Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Қазақстандықтар зейнетақы шоттарынан “минусты“ байқады. Ұлттық банк мән жайды түсіндірді

Қазақстандықтар зейнетақы шоттарынан “минусты“ байқады. Ұлттық банк мән жайды түсіндірді

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазақстандықтар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) шоттарынан ақша жоғалып жатқанын байқай бастады. Жетіспейтін сома 50 мыңнан 150 мың теңгеге дейін болып шыққан. Ұлттық банк бұған қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

Tengrinews.kz редакциясына БЖЗҚ-дағы шоттарында шығын пайда болғанын хабарлаған оқырмандардан бірнеше мәрте өтініш түсті.

Мәселен, салымшылардың бірі 9 сәуірде шотын тексергенде шамамен 90 мың теңгенің жетіспейтінін теңгеге көрген. Келесі күні-ақ, яғни 10 сәуірде шығын көлемі 150 мың теңгеге жуықтаған. Оның айтуынша, 5 күннен кейін шот ішінара қалпына келіп, шамамен 60 мың теңге қосылған.

"Мен артық қаражатымды "Отбасы банктегі" депозитіме аударуды жоспарлап, шотымды үнемі тексеріп жүрдім. Бұл жағдай менің ашуымды келтіреді: түсініксіз өзгерістер сұрақ пен сенімсіздік тудырады. Мен ақшамның қайда кеткенін және мұның немен байланысты екенін түсінгім келеді", - деп жазды оқырман.

Тағы бір салымшы ипотекасының бір бөлігін зейнетақы жинағындағы артық қаражатпен жүйелі түрде өтеп отыратынын айтты.

Ер адамның айтуынша, 2025 жылы шекті деңгей көтерілгеннен кейін ол наурыз айында қажетті деңгейге қайта жетемін деп жоспарлаған - бұл орындалды да, бірақ шешіп алынған сома әдеттегіден әлдеқайда аз болып шыққан.

"Ал сәуірде шот минусқа кетті - қазір ондағы қаражат жеткіліктілік шегінен 50 мың теңгеге аз. Мамыр айының басында туған күнім екенін ескерсек, мен үшін шекті деңгей тағы да өседі. Бұл дегеніміз, ипотекамды төлеу үшін зейнетақымдағы артық ақшаны алу мүмкіндігінен біржола айырылдым деген сөз", - деп қынжылды ол.

Мән-жайы

Ай сайын ресми түрде жұмыс істейтін барлық қазақстандық жалақысының 10 пайызын зейнетақы қорына аударады. Ақша бос жатпай, "жұмыс істеуі" үшін оны инвесторлардың басқаруына береді. Олар табыс табу үшін қаражатты қайда салу керектігін шешеді. Соның бір мысалы - мемлекеттік облигациялар, компаниялардың акциялары, банктер және басқа да қаржылық активтер.

Инвестиция сәтті болған жағдайда салынған қаражат пайда әкеледі және оның бір бөлігі зейнетақы шотына түседі. Бұл "инвестициялық табыс" деп аталады.

Ал егер инвестиция жоспарланғандай нәтиже бермесе, шотта "минус" пайда болады, бұл инвестициялық шығын деп аталады. Оқырмандарымыз дәл осы жағдайға тап болған.

Шоттардағы "минус" қайдан пайда болды?

Бұған жауап ретінде редакцияның ресми сауалына Ұлттық банк инвестициялық табыстағы теріс көрсеткіш бұл жолы доллар бағамының төмендеуіне байланысты пайда болғанын хабарлады. Өйткені активтердің тең жартысына жуығы осы валютаға аударылған.

"2026 жылдың қаңтар-наурыз кезеңінде теңге бағамы АҚШ долларына шаққанда 505,53 теңгеден 478,77 теңгеге дейін нығайды, бұл инвестициялық портфельдің 38,9 пайызын құрайтын валюталық активтердің теріс курстық қайта бағалануына әкелді", - делінген жауапта.

Ұлттық банк мұны "табыстың уақытша іске асырылмаған төмендеуі" деп атады. Қарапайым тілмен айтқанда, валюта теңгеге айналдырылмайынша, бұл нақты ақша жоғалту емес, шоттағы уақытша ауытқулар ғана.

Сонымен - минус па әлде плюс пе?

Салымшыларда ақыр соңында шығын бар ма деген сұраққа Ұлттық банк инвестициялық табыс оң деңгейде қалып отыр деп сендірді. 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша ол 271 миллиард теңгені құрады.

"Мысалы, 2025 жылдың сәуірінен 2026 жылдың наурызына дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық табыс көлемі шамамен 2,5 триллион теңгені құрады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша есептелген инвестициялық табыс 1,7 триллион теңге болды", - деп мәлімдеді Ұлттық банк.

Сондай-ақ зейнетақы жинақтары - бұл ұзақ мерзімді инвестициялар екенін, ал кірістіліктің қысқа мерзімді ауытқулары нақты көріністі көрсетпейтінін еске салды. Себебі қысқа кезеңде құралдар бойынша төлемдер валюта бағамдары мен бағалы қағаздар құнының өзгеруін жаба алмауы мүмкін. Ұлттық банк табысты бөлек айлар бойынша емес, ұзағырақ уақыт аралығында бағалауға кеңес берді.

Дефолт жағдайлары туралы

Ұлттық банк БЖЗҚ портфелінде өз міндеттемелерін орындай алмаған, яғни дефолтқа ұшыраған жекелеген компаниялар бар екенін хабарлады. Онда бұл берешек көлемі аз екені және зейнетақы жинақтарының сақталуына әсер етпейтіні нақтыланды. Бұл проблемалық активтердің негізгі бөлігі БЖЗҚ-ға 2013–2014 жылдары жекеменшік зейнетақы қорларын біріктіру кезінде өткен көрінеді. Қазіргі уақытта қор қаражатты сот арқылы және басқа да тетіктер көмегімен өндіріп алуға тырысып жатыр.

Зейнетақы активтерінің портфелі қазір қандай?

2026 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері 25,8 триллион теңгені құрайды. Жалпы құрылымы мынадай:

61,1 пайызы - теңгелік құралдарға салынған; 38,9 пайызы - шетел валютасында.

Ел ішінде ақша қайда салынады? Негізгі бөлігі - Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздары мен Ұлттық банктің ноталары (шамамен 44 пайыз). Квазимемлекеттік компаниялардың облигацияларына - шамамен 9 пайыз жұмсалған.

Банк секторына 2,5 пайыз инвестицияланды, ал қазақстандық компаниялардың акциялары шағын үлесті - 2,4 пайыздан аз бөлікті иеленеді.

БЖЗҚ-ның валюталық активтері нарықтық индекстерге бағдарланған алдын ала белгіленген стратегия бойынша инвестицияланады - бұл бүкіл әлемдегі қалыпты тәжірибе. Қаражат активтердің әртүрлі түрлері бойынша белгілі бір үлестермен бөлінеді. Қазақстан жағдайында бұл келесідей көрініс табады:

30 пайыз - әлемдік ірі компаниялардың акциялары; 25 пайыз - дамушы елдердің облигациялары; 20 пайыз - сенімді ірі компаниялардың облигациялары; 15 пайыз - дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары; 10 пайыз - баламалы құралдар. Кірістілікке не әсер етеді?

Ұлттық банк инвестициялық кірістің нарықтағы жағдайға байланысты өсуі де, төмендеуі де мүмкін екенін түсіндірді. Оған бағалы қағаздар құнының өзгеруі, валюта бағамдарының ауытқуы, инфляция, дивидендтер төлеу және басқа да факторлар әсер етеді.

Сондай-ақ қаржы нарықтары табиғатынан тұрақсыз екені, сондықтан кірістіліктің өсуі мен төмендеуі - инвестицияның қалыпты бөлігі екені нақтыланды.

Ақша шоттарға қайтарыла ма?

Мемлекет зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік береді. Әлеуметтік кодекске сәйкес, салымшы зейнетке шыққан кезде оған инфляцияны ескере отырып, енгізілген сомадан төмен емес мөлшердегі қаражат қамтамасыз етілуі тиіс.

Қарапайым тілмен айтқанда, егер кірістілік инфляция деңгейінен төмен болса, мемлекет шығынды өтеуге міндеттенеді, бірақ бұл шоттағы ағымдағы ауытқуларға емес, зейнетақы төлемдерін алу сәтіне қатысты.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:92
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Сәуір 2026 09:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see124

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see123

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see122

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see119

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see118

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see117

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see115

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see115

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see114

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see113

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see113

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see112

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see112

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see112

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see112

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see110

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see109

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see108

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see107

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары