Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Қазақстанда Таза бейсенбі акциясы тұрақты түрде өтіп, қаладан ауылға дейін қамтылып отыр

Қазақстанда Таза бейсенбі акциясы тұрақты түрде өтіп, қаладан ауылға дейін қамтылып отыр

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

«AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы ел аумағында лайықты жалғасын тауып келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Игі іс-шара аясында қоршаған ортаның тазалығына баса мән беріліп, азаматтардың бойында экологиялық мәдениет қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыс атқарылуда.

Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласында «Таза бейсенбі» акциясына қатысушылар аудан орталығында тұратын зейнеткерге көмек көрсетіп, ауласын қардан тазартты. Ауладағы және үйдің кіреберісіндегі қалың қарды өз бетінше тазалау қария үшін қиынға соққан еді. Осыған байланысты, «AMANAT» партиясының белсенділері қол ұшын созып, тұрғын үй маңындағы аумақты ретке келтірді.

«Таза бейсенбі» акциясы – бұл тек көше тазалығы ғана емес, адамдарға деген қамқорлық. Қыс мезгілінде ауа райы қосымша қиындықтар туғызады. Сондықтан қарт адамдарға әркез қолдау көрсетіп тұру қажет», – деді «AMANAT» партиясы Мамлют аудандық филиалының атқарушы хатшысы Алтын Сағитова.

Аталған акция өңірдегі өзге елді мекендерде де тұрақты түрде өткізіліп келеді. Партияластар аймақтың санитарлық жағдайын жақсарту, сондай-ақ қар тазалау жұмыстарына күш салуда.

Ал  Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданына қарасты Тасқала ауылында осы дәстүрлі акция аясында «Азалы ана» ескерткіші маңында тазалық жұмысы жүргізілді. Игі бастамаға «Тасқала» және «Білім» бастауыш партия ұйымының мүшелері, ауылдағы түрлі мекеме қызметкерлері, мектеп ұжымы, аудандық бөлім қызметкерлері жұмылды.

«Қар тазалау жұмысы аудан орталығында, ауылдық жерлерде үнемі жүргізіледі. Қыс мезгілінде «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында жалғызбасты қариялардың аулаларын тазалау жұмысына жұмыламыз. Бүгін тазалық жұмысына бір кісідей атсалысқан ауыл тұрғындарына ризашылығымызды білдіреміз», – деді  «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының төрағасы Люция Жұбанышқалиева.

Осы орайда, Алматы қаласы Түрксіб ауданында «AMANAT» партиясының өкілдері, сондай-ақ Алматы телекоммуникациялар және машина жасау колледжінің студенттері зейнеткердің үйіне іргелес аумақты тазалады. Осылайша олар қоршаған ортаның тазалығына үлес қосып қана қоймай, аға буынға қамқорлық танытты. Акцияға қатысушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар азаматтар арасында жауапкершілік пен жанашырлық сынды асыл қасиеттерді дәріптеуге мүмкіндік береді.

«Таза бейсенбі» акциясы аясында экологиялық мәдениет қалыптастырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді көздейміз. Осындай бастамалар арқылы қоғамдағы өзара қолдау мен береке-бірлікті нығайтамыз», – деді Түрксіб аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалия Байгутдинова.

Бұл ретте, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын Шымкент қаласы Еңбекші ауданында өткізді. Оған партияның қалалық және аудандық филиалдарының қызметкерлері, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері, коммуналдық сала мамандары және қала тұрғындары атсалысты. Іс-шараға жалпы 80-ге жуық азамат қатысты. Олар көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын тұрмыстық қалдықтардан тазалап, аумақтың санитарлық жағдайын жақсартуға үлес қосты. Нәтижесінде тұрғындар үшін жайлы әрі таза орта қалыптасты.

Іс-шара барысында «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызына тоқталды. Оның айтуынша, «Таза бейсенбі» – қоғамдық санаға әсер ететін маңызды бастама.

«Бұл акцияны бір реттік тазалық іс-шарасы ретінде ғана қарастыруға болмайды. Мұндай іс-шаралар арқылы біз жастарға туған жерге сүйіспеншілік танытуды, табиғатқа жауапкершілікпен қарауды үйретеміз. Таза қала – саналы қоғамның айнасы», – деді Ербол Байқонысов.

Қарағанды облысында «Таза бейсенбі» акция асында «AMANAT» партиясы Саран қалалық филиалы Саран техникалық колледжіндегі партияластармен, «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдерімен бірге осы оқу орнының аумағын тазалады. Акцияға шамамен 150 адам атсалысты. Осылайша, қар тазаланып, футбол алаңы, кіреберіс жолдар мен оған іргелес аумақтар ретке келтірілді.

«Осындай экологиялық бастамаларға қатысу – азаматтық жауапкершіліктің ажырамас бөлігі. Тазалық жұмысы қоршаған ортаға және туған жерге ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді», – деді «Парасат» бастауыш партия ұйымының төрағасы Айдана Битуова.

Абай облысында «AMANAT» партиясы Курчатов қалалық филиалы «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын ұйымдастырып, оған қалалық мәслихат депутаттары, партия белсенділері және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Олар Абай скверінің аумағында қар тазалап, 1700 шаршы метр аумақты ретке келтірді.

«Кейде коммуналдық қызметтер барлық ауланы бір мезгілде тазалап үлгермейді. Осындай сәттерде партия мүшелері бейжай қалмай, қолдау көрсетеді. Осылайша, қоғамдағы бірлік пен ынтымақ та нығая түседі. Сондай-ақ «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында қариялардың үйіне барып, көмек көрсетіледі. Бұл – үлкенге деген құрметтің, өзара жанашырлық пен жауапкершіліктің айқын көрінісі», – деді мәслихат депутаты Анар Кеңес.

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында «Емхана» бастауыш партия ұйымының мүшелері «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында қалалық орталық аурухана айналасын сыпырды. Сондай-ақ олар келушілерге қолайсыздық туғызған кіре берістегі, жолдағы мұздарды ойып, құм-топырақ төседі.

«Аурухана ұжымы дәстүрлі «Таза бейсенбі» акциясын жиі ұйымдастырып тұрады. Бүгін ауруханаға келушілер мұзға тайып, құлап қала жаздағанын көрдік. Бірден құм-топырақ алдыртып, осы қолайсыздықтардың алдын алып жатырмыз», – деді аурухана директоры, қалалық мәслихат депутаты Шолпан Мұхамедгалиева.

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Зайсан технология колледжіндегі студенттер арасында өткізілген іс-шараға «AMANAT» партиясы Зайсан аудандық филиалының төрағасы Болатбек Балғабаев және осы филиалға қарасты партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Райса Шотаева қатысып, жастарға экологиялық мәдениеттің мәні мен маңызын түсіндірді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:240
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Желтоқсан 2025 20:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары