Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Қазақстандықтар Алматы 1 вокзалын жөндеу кезіндегі қолайсыздықтарға шағымданды

Қазақстандықтар Алматы 1 вокзалын жөндеу кезіндегі қолайсыздықтарға шағымданды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Алматы-1 вокзалындағы жөндеу жұмыстары жолаушылардың наразылығын тудырды. Олар платформаларға өтетін жолдың қолайсыздығына және аптапта пойызды ашық аспан астында күтуге мәжбүр екеніне назар аударды. Tengri Travel тілшісі бұл жағдайға байланысты магистральдық желі дирекциясының пікірін білді.

"Халық 40 градус ыстықта шатыр астында отыр"

Редакцияға хабарласқан оқырман Алматы-1 теміржол вокзалында жолаушылар үшін туындаған қолайсыздықтар туралы айтып берді. Оның сөзінше, адамдар аптапта пойызды шатыр астында күтуге мәжбүр, ал платформаларға өту жолы өте ыңғайсыз ұйымдастырылған.


"40 градус ыстықта жұрт шатыр астында отыр, табло жоқ. 1 және 2-жолдар жабық, 4-жолға өтетін жер дұрыс белгіленбеген. Мұндай ыстықта халықтың бәрі наразы. Бұл қашан бітеді?" – деп бөлісті оқырман.

Алматы-1 вокзалында қандай жолдар жабық?

Дирекция Алматы-1 вокзалында күрделі жөндеу жұмыстары жалғасып жатқанын еске салды. Жөндеуге байланысты қазіргі уақытта бірінші және екінші жолдар жабық, ал жолаушыларды отырғызу мен түсіру үшін үшінші және төртінші жолдар қолданылып отыр.

Сондай-ақ компания жолаушылар үшін навигациялық көрсеткіштер орнатылғанын және пойыздарға өту туралы ақпарат дауыс зорайтқыш байланыс арқылы тұрақты түрде хабарланып тұратынын жеткізді.

"Уақытша модульдік үй-жайлар пайдаланылып жатқандықтан, электрон таблоны орнату техникалық тұрғыдан мүмкін емес. Сонымен қатар, жолаушыларды ақпараттандыру үшін пойыздардың қозғалыс кестесі көрсетілген стационарлық табло жұмыс істеп тұр, ал қажетті мәліметтер дауыс зорайтқыш байланыс арқылы жүйелі түрде хабарланады", – деп хабарлады дирекция.

Кондиционер орнына – желдеткіштер

Компания мәліметінше, жолаушылар үшін екі уақытша күту залы ұйымдастырылған: бірі жабық, екіншісі шатыр астында, олар сәйкесінше 150 және 220 орынға арналған. Тағы 150 орын перронда жабдықталған.

"Сырттағы ауа температурасының жоғары болуына байланысты жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылданды. Бір уақытша күту залында екі еден кондиционері, екіншісінде 10 төбе желдеткіші мен су бүрку функциясы бар 6 еден желдеткіші орнатылды", – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Дирекция мәліметінше, вокзалда анықтама бюросы, үш билет кассасы, медициналық пункт, ана мен бала бөлмесі, жүріп-тұруы шектелген жолаушыларға арналған күту бөлмесі және уақытша санитарлық тораптар жұмыс істеп тұр.

Ұлттық компания жолаушылардан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, барлық шектеу вокзал кешенін жаңғырту жұмыстарына байланысты екенін мәлімдеді.

Бұған дейін жолаушылар Астанадағы "Нұрлы жол" теміржол вокзалында кондиционерлердің істемейтініне шағымданған болатын. Магистральдік желі дирекциясы бұл мәселені растап, оның себебін түсіндірді. Толығырақ осы жерден оқыңыз.

Алматы-1 вокзалын реконструкциялау

Ел бойынша вокзалдарды жаңғырту бағдарламасы 2025 жылғы сәуірде басталған болатын. Алайда ұзақ уақыт бойы жолаушылар еліміздің ірі нысандары – Алматы-1 мен Астана-1 вокзалдарындағы белсенді жұмыстарды байқай алмады.

Бұған дейін ҚТЖ кейбір кезеңдерде жөндеу жүргізілмей жатқандай әсер қалдыруы мүмкін екенін түсіндірген. Компания мұны "көзге көрінбейтін инженерлік және дайындық жұмыстарымен" байланыстырды.

Мамырда Алматы-1 вокзалына барып және ғимаратта жөндеу жұмыстары жалғасып жатқанын көрдік: құрылыс ағаштары, қорғаныс торлары мен уақытша қоршаулар орнатылған. Қоршау вокзал маңындағы аумақтың едәуір бөлігін алып жатыр және автобус аялдамасына дейін созылған.

Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Сонымен қатар, платформалар айтарлықтай жаңартылған.

Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Компания бұған дейін вокзалды бұзу жоспарда жоқ екенін растаған болатын – техникалық тексерулердің қорытындысы бойынша жалпы ауданы 17 166 шаршы метр болатын ғимаратты ішінара реконструкциялау туралы шешім қабылданған.

Алматы-1 вокзалы қандай болмақ?

Бұған дейін компания жаңартылған вокзалдың қандай болатынын көрсеткен еді:

ҚТЖ рендерлері

ҚТЖ рендерлері

ҚТЖ рендерлері

Редакция модернизация барысын бақылауды жалғастырады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:170
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Тамыз 2026 12:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары