Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

Астаналықтар балалар алаңындағы әскери суреттерге наразы болды: әкімдік жауап берді

Әлемнің 900 ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

Тәуелсіздікке бастар жол

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

Қысқы дөңгелектерге көшу уақыты келді: Қазақстанда полиция тексерулер бастады

Тоқаев әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып туған нәрестенің өмірі үшін 70 күн күресті

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Қазақстанның халықаралық әріптестігі: басым бағыттары мен жаңа мүмкіндіктері

Қазақстанның халықаралық әріптестігі: басым бағыттары мен жаңа мүмкіндіктері

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жақында, нақтырақ айтсақ 15 қазан күні Әзербайжанның Баку қаласында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) VII саммиті аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен және Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездескен болатын.

 Қазақстан үшін бейбітшілікті қолдау және барлық тараптармен диалогты сақтау маңызды

 Қатар Әмірімен кездесуде Қазақстан мен Қатар арасындағы көпжақты серіктестікті нығайту, бірлескен инвестициялық және энергетикалық жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды. Саясаттанушы, демограф-сарапшы, мемлекеттік саясат, әлеуметтік саясат және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі маманы Найла Мұхтарова мұндай келісімнің ел экономикасын көтеріп қана қоймай, елдегі технологияның дамуына мүмкіндік беретінін жеткізді.

– Менің ойымша, Катар және Израильмен байланыс Қазақстанға жаңа инвестициялар тартуға, экономика мен технологияны дамытуға мүмкіндік береді. Катармен энергетика саласында, ал Израильмен ауыл шаруашылығы мен инновациялар бағытында ынтымақтастықтың әлеуеті зор, – деді ол.

Соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал мәселесі қозғалып, Израиль  президентімен кездесуде де бұл  талқыланды. Десе де Қасым-Жомарт Тоқаев шиеленісті бәсеңдету және қақтығыстарды дипломатиялық жолмен шешу қажеттігін атады.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Найла Мұхтарова мұндай келіссөздердің нақты нәтижелер әкелуі тиіс деп санайды.

–  Бірақ Таяу Шығыстағы жағдайды да ескеруіміз керек. Қазақстан үшін екіжақты қарым-қатынасты дамытумен қатар, бейбітшілікті қолдау және барлық тараптармен диалогты сақтау маңызды. Ең бастысы – келіссөздер нақты нәтижелерге әкелуі тиіс, – дейді Найла Мұхтарова.

Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның күн тәртібі аясында Арменияның Ереван қаласында өткен СОР17 биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі көшбасшылар саммитіне қатысуының өзі үлкен мәнге ие. Саясаттанушы, «Тұран» университеті Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінің директоры Нұрболат Нышанбайдың айтуынша, Қазақстан Президенті бұл саммитке қатысып қана қоймай, үлкен мәселе көтерген. Соның қай-қайсысы қызу талқыланып, қолдау тапқан.

– Меніңше, кез келген мәселе, мейлі экология болсын уақытында шешілмесе мемлекетті қатығысқа әкелетін де немесе басын қосатын да сол. Бұған дейін де жер, тау, өзен-көл үшін қаншама соғыс болғанын тарихтан білеміз. Сондықтан Мемлекет басшысы көрегенділік танытып, су ресурсына таласу әркеттері болдырмау мақсатта әрі мемлекеттер арасында түсініспеушілік туындамас үшін су дипломатиясын ерекше назарға алған. Сонымен қатар, Президент экологиялық жобаларды жаһандық құндылық, мүдде тұрғысынан қарау керегін көтерді. Әсіресе, біз Орталық Азия елінің бірі ретінде әрі теңізге тікелей шыға алмайтындықтан трансшекаралық өзендердің статусын көтерді. Мысалы, Іле, Ертіс, Сырдария өзендерінің бастауы басқа елден алынғандықтан трансшекаралық, яғни су мәселе бізді біріктіру керек дегенді меңзеп отыр. Бұл – бір. Екіншіден, су дипломатиясы жайлы мәлімдеме жасап қана қоймай, Алматы  қаласында БҰҰ-ның арнайы сол мәселені зерттейтін орталығын ашуды ұсынды, – деді саясаттанушы Нұрболат Нышанбай.

 Сарапшы СОР17 биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі көшбасшылар саммиті  экология саналуындықты сақтау бойынша елдердің нақты әрекетке көшкенін көрсетті деп санайды.

Оның пікірінше, осыған дейін СОР саммиттерінде негізінен биоалуандылық, жалпы экологияның ластануы мәселелері ғана айтылса, осы жолғыда алғаш рет мемлекеттер бірлесіп, жұмыс істеуге кірісті. Тіпті, осыған дейін істелген жобалардың сәтсіздігін де ашық айтылған.

  –   Одан бөлек жасыл  дипломатия ұстанымыздың бірізділігінің бір дәлелі. Авоз қаласында Түркіменстанда Арменияға дейін Каспий теңізіінің жағасындағы бес мемлекеттің де ортақ конвециясы қабылданды. Ол құжатта да Каспий теңізінің биоалуындығы сақтау бойынша алғаш рет бес мемлекет бірлесіп, 2006-2036 жылға жұмыс жоспарын да бекітті, – деді ол.

Сонымен қатар, COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жер көлемі бойынша әлемде 9-орын алатын бірегей биоалуантүрлілігімен ерекшеленетінін қозғады.

– Табиғат байлығын сақтау экономикалық өрлеумен қатар жүруі керек екеніне сенімдіміз. "Таза Қазақстан" қарапайым экологиялық тазалық ауқымынан шығып,  жалпыұлттық акциясы осы құндылықтарды арқау еткен. Бұл азаматтардың дүниетанымы мен өмір салтына ықпал ететін жалпыұлттық идеологияға айналып келе жатқаны қуантады, – деді Президент.

 Мемлекет  басшысының бұл ойын «Әділет» партиясы  жастар қанатының Абай облыстық филиалы төрағасы Темірлан Бақтияров қуаттады.

Оның айтуынша, «Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғауға ғана емес, қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Бүгінде бұл жобаның жалпыұлттық деңгейге көтерілуі халықтың, әсіресе жастардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

– Бұл бағытта жастар қанаты да белсенді жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, «Road-эстафета» секілді бастамалар арқылы тазалық мәдениетін насихаттап, тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға шақырамыз. Сонымен қатар, жастардың қатысуымен сенбіліктер, абаттандыру жұмыстары мен түрлі экологиялық акциялар ұйымдастырылып келеді. Абай облысында да жастар туған жердің тазалығын сақтауға және қоғамдық орындарға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға өз үлестерін қосуда.

«Таза Қазақстан» жобасының жалпыұлттық сипатқа ие болуы қоғамда ортақ жауапкершілік пен азаматтық белсенділіктің артып келе жатқанын көрсетеді. Ең бастысы, бұл бастама тұрақты түрде жалғасып, жастардың экологиялық мәдениеті мен елге деген жанашырлығын нығайта берсе дейміз. Себебі таза орта – келер ұрпаққа қалдыратын ортақ мұрамыз, – деді Темірлан Бақтияров.

Қазақстанның халықаралық әріптестігінің нәтижелерін бағалауда дипломатиялық кездесулер мен мәлімдемелер ғана емес, олардың нақты экономикалық және саяси нәтижелері, іске асырылған жобалар мен ұзақмерзімді ынтымақтастықтың келешегі де маңызды. Сондықтан негізгі міндет – қалыптасқан байланыстардың ел дамуына қосатын үлесін айқындап, алдағы кезеңдегі басым бағыттарды саралау.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:104
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2026 16:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

22 Қазан 2026 06:33see150

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

21 Қазан 2026 20:04see139

Астаналықтар балалар алаңындағы әскери суреттерге наразы болды: әкімдік жауап берді

21 Қазан 2026 19:20see138

Әлемнің 900 ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

21 Қазан 2026 20:15see137

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

22 Қазан 2026 04:10see135

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

22 Қазан 2026 22:28see129

Тәуелсіздікке бастар жол

22 Қазан 2026 04:49see128

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

22 Қазан 2026 23:05see124

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

22 Қазан 2026 04:24see124

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

22 Қазан 2026 05:02see122

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see119

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see116

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

22 Қазан 2026 23:05see116

Қысқы дөңгелектерге көшу уақыты келді: Қазақстанда полиция тексерулер бастады

22 Қазан 2026 23:06see116

Тоқаев әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

21 Қазан 2026 22:46see116

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see116

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see115

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып туған нәрестенің өмірі үшін 70 күн күресті

22 Қазан 2026 22:18see115

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see114

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары