Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Алматыда құстар қайда жоғалып жатыр: ғалымдар қалада не болып жатқанын айтты

Алматыда құстар қайда жоғалып жатыр: ғалымдар қалада не болып жатқанын айтты

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алматы тұрғындары қаладағы үйреншікті құстар мен жәндіктердың азайып бара жатқанына назар аударды: тұрғындар торғайды, сарышымшықты, түркептерді, ара мен көбелекті сирек кездестіретін болған. Tengrinews.kz қала экожүйесі расында өзгерді ме, оған не әсер етеді және ғалымдар бұл мәселе бойынша қандай да бір шара қолдануды жоспарлап отыр ма деген сұрақтарға жауап алу үшін Зоология институтына жүгінді.

Не болды?

Әлеуметтік желілерде қала табиғатындағы өзгерістерді байқаған алматылықтардың жазбалары пайда болды. Тұрғындардың айтуынша, аулалар мен көшелерде торғай, сарышымшық, түркептер мен сауысқан азайып кеткен. Сондай-ақ кейбіреулер ара, көбелек және басқа да тозаңдатқыш жәндіктердің сирегенін айтады. Сонымен қатар қала тұрғындары майналар көбейіп бара жатқанын байқаған.

Анықтама: Кәдімгі майна (Acridotheres tristis) - қараторғай тұқымдасына жататын құс. Оның екі түрі бар. Әлемнің кейбір аймақтарында кәдімгі майна инвазивті түр болып саналады. Жоғары бейімделгіштігінің арқасында ол жаңа аумақтарды тез игеріп, жергілікті құстармен қорек пен ұя салатын орындар үшін бәсекелесе алады.

Құстар расында азайып жатыр ма?

Зоология институты Алматының орнитофаунасы өзгеріп жатқанын растады. Олардың мәліметінше, көпжылдық зерттеулер бірқатар қала құсының құрамы мен кездесу жиілігінде айтарлықтай өзгеріс бар екенін көрсетіп отыр.

"Атап айтқанда, Алматы бойынша ғылыми еңбектерде кәдімгі қараторғайдың қалада тұрақты ұя салуын тоқтатқаны талқыланды. Ықтимал факторлардың бірі ретінде майнамен бәсекелестік қаралды, алайда ортаның ластануы, ауылдық типтегі аумақтардың жойылуы, олардың құрылысқа айналуы және қоректену жағдайының нашарлауы да көрсетілді", – деп хабарлады мамандар.

Бұл ретте мамандар торғай, сарышымшық, түркептер немесе сауысқандар санының қаншалықты қысқарғанын нақты айта алмайды. Алматыда 2023-2026 жылдар аралығында салыстыруға болатын жалпықалалық есеп жүргізілмеген.

"Үрдіс түрлер мен қала аудандарына қарай әртүрлі. Сондықтан бірыңғай әдістеме бойынша жүйелі есеп жүргізбейінше, торғайлар, сарышымшықтар, түркептер, сауысқандар және басқа да түрлердің кемуінің нақты пайызын атауды орынсыз деп санаймыз", – деп түсіндірді ғалымдар.

Құстарға не әсер етеді?

Институт өкілдері бұл құбылыстың бір ғана себебі жоқ екенін айтады. Құстар мен жәндіктерге қалалық ортадағы көптеген өзгеріс бір мезгілде әсер етіп жатыр.

Негізгі факторлар ретінде ғалымдар мыналарды атайды:

жасыл желектер алқабының және құрылымдық алуан түрлілігінің азаюы, кәрі және қуысы бар ағаштарды кесу, тығыз құрылыс салу, қорек базасының өзгеруі, жасыл желектерді химиялық өңдеу, климаттың өзгеруі, жарық ластануы және қаланың тұрақты шуы.

Мамандар құстар үшін мекен ету ортасының сапасы: кәрі ағаштар, қуыстар, бұталар, қорекке қолжетімділік және бір-бірімен байланысқан жасыл аймақтардың болуы өте маңызды екенін атап өтті.

"Алматыда арнайы зерттеу жүргізбейінше, құстар мен жәндіктердің азаюына осы факторлардың әрқайсысының қаншалықты үлес қосқанын нақтылау мүмкін емес. Сондықтан, мысалы, нақты бір химиялық өңдеу қаладағы құстардың немесе тозаңдатқыштардың азаюына себеп болғаны дәлелденді деп мәлімдеу қате болар еді", – деп түсіндірді мамандар.

Жағдайға майналар қалай әсер етеді?

Алматы тұрғындары үйреншікті құстардың азаюын, соның ішінде майналар санының өсуімен байланыстырады. Ғалымдар мұны растап отыр: майналар басқа құстармен ұя салатын орындар үшін бәсекелесуі мүмкін. Олар ағаш қуыстарын, ғимараттардағы қуыстар мен басқа да қолайлы жерлерді иемденіп алады.

"Алматыда 1994-1997 жылдары майна мен кәдімгі қараторғай арасында ұя салатын орындар үшін айқын қақтығыстар тіркелген", – деп хабарлады институттағылар.

Шетелдік зерттеулер де майналардың басқа құстарды ұяларынан қуып шығып, жұмыртқаларын жойып жіберетінін растайды. Алайда мұндай жағдайлардың нақты Алматыда қаншалықты жиі болатыны белгісіз.

Майна – Алматы үшін жат түр ме?

Зоология институты майнаны сәтті жерсінген синантропты келімсек түр деп атайды. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл түр бастапқыда жергілікті фаунаға жатпаса да, адамдар арасында өмір сүруге жақсы бейімделіп кеткен.

Бұл ретте майна Алматы үшін көпшілік ойлағандай мүлдем жаңа құс емес. Ол қалада 1962 жылдан бері ұя салып келеді, ал олардың санының ең байқалатын өсуін ғалымдар сонау 1990-жылдары бақылаған.

Анықтама: Мысалы, 2002–2003 жылдардың қысында Республика сарайының шатыры астындағы бір ұжымдық түнеу орнында 794-тен 943-ке дейін майна саналған. 2003 жылдың мамырында ол жерде 1325 құс, ал қыркүйекте 1086 құс тіркелген.

Институт бұл сандардың тек бір орынға ғана қатысты екенін және бүкіл Алматыдағы майналардың жалпы санын көрсетпейтінін атап өтті.

Майналар адамдар мен жануарларға қауіпті ме?

Мамандар басқа құстар сияқты майналар да паразиттерді, бактериялар мен вирустарды тасымалдауы мүмкін екенін ескертеді.

Алайда, құстан қоздырғыштың табылуы оның адамға, үй жануарларына немесе басқа құстарға міндетті түрде жұғатынын білдірмейді.

"Алматы үшін майра құстарының популяциясына қатысты эпизоотологиялық немесе санитарлық қауіп-қатерлерді сандық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік беретін арнайы репрезентативті зерттеу әзірге жүргізілген жоқ", – деп атап өтті ғалымдар.

Сондықтан Алматыдағы майналардан нақты қауіп бар деп айтуға әлі негіз жоқ.

Алматыда экологиялық тепе-теңдік бұзылды ма?

Ғалымдар "экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы" деген тұжырымға абайлап қарайды. Олардың айтуынша, қала экожүйесін бұзылған деп тануға негіз болатын нақты бір сан немесе көрсеткіш жоқ.

"Алматының орнитофаунасы урбанизация, жасыл желектердің өзгеруі, климат және басқа да антропогендік факторлардың әсерінен айтарлықтай трансформацияға ұшырап жатыр. Мұны тек экожүйенің табиғи бейімделуі деп қарастыруға болмайды, өйткені факторлардың басым бөлігі антропогендік сипатқа ие", – деп хабарлады мамандар.

Сондықтан институт мамандары қала экожүйесінің жалғасып жатқан трансформациясы мен жануарлар қауымдастығы құрамының өзгеруі туралы айтқан дұрысырақ деп санайды.

Ғалымдар не ұсынады?

Зоология институты Алматының қалалық орнитофаунасын зерттеудің үш жылдық бағдарламасын іске қосуды ұсынады. Ғалымдар құстарды жүйелі түрде санап, ұяларын бақылап, олардың шоғырланған және ұя салатын жерлерін картаға түсіруді көздеп отыр.

Мұндай деректер болмағандықтан, мамандар майналарды жаппай жоюды немесе олардың ұяларын бұзуды негізсіз деп санайды.

"Бірінші кезектегі міндет - майна санын механикалық түрде азайту емес, оның саны, таралуы және қала экожүйесінің басқа компоненттеріне нақты әсері туралы шынайы мәліметтер алу. Сондай-ақ селективті және өлтірмейтін шараларға басымдық берілуі керек: кәрі және қуысты ағаштарды сақтау, жасыл желектер құрылымын жақсарту, қолжетімді тамақ қалдықтарын шектеу және жекелеген жергілікті түрлерді қолдау үшін арнайы ұя конструкцияларын қолдану қажет", – деп атап өтті институттағылар.

Бұған дейін Tengri Life алматылықтардың торғайлар жоғалып, майналар көбейіп кеткеніне шағымданғаны туралы жазған болатын. Ол кезде орнитолог басқа құстардың азаюын тек майналармен байланыстыру дұрыс емес екенін түсіндірген: қала фаунасына құрылыс жұмыстары, жасыл аймақтардың азаюы және тіршілік ету ортасының өзгеруі де әсер етеді.

Тағы оқыңыз: Алматыда торғайлар расымен азайып кетті ме? Орнитолог жауап берді

Алматы маңында сирек кездесетін құс байқалды

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:96
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Тамыз 2026 11:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see142

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see138

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see137

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see135

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see133

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see133

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see131

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see127

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see126

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see125

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see125

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see123

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see123

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see123

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see120

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see119

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see118

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары