Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігінің негізі инженерлік ғылым

Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігінің негізі инженерлік ғылым

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қазіргі уақытта декларациялар емес, инженерия, цифрландыру және ғылыми негізделген шешімдер шешуші мәнге ие болып отыр. Халықаралық қоғамдастық әрбір мемлекеттің өзінің климаттық ниетін нақты техникалық мүмкіндігімен және жаңғыртуға дәлелді даярлығымен  негіздеуін табанды түрде талап етіп отыр. 

COP-30-да халықаралық сарапшылар дәл осы мәселеге – мемлекеттердің  ғылыми әдебиетте «credible transition» деп аталатын расталған иенженерлік және технологниялық мүмкіндіктерін негізге алып ауысу қажеттілігіне баса назар аудартты. Мұндай тәсіл – климаттық мақсаттардың инженерлік ғылымды экологиялық саясаттың басты құралына айналдыратын нақты техникалық шешімдерге, өнеркәсіптік жаңғыртуға және ғылыми дәлелділігіне сүйенуін талап етеді.   

Осы үрдіс COP-30 барысында жан-жақты талқыланды. Сарапшылар мен конференцияға қатысушылар технологиялық базасыз, инженерлік құзыреттерсіз және цифрлық бақылау жасайтын инфрақұрылымсыз қазіргі климаттық мақсаттарды іске асыру мүмкін емес екенін айтып өтті. Халықаралық ұйымдардың өкілдері климаттық дағдарыспен күресте технологиялар стратегиялық құралға айналғанын баса көрсетті, ал COP-30 – инженерлік шешімдер жетекші рөл атқаратын «өршіл мақсаттан іске көшудің» белгісі болды. 

Конференция барысында өнеркәсіпті жаңғырту, жаңартылатын энергетикаға көшу, энергия тиімділігін екі есеге арттыру, салқындатудың таза жүйелерін енгізу, сутегі технологияларын және биобазаланған  материалдарды дамыту мәселелері, яғни тұрақты инженерлік тәсілдерді және жаңа технологиялық стандарттарды талап ететін мәселелердің барлығы бірнеше мәрте көтерілді. Шығарындылардың цифрлық мониторингіне, спутниктік бақылау жүйелеріне, климаттық модельдеу және бейімделу шешімдерінде жасанды интеллектіні пайдалануға ерекше назар аударылды. Көптеген сарапшылар инженерлік трансформация жаһандық климаттық күн тәртібінің орталық элементіне айналып отыр деп ашық айтты. 

Бұл тұжырымдар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйектегі Жолдауында елдің тыныс-тіршілігінің барлық салаларында жасанды интеллектіні, цифрлық платформаларды дамыту мен пайдалануға баса назар аудара отырып айтылған Қазақстанның стратегиялық таңдауына толық сәйкес келеді. COP-30-да мәлімделген бағыттарда Қазақстан үшін де басым міндеттер – шығарындылардың цифрлық мониторингі, спутниктік бақылау жүйелері, климаттық модельдеу және бейімдеу үшін жасанды интеллектіні қолдану - толық көлемде бейнеленген. Осыған сай, жаһандық климаттық күн тәртібі мен технологиялық дамудың ұлттық бағыты – бірін-бірі толықтыратын ұғым болып табылады: Қазақстан орнықты дамудың өзіндік ғылыми-инженерлік платформасын нығайта отырып, әлемдік үрдістер бағытына тоғысып отыр. 

Біздің ел – өңірде бірінші болып – инженерлік шешімдер мен ғылыми сараптаманы экологиялық жаңғыртудың басты бағыты етіп алды. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі (ЭТРМ) Климаттық саясаттың технологиялық негізін дәйекті түрде қалыптастыруда: ОНУВ-3.0 салымының жаңартылған ұлттық деңгейін дайындау аяқталды, Ұлттық бейімделу жоспары әзірленіп жатыр, халықаралық серіктестіктер нығайтылып, климаттық қаржыландыру ағыны үшін жағдайлар жасалып жатыр.

Бұл үдерісте Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (ХЖТИЖО/IGTIC) маңызды рөл атқарады. 2024–2025 жылдары Орталық ел тарихында алғаш рет: атмосфералық ауаның сапасы, су ресурстарының жай-күйі, қалдықтармен жұмыс істеу, технологиялық тәуекелдер және радиоактивті мұра сияқты барлық салаларда қоршаған ортаның жай-күйіне ең ірі зерттеу жүргізді. Осы зерттеудің нәтижесінде экологиялық жүктеменің қайшылықсыз, ғылыми расталған келбеті айқындалды. Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында атмосфералық ауаның аса қатты ластанғаны; өте ауыр деңгейдегі су тапшылығы – Қызылорда, Атырау және Маңғыстау облыстарында; елдің батысында – қалдықтардың шамадан тыс мөлшерде жиналғаны анықталды; ал радиоактивті мұраның негізгі объектілері Шығыс және Солтүстік Қазақстанда шоғырланған.

Талдау нәтижелері Қазақстанның экологиялық проблемалары инженерлік сипатта екенін, технологиялық шешімдерге мұқтаж екенін растады. Сондықтан да Қазақстан ЕҚТ-ға көшудің бірыңғай технологиялық платформасын - экологиялық таза және қауіпсіз өндірістің халықаралық стандартын қалыптастырып жатыр. Жетекші ғылыми мектептерді, сарапшылар мен жобалаушыларды біріктіретін ҚР Ұлттық инженерлік академиясы (ҚР ҰИА) өнеркәсіпті жаңғырту үшін қажетті әдіснамалық база мен ғылыми сараптама әзірлейді және инженерлік кадрларды даярлайды. 

COP-30-да Қазақстан ұлттық инженерлік экожүйенің жетілуін көрсететін бірқатар технологиялық бастамаларды ұсынды. Оның бірі – ЭТРМ мен ХЖТИЖО бірлесіп әзірлейтін жасыл технологиялар сервистік операторының моделі. Мұнда ЕҚТ стандарттары, жасыл технологиялар тізілімі, жасыл стартаптарды қолдау тетіктері және инвестицияларды тарту құралдары біріктіріледі. Халықаралық серіктестер зор қызығушылық танытқан осы бастама аймақтың ынтымақтастықтың перспективалық негізі ретінде танылды. 

ХЖТИЖО/IGTIC COP-30-да шығарындыларды анықтау, климаттық деректерге арналған цифрлық платформаларды, технологиялық аудиттердің инновациялық модельдерін және жасыл акселерацияны дамыту бастамаларын әзірлеуге арналған спутниктік мониторингті пайдалану (GOSAT) нәтижелерін де ұсынды.  Қазақстан халықаралық аренада 2026 жылы Өңірлік экологиялық саммит (RES-2026) өткізетіні туралы мәлімдеді, бұл саммитте Орталық Азияның негізгі климаттық шешімдері таныстырылады.

ХЖТИЖО жұмысының нәтижелері Қазақстанның экологиялық технологиялардың өңірлік хабы болуға әзір екенін көрсетеді. Орталықтың құрылымында ЕҚТ бойынша 20 анықтамалық әзірлеген, 110-нан астам технологиялық аудит жүргізген және өңірдегі энергияны көп қажет ететін салалар бойынша ірі дерекқор құрған бірегей ұйым – ЕҚТ ұлттық бюросы жұмыс істейді. COP-30-да Қазақстан өңірдегі елдердің технологиялық сарапшыларын біріктіретін, жалпы экологиялық стандарттарды қалыптастыратын, экологиялық таза технологиялардың бірыңғай нарығын құратын және инженерлік кадрларды даярлауға арналған платформа болатын  Орталық Азия ЕҚТ бюросын құру бастамасын ұсынды. 

Бұл бастама СОР-30 тұжырымдарының логикалық жалғасы іспетті: климаттық ауысуды инженерлік ғылым, мемлекеттік саясат пен технологиялық орталықтарды бірыңғай жүйеге жұмылдырған кезде ғана іске асыруға болады. Қазақстан қазірдің өзінде осындай жүйені қалыптастырып жатыр. ЭТРМ стратегиялық басшылық жасайды, халықаралық серіктестікті қамтамасыз етеді.  ХЖТИЖО технологиялық шешімдер мен әдістемелерді әзірлейді. ҚР ҰҒА ғылыми іргетасын қалыптастырып, инженерлерді даярлайды. Осы институттардың бәрі бірігіп ұлттық климаттық орнықтылық архитектурасын құрайды.

COP-30: экологиялық саясаттың болашағы ғылыми құзыреттердің, цифрлық жүйелердің, инженерлік мектептің және технологиялық орталықтардың деңгейімен айқындалатынын анықтап берді. Қазақстан осы бағытта сенімді дамып келеді. 

Гүлбазар МЕДИЕВА, э.ғ.д., академик, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының вице-президенті, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының Ғылыми кеңесшісі

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:208
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қараша 2025 17:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see132

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see131

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see130

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see120

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see120

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see117

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары