Қазақстан экономикасы алдағы үш жылда 5% дан жоғары өседі үкімет болжамы
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары-ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2027 – 2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Болжамның базалық сценарий бойынша алдағы үш жылда жалпы ішкі өнім орташа есеппен 5 проценттен жоғары болады.
"2027 жылы – 5,3, 2028 жылы – 5,5, ал 2029 жылы – 5,4 процент. Номиналды жалпы ішкі өнім 2027 жылы 199,3 трлн теңгеден 2029 жылы 245 трлн теңгеге дейін өседі", - деді Жұманғарин үкіметтің бүгінгі отырысында.
Вице-премьердің айтуынша, ел экономикасы мұнайдан тыс салаларда өндірістің ұлғаюы есебінен өседі.
Ал ауыл шаруашылығы негізгі драйверлердің бірі болады. Оның жыл сайынғы орташа өсуі кемінде 5% құрайды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:105
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Тамыз 2026 10:27 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















