Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдау жүйесінде кемшіліктер анықталды

Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдау жүйесінде кемшіліктер анықталды

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қазақстанда кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын көрсету тиімділігіне жүргізілген аудит аяқталды. Тексерудің негізгі қорытындыларын Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов ҚР Мәжілісінің пленарлық отырысында жариялады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда бизнесті дамытуға басымдық беріліп отыр. Бұл ретте өңірлік мамандану мен атаулы қолдаудың маңызы зор. Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палатаның тексеруі мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігіне, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) қызметіне де қатысты жүргізілді. Бұл аталған құралдардың іскерлік белсенділіктің өсуіне қосқан нақты үлесін бағалауға мүмкіндік берді.

Әлихан Смайылов атап өткендей, бүгінде қолдау шаралары, механизмдер мен операторлар көп, ал қарапайым кәсіпкер үшін олардың барлығын түсіну қиын. Сонымен қатар өтінім беруден бастап көрсетілген қолдаудың тиімділігін бағалауға дейінгі барлық кезеңді қамтитын бірыңғай ақпараттық платформа әлі күнге дейін жоқ.

Аудиттің бағалауынша, Ұлттық экономика министрлігінің қолдау көлемі жөніндегі деректері кемінде екі есе төмен. Бағалау бойынша, салықтық жеңілдіктер мен преференцияларды есепке алмағанда, соңғы алты жыл ішінде мемлекет кәсіпкерлерге 4,5 трлн теңге көлемінде қолдау көрсеткен. Олардың 90%-ы шығыстарды және кредиттер бойынша мөлшерлемелерді субсидиялау, тауарлардың кепілдік берілген көлемін сатып алу, кредит беру және лизинг сияқты бес қолдау құралына тиесілі. 

2024 жылғы қыркүйекте Мемлекет басшысы мемлекеттік қолдау шараларын ревизиялауды тапсырды. Ұлттық экономика министрлігі Бірыңғай тізілім жасап, тиімділікті бағалау әдістемесін әзірледі. Алайда аудит тізілім сапасының жеткіліксіздігін көрсетті. Ол Кәсіпкерлік кодексінде көзделген қолдау шараларының барлығын толығымен қамтымайды. Тізілімде өзектілігін жоғалтқан шаралар да кездеседі.

Жалпы қолдау шаралардың әсерін бағалау әдіснамасында айқындық жоқ. Ұлттық экономика министрлігінің тәсілдері бір бөлек, салалық органдардың тәсілдері бір бөлек. Әлеуметтік және экономикалық әсер деген ұғымдар нақты емес. Оларды қалай есептеу керектігі, қандай кезең үшін есептелетіні және нәтижені нақты қолдау шарасымен қалай байланыстыру керектігі түсініксіз.

«Бизнес субъектісі мемлекеттік бюджеттен үнемі қаржыландырыла отырып, әртүрлі көздерден 19-ға дейін қолдау шарасын алған жағдай кездеседі. Сондықтан көрсетілетін шаралар инерциямен жалғасып келеді. Тиімділікті бағалауда сандық көрсеткіштерге баса назар аударылады. Жұмыс орындарының санымен, төленген салықтармен ғана шектеледі. Өндіріс көлемінің өсуі, қосылған құны, бизнестің қаржылай тұрақтылығы сияқты экономика үшін нақты әсер бақыланбайды», — деп атап өтті Жоғары аудиторлық палата төрағасы. 

Аудиттің бағалауынша, «БАҚЫЛАУДА» ақпараттық сервисінің мемлекеттік қолдау шаралары үшін цифрлық платформа болу перспективасы екіталай. Мәртебесі заңмен бекітілмеген. Кейбір операторлар мен мемлекеттік органдар жүйеге деректерді енгізбейді. Ондағы деректердің анықтығы мен сапасы үшін ешкім жауап бермейді.

Бір-бірімен үйлеспейтін мемлекеттік қолдау жүйесі салдарынан қарыздарды субсидиялау, экспорттық қаржыландыру, консультация беру, шығындардың бір бөлігін өтеу операторлары сияқты көптеген оператор пайда болған. Әр оператор өз қызметінің құнын өз қалауынша айқындайды. Іс жүзіндегі еңбек шығындарын есепке алмайды. Ал олардың қызметінің сапасына бағалау жүргізілмейді.

Сонымен қатар ведомствоаралық үйлестірудің төмендігінен операторлар өз ережелерін орнатқан. Кейбір операторлар өтінімді мақұлдау кезінде кәсіпкерлерден заңнамада көзделмеген құжаттарды талап еткен. Бұл – мемлекеттік қолдауға тең әрі ашық қолжетімділік қағидаттарын бұзу.

Жоғары аудиторлық палата төрағасы бірнеше мысал келтірді.

Мысалы, «Атамекен» ҰКП «Мен – кәсіпкер» жобасы бойынша жекелеген субъектілерге консультация берумен ғана шектелсе, ал кейбіреулерге қосымша көрмелер өткізіп, бизнес-жоспар әзірлеп береді.

«Атамекен» ҰКП «Іскерлік байланыстар» жобасына іріктеуге талаптарға сәйкес келмейтін тұлғалар да жіберілген.

«Көпшілік үшін шектеу бола тұра, кредиттік рейтингі төмен бірқатар компанияға мемлекеттік қолдау көрсетілген. Жеңілдетілген қаржыландыру шарттарына сәйкес келмейтін жобалар да жиі қолдау алып отырған. Мұның барлығы жалпы кәсіпкерлер үшін қолдау шараларының қолжетімділігін қиындатады», — деді Әлихан Смайылов.

Қолдау көлемі бойынша да бірқатар сұрақ бар. Аудиттің бағалауынша, жекелеген жобалар бойынша қаржыландыру көлемі асыра көрсетілген. Шығыстар жеңілдікпен берілетін кредиттің мақұлданған сомасына сәйкес келтірілген. Негізінен талап етілетін жобалық құжаттама бар, кредиттер өтелуде, алайда артық қаражат басқа жобаларға бағытталуы мүмкін еді.

Құнын дұрыс есептемеу салдарынан тек бір жоба бойынша 20 млрд теңге игерілмеген. Мемлекеттік қолдау көрсетілген кезеңде меншік иелеріне дивидендтер төленген жағдайлар анықталды. Бұған шектеу жоқ. Алайда қолдау сомасынан асатын мөлшерде дивидендтердің төленуі сұрақ туындатады. Сондай-ақ жобаларды қаржыландыру кезінде қаражатты түпкілікті алушыларға дейін жеткізудің ұзақ уақытқа созылу фактілері орын алған.

«Мемлекеттік қолдау шараларын алушылар үшін қарсы міндеттемелер белгіленуі тиіс. Олар орындалмаған жағдайда қаражат қайтарылуы қажет. Алайда мұндай міндеттемелер барлық жерде көзделмеген. Нәтижесінде, мысалы, Павлодарда іс жүзінде жоқ зауытқа 2,4 млрд теңгеге инженерлік желілер тартылған», – деп атап көрсетті Жоғары аудиторлық палата төрағасы. 

Жекелеген жағдайларда жеңіл қарсы міндеттемелер белгіленген.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) бойынша. Олар өңірлік даму институттары ретінде құрылды. Алайда жүйелі үйлестіру мен стратегиялық басқарудың болмауынан іс жүзінде ӘКК-лер басқа функциялармен айналысуда. 

Әлихан Смайылов корпорацияларда нақты мақсат, қызметтің бірыңғай бағдарлары және дамудың түсінікті моделі айқындалмағанын атап өтті. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қаржы ұйымдары болмаса да кәсіпкерлерге жеңілдікпен несие береді. Бұл қызмет жарғыда және заңда бекітілмеген, іс жүзінде олар бақылаудан тыс қалған.

«Бұндай тәсіл бәсекелестік ортаны шектеп қана қоймай, тұрақты экономикалық байланыстарды қалыптастырмайды. Мемлекеттік активтердің берілуіне және тұрақты қаржылық қолдауға қарамастан, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың көпшілігі қызметін шығынмен жүзеге асыруда», — деді Әлихан Смайылов. 

Қорытындылай келе, ол қаржылық қолдау шараларын алған жобалардың 64%-ында төленген салықтардың өсімі қамтамасыз етілгенін, бірақ барлығы мемлекеттік қолдау есебінен деп айтуға болмайтынын атап өтті. Мәлімделген өндіріс іске қосылмай, жабдық әлі де қаптамада болса да, төленген салық көлемі артқан жобалар бар. Қаржылық емес шаралардың әсерін ешкім есептемейді және бақыламайды. Ал олардың құны мемлекет үшін бәсекелес нарықта кеңінен ұсынылған ұқсас қызметтерден бірнеше есе қымбатқа түседі.

«Мемлекеттік қолдаудың 1 теңгесіне төленген салықтардың көлемі негізінен 1 теңгеден кем келеді», — деп түйіндеді Әлихан Смайылов. 

Жалпы 133 млрд теңге бюджет қаражатының тиімсіз жоспарланылғаны және пайдаланылғаны;

132 млрд теңгеге қаржылық есептің бұрмаланғаны;13 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.14 материал құқық қорғау органдарына жіберіледі. Әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 105 материал жолданды. 

Әрбір анықталған кемшілік бойынша нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берілді. Олардың орындалуы Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болады.

Бүгін, 12:17

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:207
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Желтоқсан 2025 12:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see166

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see149

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see149

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see147

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see147

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see146

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see145

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see144

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see144

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see143

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see143

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see143

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see143

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see141

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see141

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see140

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see140

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see140

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see139

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see139
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары