, қызмет көрсету үлгісін дамыту, әуе флотын кеңейту, тұрақты қызмет көрсететін сенімді компанияға айналу, әуедегі жүк тасымалы нарығында берік орнығу – әр кезең жоспарда нақты белгіленген, – деп жазылған компанияның жауабында. 

Мемлекеттің және жеке сектордың рөлі туралы

Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы тапсырманы Үкімет орындай алмаса, жеке секторға беру керек деген болатын. Ұлттық компанияның мәлімдеуінше, мемлекеттік жүк тасымалдайтын әуе компаниясын құру жобасын «Қазақстан темір жолынан» алып, өзге ұйымға беру тек тиісті ресми шешім шыққан жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін екен.

Ал халықаралық логистика саласындағы сарапшылар бұл жобаны мемлекеттің қолдауынсыз жүзеге асыру қиын екенін айтады. Мәселен, «Merex Eurasia Kazakhstan» экспедиторлық компаниясының басшысы Еділ Көнеев нақты ұсыныстарымен бөлісті:

– Мемлекет жанармайға дотация, салыққа жеңілдік, төмен пайызбен ұзақмерзімді несие беру, білікті мамандарды тартуға көмектесу тәрізді қолдау көрсету керек. Сондай-ақ, әсіресе, Алматы мен Астана секілді мегаполистерде халықаралық стандарттарға сай әуежай салу және жаңғыртуға айрықша мән беру қажет, – дейді Еділ Көнеев. 

Фото: спикердің жеке мұрағатынан

Логистика саласындағы сарапшы, «Jańa Post» компаниясының директоры Болатбек Дәлелханұлының да бұл тақырыпта айтары бар. Оның сөзінше, жеке секторға беру арқылы аталған саланы дамытуға болады. Бірақ мемлекет субсидия бөлу және логистикалық арналар ашу арқылы қолдау білдірсе, жоба тез арада жемісін береді.

Оның айтуынша, мемлекет салған қаржысының өтеуін салық және жаңа жұмыс орындары түрінде қайтарады. Ал тікелей субсидиялау мүмкін болмаса, онда кем дегенде монополияны жойып, кедендік рәсімдеуді жеңілдету маңызды.

Әлеует бар, хаб жоқ

Қазақстанның транзиттік әлеуеті зор болғанымен, әуе арқылы жүк тасымалының еуразиялық орталығына айнала алмай отыр. Еліміз бәсекелестерге неге ілесе алмай отырғаны және қандай өзгеріс қажет екені жөнінде сала мамандары пікірін айтып берді.

Болатбек Дәлелханұлы негізгі төрт себепті атап өтті.

Біріншіден, мемлекеттік субсидияның жоқтығы. Тұрақты транспорттық арна құру үшін бастапқыда мемлекеттің қолдауы керек екені халықаралық тәжірибеде дәлелденген. Маманның сөзінше, тасымалдау бағасын субсидия есебінен төмендетіп, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға болады.

Сондай-ақ, ол авиация жүк тасымалдауда жүк көліктерімен бәсекелесе алуы үшін ескерілуі тиіс тағы бір жайтты атады: әуе рейстері барарда да, қайтарда да, яғни қос бағытта да жүкке толып келуі үшін экспортты да реттеу қажет.

– Әуе тасымалы негізінен жүктеменің тепе-теңдігіне байланысты. Мысалы, ұшақ Қытайдан толтырып жүк тиеп алып келіп, ал кері қайтарда бос қайтты делік. Мұндай жағдайда ұшақтың бос ұшқан рейсін өтеу үшін әуелгі жеткізу ақысы екі еселенеді, – деп түсіндірді сарапшы.

Фото: спикердің жеке мұрағатынан

Болатбек Дәлелханұлының пікірінше, үшінші себеп – электрондық сауда саласындағы кедергілер. Қазақстанда шетелдік платформаларға сұраныс жоғары. Онлайн тапсырыстар көлемінің ауқымдылығы сонша – күніне кемінде бір ұшақ жүк қабылдауға болады. Бірақ мұндай тауарлардың кедендік рәсімделуі тым күрделі. Қазір ұлттық оператор қызметін «Қазпошта» атқарып отыр. Спикердің сөзіне жүгінсек, бұл нарық жеке жеткізу компанияларына да ашылса, онда жедел жеткізу қызметі қарқынды дамитын еді.

Бұдан бөлек ол Қытайдан жүк әкелгенде кедендік рәсімдеу жеңіл, ал Қытайға жүк апарғанда кедендік рәсімдеу анағұрлым қиын болатынын атап өтті.

Болатбек Дәлелханұлы осы төрт мәселе шешілсе, Қазақстан Еуразиядағы авиациялық торапқа айналатынына сенім білдірді.

Ал Еділ Көнеев мәселенің түп-тамырын техникалық және кадрлық тұрғыда артта қалудан көреді.

– Бірқатар қаланың әуежайларында халықаралық деңгейдегі инфрақұрылым жоқ. Транзиттік жүктерді сұрыптау үшін соңғы үлгідегі технологиялар мен құрылғылар жоқ. Жоғары кластағы мамандардың жетіспеушілігі де байқалады. Жалпы, авиациялық логистика саласында халықаралық инвестиция тарту үшін жайлы, ыңғайлы жағдай жоқ, – дейді маман.

Сонымен бірге, ол күніне өте ауқымды көлемдегі жүкті қабылдап, жөнелтетін Дубай әуежайын мысалға келтірді. Олар өздері аяққа тұрып кеткенше, Еуропа мен АҚШ-тан білікті мамандарды шақырыпты.

Сондай-ақ Еділ Көнеев Гейдар Әлиев атындағы әуежайдың да тәжірибесіне тоқталды. Бүгінде ол – Каспий теңізі аймағындағы дамыған жүк тасымалы хабы.

Фото: Азаматтық авиация комитеті

Қазақстанда жүк тасымалдайтын әуе компаниясын құру енді ғана қолға алынып жатқанда, Әзербайжан бұл саланы әлдеқашан жолға қойған. Онда «SilkWayWest» компаниясы жұмыс істейді және жаһандық жүк тасымалдаушыларға жақсы жағдай, тиімді жүйе қалыптасқан. Алматы әуежайы Орталық Азиядағы өңделетін жүк қабылдауда ең үлкен хаб болса да, халықаралық деңгейді қамту жағынан Баку әуежайымен бәсекелесе алмайды.

Ал Болатбек Дәлелханұлы Қазақстан әуежайларының әлеуеті орасан дейді. Алайда Алматыдан бөлек, Қарағанды және т.б. өңірлерде әуе тұрақтары бос тұр. Әуе арқылы жүк тасымалын жандандыру үшін импорт және экспорт құжаттарын рәсімдеуді жеңілдетіп, ашық әрі қарапайым ережелер енгізу керек, – дейді ол.

Мұнайлы елде әуе билеттері неге қымбат?

Авиаотынның тым қымбат болуы әуе арқылы жүк тасымалына тұсау салып отыр. Ұлттық құрылтайда бұл мәселе де Президенттің назарынан тыс қалған жоқ. Мемлекет басшысы мұнай өндіретін ел бола тұра, Қазақстанда ұшақ жанармайының бағасы мұнай өндірмейтін елдердегі бағамен шамалас екенін сынаған болатын.

ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Президент сынынан кейін авиаотынның бағасын төмендетудің механизмдері іске қосылғанын мәлімдеді:

· «ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясы жанармайды ірі көлемде сатып алуға мүмкіндік алды, яғни сол арқылы өзіндік құнын түсіруге болады;

· Мемлекет импортты ҚҚС-дан босатты;

· Әуежайлар енді ұшаққа жанармай құйғаны үшін әуе компанияларынан лицензиялық төлемақы мен инфрақұрылымдық төлемдерді алмайды.

Фото: aviacenter

Қабылданған шаралардың нәтижесінде елімізде авиаотынның бағасы 2026 жылдың алғашқы тоқсанында тоннасына 980 доллардан 890 долларға дейін төмендемек.

Сарапшылар да Қазақстанда авиаотынның тым қымбаттығы – саланы кері тартып отырған басты себептердің бірі дейді. Еділ Көнеевтің көзқарасынша, елімізде ұшақ жанармайының құны Еуропадағыдан айтарлықтай жоғары. Соның салдарынан отандық әуе арқылы жүк тасымалдау саласы бәсекеге қабілетсіз болып отыр.

Ал Болатбек Дәлелханұлы мұнымен келіспейді. Оның сөзінше, керосиннің өзіндік құны авиация қарқынды дамып жатқан барлық жерде – Ыстанбұлда да, Әзербайжанда да шамалас. Бұл жерде мәселе мемлекеттің инфрақұрылымды қалай құрып, бағаны қалай белгілеп, саланы қаншалықты қолдап отырғанына байланысты, – дейді маман.

Алайда қорытынды тұжырым бойынша сарапшылардың пікірі ортақ: мәселе сұраныста емес, жүйеде. Қазақстанда саланы мемлекеттік қолдау, жедел әрі ашық кедендік рәсімдеу және заманауи инфрақұрылымның өзара үйлесімі жетіспейді. Бұлар болмаса, ҚТЖ жанынан әуе компаниясын құру да мемлекетті авиациялық логистиканың әлемдік көшбасшылары қатарына қоса алмайды.

Есіңізге салайық, бұған дейін авиаотынның бағасын негізсіз көтерген әуежайларға айыппұл салынғаны жөнінде хабарлаған едік.

                                                                      Алпамыс Файзолла

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:224
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Ақпан 2026 09:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see123

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see120

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see120

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see118

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see117

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see116

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see116

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see115

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see115

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see115

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see115

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see115

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see114

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see113

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see113

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see112

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see112

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see112

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see111

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары