Қазақстан Өзбекстан арқылы астық экспортын арттыру туралы келісімге қол жеткізді
Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы бойынша шекарадан қабылдау көлемін тәулігіне 35 жұп жүк пойызына дейін арттыруға келісті.
Тараптар "Сарыағаш" теміржол бекеті арқылы астық өнімдерін Орталық Азияға және Ауғанстан бағыты бойынша үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуге уағдаласты. Сондай-ақ көрші ел тәулігіне кемінде 10 астық тиелген вагонды және 5 жабық вагондағы азық-түлік тауарларын қабылдайтын болды. Бұдан бөлек тараптар вагон айналымын қамтамасыз ету мақсатында жүк түсіру жұмыстарының, транзит жолдар қызметінің және уәкілетті органдардың тәулік бойы жұмыс істеу мәселесі бойынша ортақ келісімге келді. Соңғы 11 айда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жүк тасымалы 28,5 млн тоннаға жетіп, өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 16 пайызға артқан. Оның ішінде дәнді дақылдардың үлесі басым. Биыл оның көлемі 5,6 млн тонна болды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:35
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Желтоқсан 2025 14:26 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















