Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

Саңырауқұлақ сағатына 3% өседі

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

Ата аналар тілегін тыңдады

Жылуыңды жаз қамда

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

Атырауда құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны аман алып шықты

Жетісу облысында үйінде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды

ҚазМұнайГаз компаниясының адам капиталын дамытудағы үлесі

ҚазМұнайГаз компаниясының адам капиталын дамытудағы үлесі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Елдің экономикалық дамуы адам капиталының сапасына тікелей байланысты. Бұл тұрғыда «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен «Samryk-Kazyna Trust» қоры әлеуметтік жауапкершілік жүгін арқалап келеді. Олардың демеушілігімен «Bilim Foundation» қоры «Жарқын Болашақ» бағдарламасын жүйелі түрде іске асырады. Құрылымы әлемдік тәжірибелермен үндес ілкімді жоба жас буынды кәсіптік-техникалық дағдыға баулып, олардың еңбек нарығында орнығуына ықпалдасады. Бастама төңірегінде қор басшысы Ерлан Аманжолұлымен әңгімелестік.

– Кейінгі кездері экономика­­лық өсімді сақтау тек қаржылық ресурс пен инвестиция көлеміне ғана емес, адам капиталының сапасына тікелей тәуелді бола бастады. Ерлан Аманжолұлы, қалай ойлайсыз, мұның себебі неде?

– Бүгінде ел экономикасы сер­пінді өсім көрсетіп келеді. Биылғы нәти­желі инвестициялық ахуал, жаңа жұмыс орындарының ашылуы, инфра­құрылымның жаңғыруы дамудың ұзақмерзімді негізін қалыптастырып отыр. Алайда осы деңгейді тұрақты етіп, одан әрі ілгерілетуде бір ғана ресурс жеткіліксіз, бұл ретте білімді, білікті, бәсекеге қабілетті мамандар да маңызды рөл атқарады. Өйткені бұрын өндіріс қарапайым еңбек күшіне сүйенсе, қазіргі нарық автоматтандырылған жүйелер мен цифрлық технологиялар­ға иек артады. Бұл ретте «Біз қандай мамандарды даярлауымыз қажет?» деген сындарлы сауал туындайды. Егер еліміз айқындаған даму жолында экономикаға басымдық береміз десек, адам капиталына екпін қойып, оған инвестиция салу қажет.

Халықаралық тәжірибе көрсет­кендей, дамыған елдерде адам капи­талының сапасын көтеруге мемлекет қана жауапты емес, өндіріс орны мен жеке сектор да белсенді қатысады. Мәселен, Германия мен АҚШ-та кәсіпорындар мен оқу орындарының серіктестігі негізінде студенттердің басым бөлігі ерте кезден жұмыс істеп, өндірістік тәжірибеден өтеді. Үндістандағы «Future Right Skills Network», Сингапурдағы «Singapore Cooperation Programme» бастамасы да кәсіптік даярлау жүйесінің сапалы әрі оқу мазмұны еңбек нарығының талаптарына сәйкес болуына ықпал етіп отыр. Осылайша, мемлекетпен қатарласа адам капиталын дамытуға қаржы құйып қатысуы экономикада табысты болуында маңызды рөл атқарып тұр. Өйткені мұндай модель бір жағынан білім беру мен еңбек нарығы арасындағы алшақтықты азайтуға көмектеседі, жас­тар­дың кәсіби қарым-қабілетін жедел арттырады, әрі жас буынның оқу мен жұмыс арасындағы өтпелі кезеңді жеңіл өткеруіне мүмкіндік береді. «ҚазМұнайГаз» қолдауымен іске асқан «Жарқын Болашақ» бағдарламасы да осы халықаралық тәжірибелермен үн­де­сіп, еліміздегі адами капитал­ды дамытудың заманауи моделін қа­лып­тас­ты­руға үлес қосып отыр.

– Нақты қандай үлес қосып отыр? Қазіргі ел экономикасына тигізген оң нәтижелер бар ма?

– Бастама жастардың жарқын бола­шағын құруға көмектеседі, нақтырақ айтсақ, бағдарлама Маңғыстау өңірін­дегі жұмыссыздықты азайту, жастар­дың қарым-қабілетін шыңдауға ден қо­йып отыр. Неліктен Маңғыстау өңірі таңдалды? Өйткені статистика­лық деректерге сүйенсек, облыстағы бір Жаңаөзен қаласында жұмыссыз­дық деңгейі 5,1%. Ал NEET санатындағы ­жастар 11.6%-ды құрайды. Бір жағынан батыс аймақ – мұнай кен орындары көп шоғырланған еліміздің өндірістік аумағы. Алайда әр алуан саладағы мамандар тапшы. Аймақта өндіріске, техникалық бағытқа негізделген колледждер бар. Бірақ жастар тек бірегей бағытты ғана таңдады. Сондықтан біз жасөспірімдерді республиканың әр өңірінде орналасқан, бағдарлама аясында серіктестік орнатқан 60 колледж­ге бағыттаймыз. Кейін олардың түрлі өндірістік аймақтарда жұмысқа орналасуына да жәрдемдесеміз. Осылайша, жұ­мыссыздықты азайту, балаларды әлеу­­­меттендіру және елдегі адам капита­­лы­ның сапасын арттыруға үлес қосамыз.

Үш жыл уақыт шеңберінде бастама 12–22 жас аралығындағы азаматтардың еліміздің үздік колледждерінде тегін білім алып, кәсіби дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік берді. Күні бүгінге дейін 1 400-ге жуық жас оқуға түсті. Былтыр алғашқы түлектерді аттандырдық. Оның 118-і, яғни 97%-ы жұмысқа орналасты немесе жоғары оқу орындарына түсті. 2026 жылы бұл көрсеткіш 300-ге тартады. Өйткені біздегі басты құндылық, жобаға қатысқандардың 90%-дан астамы еңбек нарығында өз орнын табады немесе жоғары оқу орындарына түседі.

Жалпы, мұндай жобамен айналысу барысында біз тікелей нарыққа үлкен серпін береміз. Олай дейтініміз, есепке шақсақ, бір ғана өндірісте жұмыс істейтін маман жылына кем дегенде 3,5-4,5 миллион теңге көлемінде ішкі жалпы өнімге үлес қосады. Ал мыңға жуық түлек ұзақмерзімді  келешекте  ел экономикасына кемінде 150 млрд теңгеге жуық пайда әкеледі.

«Жарқын Болашақ» – тек білім беру жобасы емес, экономикалық және әлеуметтік мәселені қатар шешетін жүйелі бағдарлама. Ол жастарға мүм­кіндік беріп қана қоймай, болашаққа инвестиция жасап отыр.

– Бағдарламаның еліміздегі басқа білім беру жобаларынан басты ерекшелігін атап өтсеңіз.

– Ең басты айырмашылығы – бұл бағдарлама «оқытып, өз бетімен жіберу» тәсілімен жұмыс істемейді. Біз баланы оқуға түсірген сәттен бастап, еңбек­ке араласқанға дейінгі кезеңді бірге жүріп өтеміз. Себебі бағдарлама жұмыс бе­ру­­шілермен тікелей байланысқа не­гіз­­делген. Оқу ақысы, жол шығыны, жа­тын орны, шәкіртақы – барлығы толық қамтылады. Студенттер екінші курстан бастап өндірістік тәжірибеге жіберіледі. Көп жағдайда сол тәжіри­­­бе­ден өткен кәсіпорындарына тұрақ­ты жұмысқа орналасып жатады. Мысалы, кеше ғана Қостанайға барып, сол өңірдегі ірі «Allur» компаниясымен ме­морандумға қол қойдық. Олар Қостанай колледждеріндегі студенттерді машина жасау зауыттарына кәсіби практикаға қабылдауда. Сол сияқты еліміздің басқа өңірлерінде – Ақтөбе, Қарағанды, Өскемен, Павлодар секілді қалаларда да металл өңдеу, ауыр индус­трия салаларындағы кәсіпорындар бар және осы өндірістер мамандарды тартуда белсенді жұмыс жасауға тиіс. Егер әр компания өз аймағындағы жас буынның әлеуетін арттырып, кәсіби даярлауға өзінше үлес қосса, бұл жастардың кә­­сі­би өсуіне және экономикалық даму дең­гейіне оң әсер етеді.

Алайда елімізде бизнес секторы арасында мұндай тәжірибе әлі кеңінен таралған жоқ. Сол үшін «ҚазМұнайГаз» тәжірибесін басқа ірі компаниялар мен өнеркәсіп субъектілеріне үлгі ету қажет. Алысқа көз жүгіртсек, кәсіпорындар мен бизнестің «Жарқын Болашақ» секілді жобаларға қатысуының не атсалысуының екі негізгі пайдасы бар: бірі ақшамен өлшенетін тиімділік, яғни адам капиталын дамытуға салған инвестиция нәтижесіндегі табыс пен экономикалық көрсеткіштердің өсуіне әкелсе, екіншісі – жастардың әлеуметтік мобильділігіне ықпалдасу, білімге, тұлғалық дамуға деген ынтасын арттыру. Сондықтан еліміздегі бизнес қауымдастығын, ірі өндіріс орындарын дүйім Алаш жұртының болашағы үшін бірлесе жұмыс істеуге шақырамыз.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен –

Зейін ЕРҒАЛИ,

«Egemen Qazaqstan» 

Соңғы жаңалықтар

Заречный кентінің тұрғындары жаңа қонысқа көшті

Аймақтар • Бүгін, 14:25

2025 жылы қандай тұлғалармен қош айтыстық?

Тұлға • Бүгін, 14:00

Қасым-Жомарт Тоқаев Besqaru зауытымен танысты

Президент • Бүгін, 13:30

Рустам Баялиев қызметінен босатылды

Президент • Бүгін, 13:16

Биыл қанша жас дәрігер ауылдан жұмыс тапты?

Медицина • Бүгін, 13:00

Тайынша ауданында сабаннан сапалы жиһаз жасайтын цех ашылды

Экономика • Бүгін, 12:50

«Тағамдарға арналған дәмдеуіш»: Астанада қалтасына есірткі салып жүрген аспаз ұсталды

Оқиға • Бүгін, 12:40

Президент елордадағы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының көрмесіне барды

Президент • Бүгін, 12:39

Степногорскідегі «сұрықсыз» Аяз ата: тұрғындарды шошытқан мүсіндер алаңнан алынып тасталды

Аймақтар • Бүгін, 12:30

Депутат: Шағын және шалғай аудандар қолдаусыз қалып отыр

Қоғам • Бүгін, 12:25

Түркияда Ливия ұшағы апатқа ұшырады

Әлем • Бүгін, 12:20

Риддер тұрғыны баланы көлікпен қағып, өзі жалтарып кеткен

Қоғам • Бүгін, 12:05

Мемлекет басшысы Tausogar зауытын аралап көрді

Президент • Бүгін, 11:53

Алматыда әскери қызметшілер ардагер майдангерді құттықтады

Қоғам • Бүгін, 11:52

«Kundelik» жүйесіне тіркелген оқушылардың деректері расымен тарап кетті ме?

Білім • Бүгін, 11:40

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:192
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Желтоқсан 2025 14:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

21 Қыркүйек 2026 13:04see185

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see172

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

21 Қыркүйек 2026 18:03see169

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

21 Қыркүйек 2026 17:58see166

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

21 Қыркүйек 2026 15:55see165

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see157

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

21 Қыркүйек 2026 17:46see150

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see150

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

22 Қыркүйек 2026 02:23see146

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

21 Қыркүйек 2026 14:36see146

Саңырауқұлақ сағатына 3% өседі

21 Қыркүйек 2026 18:39see137

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see137

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see137

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see135

Ата аналар тілегін тыңдады

22 Қыркүйек 2026 04:25see132

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see124

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

22 Қыркүйек 2026 05:05see122

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see116

Атырауда құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны аман алып шықты

22 Қыркүйек 2026 02:21see113

Жетісу облысында үйінде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды

22 Қыркүйек 2026 02:22see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары