Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады
Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Ақордада өткен кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA басшысы сапарының екіжақты ынтымақтастықты нығайтудағы маңызын атап өтіп, оның отандық жасанды интеллект экожүйесін дамытуға қосқан үлесіне ризашылық білдірді.
"NVIDIA компаниясымен ықпалдастыққа соны серпін беру тұрғысынан сапарыңыздың мәні зор. Серіктестігімізді нығайту жолындағы және Қазақстанның игілігі үшін атқарып жатқан еңбегіңізге алғыс айтқым келеді", – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуды ұлттық басымдық ретінде атады, сондай-ақ биыл елімізде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы жарияланғанын еске салды.
Мемлекет басшысы NVIDIA мен Higgsfield компаниялары арасындағы әріптестікті қуаттайды. Оның айтуынша, халқымыз аталған компанияның отандық технологиялық жобаларға атсалысқанын құп көреді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Тоқаев NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
23 Қазан 2026 18:22
Тоқаев Әлназарованы қабылдады
10 Наурыз 2026 17:38
Тоқаев АҚШ елшісін қабылдады
13 Ақпан 2026 18:26
Тоқаев қорғаныс министрін қабылдады
13 Қаңтар 2026 16:38
Тоқаев “Қазатомөнеркәсіп“ басшысын қабылдады
18 Наурыз 2026 16:30
Көрілімдер:72
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2026 18:32 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















