Қазақстан президенті Бейнеу Сексеуіл жолын Арал Каспий магистралі деп атауды ұсынды
Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қасым-Жомарт Тоқаев "Бейнеу – Сексеуіл" бағытында ұзындығы 800 шақырым болатын мүлде жаңа жолдың құрылысы басталғанын атап өтіп, бұл бағытты халықаралық маңызы бар автожол деп атады.
"Бұл жол еліміздің өңірлері арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, Қытай мен Еуропаны жалғайтын "алтын көпір" қызметін атқарады. Жоба Қытай шекарасындағы өткізу бекеттерін Ақтау және Құрық порттарымен тікелей байланыстырады. Соның нәтижесінде Қытайдан Еуропаға дейінгі жүк тасымалдау бағыты 1 мың шақырымға қысқарып, жүкті жеткізу мерзімі 3 тәулікке дейін азаяды, – деді Президент.
Мемлекет басшысы халқымыздың таным-түсінігінде құдық қазу мен көпір салу сауапты іс саналатынына назар аударды.
"Осы тұрғыдан алғанда, біз игілігін өзіміз де, өзгелер де көретін, баршаға ортақ аса жауапты жұмысты бастап отырмыз. "Бейнеу – Сексеуіл" бағыты республикалық, аймақтық және құрлықтық деңгейдегі маңызды жол болары анық. Сондықтан бұл жолды "Арал – Каспий магистралі" деп атаған дұрыс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев үш стратегиялық автожолдың құрылысын бастап бергені туралы жаздық.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Арал Каспий магистралі: Қазақстандағы көлік инфрақұрылымы қарқынды дамуда
29 Қазан 2026 10:38
Қазақстан президенті: Каспий теңізінің Арал тағдырын қайталауына жол бермеуіміз қажет
16 Қазан 2026 16:46
Мемлекет басшысы жаңа Парламенттің атауын Құрылтай деп атауды ұсынды
20 Қаңтар 2026 13:37
Арал теңізінің табанына 53 млн астам сексеуіл көшеті отырғызылды
22 Қаңтар 2026 14:01
Каспий теңізіндегі жаңа арал видеоға түсірілді
26 Тамыз 2026 12:33
Көрілімдер:177
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Тамыз 2026 12:32 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















