Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты GRECO пленарлық отырысында таныстырылды

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты GRECO пленарлық отырысында таныстырылды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен күресті мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

2026 жылғы 26 наурызда Францияның Страсбург қаласында өткен Еуропа Кеңесінің GRECO-ның (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобы) 102-ші пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру барысын таныстырды. Еуропа Кеңесімен құрылған GRECO ұйымына 51 қатысушы мемлекет кіреді және Қазақстан Республикасы аталмыш ұйымның толыққанды мүшесі.

Пленарлық отырыста Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай Қазақстанда GRECO ұсынымдарының іске асырылу барысы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және елдегі жүйені дамыту бағытындағы жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар туралы баяндады.

Өз сөзінде ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясындағы ауқымды институционалдық өзгерістерге тоқталды. Сонымен қатар, елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, оған мүлдем төзбеушілік пен адалдық қағидаттарын орнықтыруға бағытталған жаңа модельдің кезең-кезеңімен енгізіліп жатқанын атап өтті.

Баяндамада қаржылық тергеулерді дамыту, құқық қорғау органдары арасындағы өкілеттіктерді нақты бөлу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды тергеуде мамандандырылған құрылымдардың рөлін күшейту мәселелері де көрініс тапты.

Сондай-ақ, азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту, уәкілдер институтын енгізу, қоғамдық кеңестердің әлеуетін арттыру және қоғамдық бақылау тетіктерін заңнамалық тұрғыда бекіту бағытындағы шаралар атап өтілді. Парламент қарауының соңғы сатысында тұрған бірқатар заң жобаларына да ерекше назар аударылды.

Қазіргі уақытта еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру мәселесі негізгі бағыттардың бірі ретінде айқындалып, ұлттық ерекшеліктер мен халықаралық стандарттардың үйлесіміне айырықша мән берілуде.

GRECO Іс-шарасы аясында, Дархан Жазықбай Еуропа Кеңесінің Адам құқықтары және құқық үстемдігі жөніндегі Бас директоры Джанлука Эспозито және GRECO Бюросы мүшесі,  Кипр делегациясының басшысы Алексиа Калисперамен кездесті. Кездесулер барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту, GRECO ұсынымдарын орындау барысында тиімді тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Наурыз 2026 19:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see169

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see168

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see155

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see154

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see142

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

22 Қыркүйек 2026 05:05see140

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see134

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

22 Қыркүйек 2026 05:29see126

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see123

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see122

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see114

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see112

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see90

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see90

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see88
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары