Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

Астаналықтар балалар алаңындағы әскери суреттерге наразы болды: әкімдік жауап берді

Әлемнің 900 ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

Тәуелсіздікке бастар жол

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

Қысқы дөңгелектерге көшу уақыты келді: Қазақстанда полиция тексерулер бастады

Тоқаев әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып туған нәрестенің өмірі үшін 70 күн күресті

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы қылмыс 7% ға төмендеді

Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы қылмыс 7% ға төмендеді

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа қатысушылар жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың, буллингтің, суицидтің және нашақорлықтың алдын алу, сондай-ақ балаларды қорғау жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Отырысқа Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, Құрылтай Төрағасының орынбасары Динара Закиева, Президенттің көмекшісі Елдар Толғанбаев, Үйлестіру кеңесінің мүшелері, Құрылтай депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс арқылы облыс прокурорлары мен әкімдері қатысты.

Баяндамалармен Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау қызметінің бастығы Дәулет Ақылбеков, Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха және Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов сөз сөйледі.

Соңғы үш жылда кәмелетке толмаған 7 мыңға жуық жасөспірім қылмыс жасаған. Олардың әрбір екіншісі ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады. 2,5 мыңға жуық жасөспірім сотталған, тағы 3 мыңы полицияның профилактикалық есебінде тұр. Тек биылдың өзінде буллинг фактілері бойынша 2 мыңнан астам өтініш түскен.

Балаларды қорғаудың практикалық тетіктерін талқылауды жалғастыра отырып, Динара Закиева қайталанған анықтау жағдайларын қоса есептегенде, 800 мыңнан астам баланың көмекке мұқтаж екенін атап өтті. Оларды жеке сүйемелдеу мақсатында отырысқа қатысушыларға «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп әзірленген BALAZHAN бірыңғай мемлекеттік платформасы таныстырылды. Платформа орталық деңгейде және өңірлерде анықталған әрбір баланың жағдайын, проблемалардың туындау себептерін және көрсетіліп жатқан қолдау шараларын бақылауға мүмкіндік береді.

Отырыс барысында кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлықтың алдын алу, сондай-ақ цифрлық құралдар арқылы тәуекел тобындағы балаларды ерте анықтау мәселелері де қаралды.

Қауіп-қатерлерді ерте анықтау мақсатында Бас прокуратура AiMap  IT жүйесін сынақтан өткізді. Жүйе есірткі сататын интернет-ресурстарға тұрақты түрде кіретін оқушылардың аккаунттарын анықтауға мүмкіндік береді.

Цифрлық шешімдермен қатар, практикалық жобалар да жүзеге асырылуда.

Бас прокуратураның «Саналы ұрпақ» жобасы аясында 10 айда 19 мың рейд жүргізіліп, 4 мың жасөспірім профилактикалық есепке қойылған. Түнгі уақытта ойын-сауық орындарында 2 400 бала анықталған. 304 кафенің алкоголь өнімдерін сату лицензиялары кері қайтарылған. Нәтижесінде, жасөспірімдер арасындағы қылмыс деңгейі 7%-ға төмендеген.

Жамбыл облысының прокуратурасы бастамасымен 190 мектепте құқықтық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары лауазымы енгізілді. Нәтижесінде, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар 24,7%-ға, кәмелетке толмағандардың өздері жасаған қылмыстар 3,4%-ға, ал жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар 54,5%-ға төмендеген. Осы тәжірибені республика көлемінде кеңейту ұсынылды.

Отырыс қорытындысы бойынша, ведомствоаралық профилактиканы күшейтуге бағытталған міндеттер айқындалды. Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне буллингті, суицидтік тәуекелдерді және өзге де қауіп-қатерлерді ерте анықтау бойынша үйлестіруші рөлді бекіту, профилактикалық жұмыстың көрсеткіштерін әкімдердің қызметін бағалау жүйесіне енгізу, сондай-ақ 111 байланыс орталығы арқылы кәмелетке толмағандарға құқықтық көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейту ұсынылды.

Бас прокурор «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» тұжырымдамаларын ілгерілету аясында әлеуметтік желілерде балаларға арналған пайдалы білім беру контентін әзірлеу мен таратудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар уәкілетті мемлекеттік органдардың балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі жауапкершілігін арттыру қажеттігіне назар аударды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:96
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2026 22:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

22 Қазан 2026 06:33see150

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

21 Қазан 2026 20:04see139

Астаналықтар балалар алаңындағы әскери суреттерге наразы болды: әкімдік жауап берді

21 Қазан 2026 19:20see138

Әлемнің 900 ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

21 Қазан 2026 20:15see137

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

22 Қазан 2026 04:10see135

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

22 Қазан 2026 22:28see129

Тәуелсіздікке бастар жол

22 Қазан 2026 04:49see128

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

22 Қазан 2026 23:05see124

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

22 Қазан 2026 04:24see124

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

22 Қазан 2026 05:02see122

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see119

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see116

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

22 Қазан 2026 23:05see116

Қысқы дөңгелектерге көшу уақыты келді: Қазақстанда полиция тексерулер бастады

22 Қазан 2026 23:06see116

Тоқаев әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

21 Қазан 2026 22:46see116

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see116

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see115

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып туған нәрестенің өмірі үшін 70 күн күресті

22 Қазан 2026 22:18see115

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see114

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары