Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Қазақстандықтар 78 елге визасыз немесе жеңілдетілген режиммен бара алады

Қазақстандықтар 78 елге визасыз немесе жеңілдетілген режиммен бара алады

Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазақстан паспорты әлемдегі ең ықпалды төлқұжаттар рейтингінде позициясын жақсартты.
2026 жылға арналған жаңартылған Henley Passport Index мәліметіне сәйкес, Қазақстан 57-орынға көтерілді. Енді қазақстандықтар әлемнің 78 еліне визасыз немесе жеңілдетілген тәртіппен саяхаттай алады.

Қазақстан паспортының рейтингі қалай өзгерді?

Henley & Partners компаниясының дерегінше, Қазақстан паспорты соңғы жылдары халықаралық рейтингте тұрақты түрде жоғарылап келеді.

2023 жылы Қазақстан 70-орында болса, 2024 жылы 66-орынға, 2025 жылы 61-орынға көтерілген. Ал 2026 жылғы рейтингте ел 57-сатыға жайғасты. Осылайша, соңғы екі жарым жылда қазақстандық паспорт 13 позицияға жоғарылаған.

Визасыз режимнің қандай түрлері бар?

Визасыз сапардың екі негізгі форматы бар: толық визасыз режим және шартты визасыз режим.

Толық визасыз режимде шетелге кіру үшін тек паспорт жеткілікті, шекарада кіру мөрі басылады.

Ал шартты визасыз режимде виза немесе рұқсат елге барғаннан кейін рәсімделеді немесе алдын ала күрделі мақұлдауды қажет етпейді. Кей жағдайда мұндай қызмет ақылы болуы мүмкін және қонақүй броні, қайту билеті немесе медициналық сақтандыру сияқты қосымша құжаттар сұралады.

Сондықтан мамандар сапар алдында сыртқы істер органдарының ресми ақпаратын тексеруге кеңес береді.

30 күнге дейін визасыз баруға болатын елдер

Қазақстан азаматтары Қытайдың материктік бөлігі мен Хайнань аралына 30 күнге дейін визасыз бара алады.

Сондай-ақ 30 күнге дейін немесе қысқа мерзімге визасыз баруға болатын елдер қатарында:

– Малайзия
– Мальдив аралдары
– Біріккен Араб Әмірліктері
– Бразилия
– Вьетнам
– Катар
– Марокко
– Никарагуа
– Оман
– Сербия
– Филиппин
– Эквадор
– Кук аралдары

Иранға, Гонконг пен Макаоға – 14 күнге дейін, Барбадосқа – 28 күнге дейін, Аргентинаға – 30 күнге дейін визасыз баруға болады.

Тунис қазақстандықтарды 90 күнге дейін визасыз қабылдайды. Ал Өзбекстанға кіру еркін болғанымен, 30 күннен артық қалатындар тіркеуден өтуі тиіс.

Оңтүстік Кореяға 30 күнге дейін визасыз баруға рұқсат етіледі, бірақ алдын ала K-ETA электронды рұқсатын рәсімдеу қажет.

Ұзақ мерзімге визасыз баратын бағыттар

Кейбір елдер қазақстандықтарға ұзақ мерзімге визасыз болуға мүмкіндік береді.

Мәселен:

– Грузия – бір жылға дейін;
– Түркия – 90 күнге дейін;
– Таиланд – 60 күнге дейін (TDAC электронды картасын толтыру қажет);
– Әзербайжан мен Қырғызстан – визасыз, бірақ белгілі мерзімнен кейін тіркеу талап етіледі.

Сонымен қатар Албания, Армения, Беларусь, Доминикан Республикасы, Индонезия, Колумбия, Молдова, Моңғолия, Ресей, Сейшель аралдары және өзге де бірқатар елдер қазақстандықтарға жеңілдетілген режим ұсынады.

Henley Passport Index қалай есептеледі?

Henley Passport Index – әлем елдерінің паспорттарын халықаралық қозғалыс еркіндігі бойынша бағалайтын жаһандық рейтинг.

2026 жылғы индексте 199 елдің паспорты және әлем бойынша 227 бағыт қарастырылған.

Бағалау жүйесі мынадай қағидаға негізделеді:

– визасыз кіруге мүмкіндік болса – 1 ұпай;
– виза елге барған кезде немесе жеңілдетілген түрде рәсімделсе – 1 ұпай;
– алдын ала виза немесе e-Visa алып, мемлекеттік мақұлдау қажет болса – 0 ұпай.

Сарапшылардың пікірінше, паспорт рейтингі азаматтардың халықаралық сапарлардағы еркіндігін көрсететін маңызды көрсеткіштердің бірі саналады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:121
embedДереккөз:https://7kun.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Мамыр 2026 15:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see142

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see138

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see137

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see135

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see133

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see133

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see131

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see127

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see126

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see125

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see125

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see123

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see123

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see122

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see121

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see120

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see119

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see118

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары