Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Нилуфар Раимова әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады

Атыраудағы жарылыс: тұрғын үйдің терезелері сынып, көліктер бүлінді

Шексіз жақсы көремін : Алтынай Жорабаева туған күнінде әсерлі жазба жариялады

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді

Еңбекпен қамту ел игілігі үшін

Ливандық суретші Израиль зымырандарының сынықтарын арт объектіге айналдырады фото

Банк қызметкерлері көмектескен: Nomadgames пен Sultangames тің схемасы әшкереленді

Сарбасов ісі қайта қаралады: 12 жылдық жаза үкімі жойылды

Армат Абылғалиев Ғазиз Байтасов медалімен марапатталды

Астана қабылдамаған, Барселона таңдаған: Кәрім Меңдіхановтың футболдағы жолы

Шетелдік жолаушылардың шағымынан кейін такси жүргізушісі жазаланды

Жаңа Конституция және құқықтық реформалар: елімізде қандай өзгерістер жүзеге асырылып жатыр?

Демалысқа қауіп төніп тұр ма? Пхукетте қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

Магистратура мен докторантураға түсу емтихандарына өтініш қабылдау басталды

Air Astana алғаш рет борттық Wi Fi қосты: Алматы Ташкент бағыты

Алатау тұрғыны 46 жыл бойы жеке куәліксіз жүрген

Жансейт Қайнарбаевтың ұсталғаны расталды: ҰҚК тергеу бастады

Қазақстанда азаматтардың өтініштерін қарау ережелері өзгереді

Анасы емдеу сапасын тексеруді сұрады : Жаңаөзенде бір ай комада жатқан бала көз жұмды

Тауар айналымын 15 миллиард долларға жеткізуге ниеттіміз Ердоған

Қазақстандағы газдандыру процесі: 7 жылдағы өзгеріс және шешімін күткен мәселелер

Қазақстандағы газдандыру процесі: 7 жылдағы өзгеріс және шешімін күткен мәселелер

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстанда соңғы жеті жылда энергетикалық инфрақұрылымды дамыту және халықтың табиғи газға қолжетімділігін арттыру бағытында бірқатар жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде, көгілдір отынға қол жеткізе алмай отырған біраз елді мекендерге газ құбырлары тартылып, газдандыру жұмысы жүргізілді. Ресми мәліметтерге сәйкес, 2026 жылдың басында ел халқының 64,2%-ы табиғи газбен қамтылған. Ел дамуының жеті жылдық қорытындысында келтірілген бұл дерек – ауыл инфрақұрылымын жаңарту бағытындағы маңызды нәтиже.

 Қазақстанда газдандыру деңгейі 64,2%-ға жетті

 Биыл маусымда Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев «Қазақстанды газдандыру» тақырыбында баяндама жасағанда елдегі көгілдір отынға көшуі 2035 жылға дейінгі бекітілген газдандырудың Бас схемасы аясында жүзеге асып жатқанын жеткізген болатын.

«2026 жылғы 1 қаңтарда газдандыру деңгейі 64,2%-ға жетті немесе 20,5 млн адамның 13,1 млн адамы табиғи газға қол жеткізді. Республиканың барлық батыс өңірлерінде, Жамбыл облысында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында газдандыру деңгейі 90%-дан асады. Алматы, Қызылорда, Түркістан, Қостанай облыстары және Жетісу облысында газдандыру деңгейі 60%-дан 90%-ға дейінгі аралыққа жетті. Қарағанды, Ақмола және Ұлытау облыстарында газдандыру 60%-дан төмен деңгейді көрсетеді. Биыл республикалық бюджеттен газ тасымалдау жүйесін дамытуға бөлінген 27,3 млрд теңгені ескере отырып, газдандыру деңгейін 64,3%-ға дейін жеткізу немесе 32 мың адам табиғи газға қол жеткізу жоспарланып отыр», – деді вице министр.

Қатар мемлекетімен жасалған Үкіметаралық келісім шеңберінде қатарлық инвестормен бірлесіп, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісінің бірінші кезеңі жүргізіліп жатыр. Осы жылдың соңына дейін қуаттылығы жылына 10 млрд текше метрге дейінгі ұзындығы 1 450 шақырым газ құбырының желілік бөлігінің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. 2027-2029 жылдарға жоспарланған екінші кезең шеңберінде газ құбырының өткізу қабілетін жылына 15 млрд текше метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін компрессорлық стансалар салу жоспарлануда.

Вице-министрдің айтуынша, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» МГҚ екінші желісі жобасы жоспарланған энергетикалық жобаларды қажетті көлемдегі тауарлық газбен қамтамасыз етуге, елдің оңтүстік өңірлеріне қосымша газ көлемін жеткізуге, экономиканы дамытуға және тұрақты әрі уақытша жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық өсуін ынталандыруға мүмкіндік береді.

ҚР Энергетика министрлігі елдің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыруды пысықталып жатқанын жеткізді. Олардың мәліметінше, Қазақстан Республикасының Үкіметі «Газпром» ЖАҚ-пен «Сарыарқа» қолданыстағы газ тасымалдау жүйесін Ресейдің Ишим қаласы ауданындағы газ құбырымен байланыстыратын жаңа магистральдық газ құбырын салу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Соның арқасында Қазақстанның солтүстік өңірлерін және Астана қаласын табиғи газбен қамтамасыз етуге, сондай-ақ газ жеткізу маршруттарын әртараптандыруға мүмкіндік береді.

– Өткен жылдың қазан айында Санкт-Петербург қаласында Петербург халықаралық газ форумының аясында Үкімет пен «Газпром» ЖАҚ арасында 2030 жылдан бастап көлемі 6,3 млрд текше метрге дейінгі Ресей газының импортымен Қазастанның солтүстік өңірлерін және Астана қаласын газбен жабдықтау үшін Ресейден Қазақстанға жаңа магистральдық газ құбырының жобасын жүзеге асыру туралы Меморандумға қол қойылды. Қазір Ресей тарапымен келіссөздер жалғасуда», – деді Қайырхан Тұтқышбаев.

 Елдегі газдандыру деңгейі 80 пайызға жеткізілмек

Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіру, тауарлық газды үнемді тұтынуды енгізу, тауарлық газды есепке алуды цифрландыру, газбен жабдықтау бойынша бюджеттік объектілердің құрылыс сапасын арттыру мақсатында Парламент Мәжілісінің депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газбен жабдықтау және электр энергиясы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына бастамашылық жасалды.

Солтүстік өңірлерді газдандыру үшін «Ишим – Астана» магистральдық газ құбырын салу жобасының маңызы зор. Оны іске асыру жөніндегі меморандумға Қазақстан Үкіметі мен «Газпром» арасында қол қойылды. Жоба Астана, Көкшетау және Петропавл қалаларын сенімді газбен қамтамасыз етуге, сондай-ақ елдің солтүстік өңірлеріне табиғи газ жеткізу бағыттарын әртараптандыруға мүмкіндік береді.

2026 жылғы ресми мәлімет бойынша, соңғы алты жылда табиғи газға қол жеткізген тұрғын саны 9,1 миллионнан 13,1 миллионға дейін өскен. Осы кезеңде 1 мыңнан астам елді мекенді қамту жұмысы жүргізіліп, 20 мың шақырым газ тарату желісі салынған. Газдандыру елдің энергетикалық инфрақұрылымын дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. Халықтың табиғи газға қолжетімділігін кеңейту өмір сүру сапасын арттыруға, өңірлерді дамытуға және Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.

Қазақстан халқын газдандыру деңгейін 80%-ға жеткізу үшін Энергетика министрлігі магистральдық газ тасымалдау инфрақұрылымын, өңірлік желілерді және газ ресурстық базасын кешенді түрде дамытуды көздеп отыр. Еліміздің өңірлерін газбен қамтып қана қоймай, одан әрі кеңейтуге бірқатар жоба қөзделіп отыр. Олардың бірі – «Ишим – Астана». Жоба солтүстік өңірлерді газдандырып Астана, Көкшетау және Петропавл қалаларын толығымен қамтылмақ. Екіншісі, жоғарыда айтып кеткен «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының екінші желісі. Соның арқасында елдің оңтүстік және орталық өңірлеріндегі газға деген сұранысты қамтамасыз етпек. Ал КС-14 – Қостанай магистральдық газ құбыры. Ақтөбе облысындағы КС-14 компрессорлық стансасынан Қостанай қаласына дейін газ құбырын тарту жоспарда тұр.  Ұзындығы 302 шақырымды алатын  «Талдықорған – Үшарал» газ құбыры Жетісу облысының елді мекендерін газбен қамтамасыз етеді. Бұл жоба 2025 жылы пайдалануға берілген. Сонымен қатар  Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды және басқа да облыстарда жеткізуші және тарату газ желілерінің құрылысын жалғастыру мақсатында өңірлерді газдандыру көзделіп отыр. Нәтижесінде, осы жобалардың арқасында  еліміздің газбен қамту жүйесінің құрылымы  айтарлықтай өзгереді.

Әрине, газдандырудың жалпы көрсеткішінің өсуі барлық елді мекен мен үйдің газға қосылғанын білдірмейді. Десе де, 2019–2026 жылдардағы газдандыру жұмысы Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымын кеңейтуге және миллиондаған тұрғынның табиғи газға қол жеткізуіне мүмкіндік берді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:99
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қазан 2026 15:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Нилуфар Раимова әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады

28 Қазан 2026 23:58see158

Атыраудағы жарылыс: тұрғын үйдің терезелері сынып, көліктер бүлінді

29 Қазан 2026 13:42see149

Шексіз жақсы көремін : Алтынай Жорабаева туған күнінде әсерлі жазба жариялады

28 Қазан 2026 22:43see148

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді

29 Қазан 2026 09:57see148

Еңбекпен қамту ел игілігі үшін

29 Қазан 2026 07:07see147

Ливандық суретші Израиль зымырандарының сынықтарын арт объектіге айналдырады фото

29 Қазан 2026 16:18see144

Банк қызметкерлері көмектескен: Nomadgames пен Sultangames тің схемасы әшкереленді

29 Қазан 2026 12:08see144

Сарбасов ісі қайта қаралады: 12 жылдық жаза үкімі жойылды

29 Қазан 2026 14:47see143

Армат Абылғалиев Ғазиз Байтасов медалімен марапатталды

29 Қазан 2026 19:22see142

Астана қабылдамаған, Барселона таңдаған: Кәрім Меңдіхановтың футболдағы жолы

29 Қазан 2026 18:42see140

Шетелдік жолаушылардың шағымынан кейін такси жүргізушісі жазаланды

30 Қазан 2026 07:21see131

Жаңа Конституция және құқықтық реформалар: елімізде қандай өзгерістер жүзеге асырылып жатыр?

30 Қазан 2026 12:12see129

Демалысқа қауіп төніп тұр ма? Пхукетте қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

29 Қазан 2026 18:59see128

Магистратура мен докторантураға түсу емтихандарына өтініш қабылдау басталды

30 Қазан 2026 04:23see128

Air Astana алғаш рет борттық Wi Fi қосты: Алматы Ташкент бағыты

30 Қазан 2026 02:40see124

Алатау тұрғыны 46 жыл бойы жеке куәліксіз жүрген

30 Қазан 2026 12:31see122

Жансейт Қайнарбаевтың ұсталғаны расталды: ҰҚК тергеу бастады

30 Қазан 2026 02:40see119

Қазақстанда азаматтардың өтініштерін қарау ережелері өзгереді

30 Қазан 2026 02:41see116

Анасы емдеу сапасын тексеруді сұрады : Жаңаөзенде бір ай комада жатқан бала көз жұмды

30 Қазан 2026 18:14see113

Тауар айналымын 15 миллиард долларға жеткізуге ниеттіміз Ердоған

28 Қазан 2026 23:58see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары