Сайранда понтонды көпірлер тағы да жоғалып кетті: Алматы әкімдігі не болып жатқанын түсіндірді
Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Алматы тұрғындары Сайран көліндегі понтон көпірлер тағы жоғалып кеткенін байқады. Tengrinews.kz жағдайдың мән-жайын анықтады.
Не болды?
Әлеуметтік желіде алматылықтар Сайрандағы понтон көпірлердің жоқтығына назар аударды. Жарияланған кадрлардан су қоймасын көруге болады, алайда оның жағалауларын жалғап тұрған үйреншікті өткелдер бұрынғы орнында жоқ.
Фото: ©️ Tengrinews.kz
Сайрандағы көпірлер бірінші рет жоғалған жоқ. Былтыр күзде тұрғындар конструкциялардың жоқтығын байқап, оларға не болғанын талқылаған.
Сол кезде әкімдік қысқа қарай суды ағызу алдында көпірлер уақытша бөлшектелетінін түсіндірді.
2026 жылы Сайранның суы қашан ағызылады?Алматының экология және қоршаған орта басқармасы Сайрандағы су деңгейін төмендету жұмыстары басталып кеткенін хабарлады.
"Бұл – қысқа дайындық аясындағы жоспарлы маусымдық шара. Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін су деңгейі төмендетіледі. Алдағы 2-3 күнде су қоймасы толығымен босайды", – деп хабарлады басқарма.
Сайранда тағы не болды?Сайран су қоймасын абаттандыру 2025 жылы Алматы билігінің ең көп талқыланған жобаларының біріне айналды. Мердігер – "Павлодар өзен порты" АҚ жұмысты 2025 жылдың мамырына қарай аяқтайды деп жоспарланған, алайда жұмыс жаздың аяғына дейін созылып кетті.
Тамызда әкімдік жұмыс кешіктіріліп әрі сапасыз орындалуына байланысты бас мердігер – "Павлодар өзен порты" АҚ үстінен сотқа шағым түсірді. Бірінші сатыдағы сот компанияны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танып, шамамен 23,2 миллион теңге көлемінде өсімпұл өндіріп алды.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда/мұрағат
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда/мұрағат
Алайда 2025 жылғы 29 желтоқсанда апелляциялық саты компанияны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы шешімнің күшін жойды. Бұл ретте өсімпұлды өндіріп алу туралы шешім күшінде қалды.
Нысан ресми түрде 2025 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілді.
2026 жылдың наурызында Tengrinews.kz жаңа маусым алдындағы Сайранның жағдайы туралы баяндаған болатын. Ол кезде понтон көпірлер секциялары су қоймасының батыс жағалауында жатқан.
Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы қалқымалы конструкцияларды қолдану шешімін түсіндірген. Ведомствоның мәліметінше, Сайранның түбі – ондаған жылдар бойы құм мен тұнба басқан бұрынғы карьер. Мұндай топырақ стационарлық көпірлердің күрделі тіректерін орнатуға жарамайды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:85
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2026 18:39 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















