Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Қазақстандық бизнес TikTok та қанша табыс табады платформа өкілімен сұхбат

Қазақстандық бизнес TikTok та қанша табыс табады платформа өкілімен сұхбат

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бұл дерек «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен платформа жүргізген зерттеу барысында анықталды. Kazinform агенттігіне TikTok-тың Ресей, Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Моңғолия бойынша үкіметтік органдармен байланыс және корпоративтік мәселелер жөніндегі директоры Сергей Соколов сұхбат беріп, TikTok шағын бизнеске қалай көмектесіп жатқанын және неге Қазақстан өңірдегі ең жылдам өсіп келе жатқан нарықтың біріне айналғанын айтып берді.

– Сергей Олегович, бүгінде көпшілік TikTok-ты әлі де болса тек ойын-сауық платформасы ретінде қабылдайды. Бұл қаншалықты дұрыс? Платформа бизнестің дамуына қандай мүмкіндіктер бере алады?

– Расында да, 5–6 жыл бұрын TikTok негізінен ән-би секілді ойын-сауық контентімен танымал болды. Бірақ одан бері көп нәрсе өзгерді – бүгінде TikTok барлық жастағы адамдар өзіне қызықты әрі пайдалы ақпарат таба алатын алаңға айналды.

Бұл – білім беру, туризм, тарих, мәдениет тақырыбындағы контент, түрлі лайфхактар және басқа да көптеген бағытты қамтуы мүмкін. Мұндай көптүрліліктен тек қолданушылар ғана емес, бизнес өкілдері де мақсатты аудиториясын таба алады.

– Биыл TikTok-тың шағын бизнес пен Қазақстан экономикасына әсерін анықтау мақсатында зерттеу жүргізілді. Осы жайында нақтырақ айтып өтсеңіз.

– Иә, біз TikTok-тың ең алдымен микро, шағын және орта бизнеске ықпалын зерттеу мақсатында тәуелсіз сарапшыларға зерттеу жүргізуді тапсырдық. Бұл жұмысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолдады.

Зерттеу барысында елдің барлық 20 өңірінен 300-ден астам компания 7 негізгі сала бойынша қамтылды. Бұл – негізінен қызмет көрсетуге бағытталған салалар. Зерттеу көлемді әрі қызықты болды және нәтижесінде таңқаларлық көрсеткіштерді алдық.

– Зерттеудің негізгі қорытындысы қандай? TikTok-тың ел экономикасына қосқан үлесі қаншалықты маңызды?

– Бір қызығы 10 жылдан артық жұмыс істеп келе жатқан компаниялар TikTok-ты жаңадан құрылған кәсіпорындарға қарағанда жиірек пайдаланады. Әдетте цифрлық заманда дүниеге келгендер басқаларға қарағанда мобильді болып келеді деп есептелінеді ғой.

Құрылғанына он жылдан асқан компаниялардың жартысынан көбі TikTok-та кем дегенде апта сайын белсенді. 5–10 жылдық тәжірибесі бар кәсіпорындардың 47% да платформаны тұрақты қолданады. Бұл зерттеу барысында анықталған қызықты деректердің бірі.

Екіншіден, TikTok құралдарын қаншалықты жиі және тиімді пайдаланған сайын, компанияның табысы да соғұрлым жоғары болатыны анықталды. Зерттеушілер TikTok құралдарын тұрақты түрде пайдаланатын және өз жарнама бюджетінің белгілі бір бөлігін осы бағытқа жұмсайтын компаниялардың TikTok арқылы айтарлықтай көп табыс табатынын байқаған.

Мысалы, жарнама бюджетінің 30%-ы TikTok-қа жұмсайтын компаниялардың 53% табысының 50%-дан астамын дәл осы платформаның арқасында алады.

– Қазақстан бойынша бизнестің қай салалары платформада ең белсенді?

– Біз зерттеуде жеті саланы қамтыдық, соның ішінде: денсаулық, сұлулық индустриясы, спорт, туризм, ойын-сауық та бар. Бірақ мұнда өңірге де байланысты. Мысалы, Астанада TikTok-ты белсенді қолданатын және ең көп пайда көретіндер – сұлулық, денсаулық және спорт саласында жұмыс істейтін компаниялар. Алматыда бұларға қонақүй және туризм бизнесі де қосылған. Бұл әрине, Алматы ұлттық туристік орталық болғандықтан түсінікті. Шымкентте азық-түлік және тұрмыстық тауар өндірушілер мен оны сататындар негізгі топты құраған.

Бұл бизнестердің ерекшелігі – тек цифрлық жарнама емес, тұтынушыларымен эмоциялық байланыс орнатуында. Мұны дәл TikTok-та жүзеге асыруға болады және TikTok осы қырымен басқа цифрлық платформалардан ерекшеленеді. Адамдар брендке сенеді, эмоционалдық байланыс орнайды және шынайы, өмірлік оқиғалар арқылы сенім қалыптасады. Мәселен, Алматыда өте танымал бір шағын шаурма бутигі бар. Ол TikTok-та өз өнімін емес, келген тұтынушыларын жарнамалағаны үшін танымал болды.

Анастасия есімді кәсіпкер бар, ол ұлттық нақыштағы ою-өрнегі бар қалыңдық көйлектерін тігеді. Бұл да TikTok-та үлкен қолдау тапқан, себебі - шынайы оқиға, шаңырақ көтерушілердің қуанышы, осылайша тұтынушымен эмоционалдық байланыс орнайды.

– Тамаша. Менің ойымша, осы сұхбаттан кейін көптеген адамның көзқарасы өзгеріп, бұл бағытқа көбірек ресурс жұмсау туралы ойланатын болады. Айтыңызшы, зерттеудің түрлі сценарийі бойынша TikTok-тың Қазақстанның ЖІӨ-сіне қосқан жиынтық үлесі қалай бағаланады?

– Зерттеуде үш сценарий қарастырылды. Консервативті сценарий – компаниялардың 10%-ы TikTok-ты тұрақты қолданады деген болжам. Сауалнама кезінде 40% TikTok-ты белсенді қолданатындықтарын айтты. Бірақ зерттеушілер бұл межені әдейі төмендетті, себебі олар АҚШ, Ұлыбритания және Аустралия сияқты басқа елдерде жүргізілген ұқсас зерттеулердегідей нәтиже күтті. Сондықтан консервативті сценарий 10% деңгейінде қабылданды.

Егер осы консервативті сценарийді, яғни тек 10%-ды алсақ, онда TikTok-тың тікелей әсерінің арқасында микро, шағын және орта кәсіпорындардың жалпы табысы 2024 жылы 219 млрд теңге болар еді.

Орта сценарий – компаниялардың 15% платформаны белсенді қолданса, табыс 329 млрд теңгеге жетеді.

Оптимистік сценарий – 20%. Бұл әлі де нақты көрсеткіштен төмен болса да, табыс көлемі 438 млрд теңге болады. Есепке тек шағын және орта бизнес, тек жеті сектор ғана есепке алынды, қалған барлық қосымша фактор, жеткізу тізбегі, жұмыс орындарының құрылуы зерттеуге енбеді.

Бұл – өте консервативті есеп. Соған қарамастан осы барлық деректерді қосқанда, шағын және орта бизнес табысы Қазақстанның креативті экономикасының алты айдағы табысымен салыстыруға келетін деңгейге жетеді. Ал TikTok-тың Қазақстан экономикасына қосқан үлесі, осы үш сценарийге байланысты, 759 млрд теңгеден, яғни ЖІӨ-нің шамамен 0,57%-дан 1,13%-ға тең. Бұл өте маңызды көрсеткіш.

– Соңғы сұрақ, TikTok-тың Қазақстандағы болашағын қалай көресіз? TikTok алдағы жылдары Қазақстан экономикасында қандай рөл атқармақ?

– Бұл өте жақсы сұрақ және болашаққа сенімді арттырады. Себебі Қазақстан TikTok үшін өңірдегі ең тез өсіп келе жатқан нарықтардың бірі. Бұл тек бизнеске ғана қатысты емес, сонымен қатар біздің Қазақстандағы қауымдастыққа да байланысты, өйткені қазақстандық пайдаланушылар өте белсенді, олар өте сапалы контент жасайды, Қазақстанның мәдениетін, тарихын, тағамдарын әлемдік аудиторияға, яғни 150 елдегі миллиардтан астам адамға белсенді насихаттап жүр. Мұндай контенттің саны күннен-күнге артып келеді.

Әрине, біз бұл процеске өз үлесімізді қосып, мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен, атап айтқанда «Атамекен» ҰКП арқылы жұмыс істейміз. Өткен жылдың соңында және жыл басында біз бірлескен конкурс өткіздік, оған әлеуметтік бағдарланған 800 кәсіпорын қатысты.

«Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасын естіген боларсыз, осындағы өте әсерлі оқиғалар платформада сақталады. Платформаны пайдаланушыларымыз контент жасап, ол ел ішінде де, шетелде де үлкен танымалдыққа ие болып жатыр. Әрине, бұл бизнес үшін де үлкен әлеует, өйткені бизнес жаңа цифрлық құралдарды меңгерген сайын, оның табысы өседі және бизнес те дамиды. Бүгінде шағын және орта бизнес Қазақстанның ЖІӨ-нің шамамен 39%-ын қамтамасыз етеді.

Зерттелген жеті сала бойынша TikTok құралдарын тиімді қолдану нәтижесінде бұл көрсеткішті бірер жылда екі есеге – 8 мыңнан 16 мың кәсіпорынға дейін арттыруға болады.

Бұған дейін ЕО балалардың TikTok пен Instagram-ға кіруіне шектеу қойғысы келетінін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:210
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 21:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see124

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see122

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see121

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see119

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see118

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see118

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see117

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see116

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see116

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see116

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see116

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see116

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see115

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see115

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see114

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see113

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see113

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see113

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see113

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары