Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Қазақстанда алғашқы Көлік ғылымдары мен технологиялары институты ашылды

Қазақстанда алғашқы Көлік ғылымдары мен технологиялары институты ашылды

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Алматы қаласында М.Тынышпаев атындағы ALT университетінің базасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының басқаруымен еліміздегі алғашқы Көлік ғылымдары мен технологиялары институтын (Institute of Transport Science and Technologies – ITST) құру туралы меморандумға қол қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Институт Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік, логистика және транзит салаларын дамытуға қатысты стратегиялық тапсырмаларын іске асыру аясында құрылып отыр. Президент өз Жолдауларында және жария сұхбаттарында көлік-логистикалық секторды дамыту Қазақстанның халықаралық экономикалық бәсекеге қабілеттілігін арттырудың және ұзақмерзімді орнықты өсудің негізгі факторларының бірі екенін бірнеше рет атап өткен.

Қазақстанның Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасуы елге халықаралық көлік-логистикалық хабқа айналу және қуатты транзиттік әлеует қалыптастыру үшін айрықша мүмкіндік береді. Бүгінде республика аумағы арқылы 11 халықаралық көлік дәлізі өтеді, оның ішінде 6 автожол және 5 теміржол бағыты бар. Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 157 мың шақырымды, теміржол желілері 15 мың шақырымды құрайды.

Көлік ғылымдары мен технологиялары институты көлік саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеулерді жүзеге асыратын мамандандырылған ғылыми орталық ретінде жұмыс істейтін болады. Институт қызметінің негізгі бағыттарына көлік жүйесін дамытуға арналған ғылыми-техникалық негіздемелерді әзірлеу, транзит пен логистиканың тиімділігін арттыру, көлік инфрақұрылымының беріктігі мен ұзақ мерзімділігін қамтамасыз ету, инновациялық материалдар мен технологияларды енгізу, сондай-ақ көлік нысандарын әртүрлі жол-климаттық жағдайларға бейімдеу кіреді.

Институттың маңызды ғылыми бағыттарының бірі – Қазақстан аумағының жол-климаттық аудандастырылуын нақтылау. Қазіргі таңда ел аумағы екі ғана жол-климаттық аймаққа бөлінген. Жоспарланған ғылыми-зерттеулер нәтижесінде өңірлік ерекшеліктерді ескеретін неғұрлым нақты жүйе қалыптастырылып, аймақтар саны алтыға дейін ұлғайтылмақ. Бұл жолдар мен көлік құрылыстарын жобалау, салу және пайдалану сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Іс-шара барысында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев Мемлекет басшысы айқындаған міндеттердің ғылыми тұрғыда қамтамасыз етілуінің маңыздылығына тоқталды.

«Мемлекет басшысы көлік пен логистиканы елдің стратегиялық басымдығы ретінде айқындады. Осы міндеттерді табысты іске асыру үшін саланы заманауи ғылыммен қамтамасыз ету қажет. Көлік ғылымдары мен технологиялары институты дәл осы мақсатқа қызмет етеді», – деді ҰҒА президенті.

Оның айтуынша, Ұлттық ғылым академиясында «Көлік» бағыты бойынша арнайы ғылыми секция құрылып, бұл бағыт алғаш рет ғылымның басым бағыттарының тізбесіне енгізілген. Нәтижесінде, көлік саласындағы ғылыми жобалар гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруға, сондай-ақ коммерцияландыру тетіктеріне қол жеткізді.

Сонымен қатар институт қызметінде жасанды интеллект, геоақпараттық жүйелер және болжамдық модельдеу технологияларын қолдану көзделіп отыр. Бұл шешімдер көлік ағындарын оңтайландыруға, интеллектуалды логистиканы дамытуға және Қазақстанның транзиттік-көлік инфрақұрылымының қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталмақ.

Көлік ғылымдары мен технологиялары институтының құрылуы Мемлекет басшысы қойған стратегиялық міндеттерді ғылыми тұрғыда қамтамасыз етуге, Қазақстанның көлік саласын ұзақмерзімді дамытуға және елдің Еуразиялық кеңістіктегі транзиттік әлеуетін нығайтуға берік ғылыми-технологиялық негіз қалайды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:237
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қаңтар 2026 13:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see124

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары