Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Қолынан ұстап, жабысты. Көлікте тиіссе не істеу керек?

Қолынан ұстап, жабысты. Көлікте тиіссе не істеу керек?

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қоғамдық көліктегі және басқа да қоғамдық орындардағы тиісу жайттары әлеуметтік желілерде жиі талқыланады. Зәбір көргендер кінәлілерді тауып, жауапқа тарту мақсатында бейнебақылау камералары мен телефондарына түсірілген жазбаларды жариялап жатады. Заң тұрғысынан не тиісу болып саналады, қайда жүгіну керек және құқықбұзушыны жазалауға қандай дәлелдер көмектесетінін Tengrinews.kz тілшісі заңгерлерден анықтады.

Тиіскені үшін қандай жаза қарастырылған?

Заң кеңесшісі Фарид Әлиевтің түсіндіруінше, Қазақстанда қоғамдық орындарда сексуалдық сипатта тиісу бойынша жеке бап жоқ. Мән-жайға байланысты құқық бұзушының әрекеті ұсақ бұзақылық, бұзақылық немесе - кей жағдайларда - сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеу ретінде саралануы мүмкін.

"Көбінесе мұндай жағдайлар ұсақ бұзақылық туралы бапқа жатады", - деді Әлиев.

Оның айтуынша, егер әңгіме қоғамдық орында тиісу, балағат сөйлеу немесе басқа да қорлайтын әрекеттер туралы болса, осындай саралау қолданылады. Егер тәртіпсіздік өрескел, агрессивті болып, зорлық-зомбылықпен ұласса, әрекет бұзақылық ретінде бағалануы мүмкін.

Заңгердің нақтылауынша, сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеу туралы бап әлдеқайда сирек - тек бопсалау, қорқыту немесе жәбірленушінің кінәліге тәуелділігі болған жағдайда ғана қолданылады.

Анықтама: Қазақстанда сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлегені үшін жауапкершілік Қылмыстық кодекстің 123-бабында қарастырылған. Заңға сәйкес, жыныстық қатынасқа немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге бопсалау, мүлікті жою, бүлдіру немесе алып қою қаупімен, сондай-ақ жәбірленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалану арқылы мәжбүрлеу 3 000 АЕК-ке дейінгі (2026 жылы 12 975 000 теңге) айыппұлмен, дәл сол мөлшердегі түзеу жұмыстарымен, бас бостандығын шектеумен немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.

Алғашқы минуттарда не істеу керек?

Заңгердің айтуынша, ең бастысы - үндемей қалмай, айналадағылардың назарын аударуға тырысу керек.

Ол келесі алгоритмді ұстануға кеңес береді:

Дауыстап және анық: "Тоқтатыңыз!", "Қолыңызды тартыңыз!" деп айту. Қауіпсіз жерге - басқа жолаушыларға, жүргізушіге немесе кондукторға жақынырақ бару. Мүмкіндік болса, телефонға дауыс жазуды қосу немесе болып жатқан жағдайды видеоға түсіру. Құқық бұзушының белгілерін, автобус немесе вагон нөмірін, оқиғаның уақыты мен орнын есте сақтау. Егер қауіпсіздікке нақты қатер төнсе - бірден 102 нөміріне қоңырау шалу.

Әлиевтің айтуынша, жұрт алдындағы реакция құқықбұзушыны әрекетін тоқтатуға мәжбүрлейді, ал видеожазба кейіннен маңызды дәлел болуы мүмкін.

Оқиғадан кейін қайда жүгіну керек?

Заң кеңесшісі Роман Желак құқық қорғау органдарына хабарласуды кейінге қалдырмауға кеңес береді.

Оның айтуынша, арызды оқиғадан кейін бірден де, кешірек те беруге болады, алайда бұл неғұрлым тезірек жасалса, қажетті дәлелдемелерді жинау мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

Төмендегілерге жүгінуге болады:

102 нөмірі бойынша полицияға; консультация беретін және құзыретті органдарға өтініш жолдауға көмектесетін 111 бірыңғай байланыс орталығына; жәбірленуші арыз бере алатын кез келген полиция бөлімшесіне.

"Істі бастау үшін жәбірленушінің өз арызы қажет", - деді Желак.

Не дәлел болады?

Роман Желактың айтуынша, куәгерлер жоқ болып көрінген күннің өзінде, бұл тиісу фактісін дәлелдеу мүмкін емес дегенді білдірмейді.

Дәлел ретінде мыналарды пайдалануға болады:

ұялы телефондағы видеожазба; автобустағы, метродағы, аялдамалардағы және басқа да қоғамдық орындардағы бейнебақылау камераларының жазбалары; куәгерлердің айғақтары; сөйлесудің аудиожазбасы.

Заңгер мүмкіндігінше барлық материалды оқиғадан кейін бірден сақтап, жазбалар уақтылы алынуы үшін полиция қызметкерлеріне бейнебақылау камераларының бар екенін хабарлауды ұсынады.

Полицияға хабарласу неге маңызды?

Заңгерлер көптеген жәбірленушінің құқық бұзушы бәрібір жазаланбайды деп есептеп, арыз жазбауды жөн көретінін айтады. Алайда дәл ресми өтініш тексеруді бастауға, камералардан жазбаларды сұратуға, кінәлінің жеке басын анықтауға және оның әрекеттеріне құқықтық баға беруге мүмкіндік береді.

Тіпті құқықбұзушы оқиға орнынан бой тасалап үлгерсе де, уақтылы берілген арыз оның тұлғасын анықтауға және жауапкершілікке тартуға мүмкіндікті едәуір арттырады.

Еркектерді әйелдерге тиісуге не итермелейді?

Қоғамдық көлікте немесе басқа да адам көп жиналатын жерлерде әйелдерге тиісетін еркектер, тіпті олардың түр-әлпеті әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жарияланса да, бұл әрекеттерін неге тоқтатпайды? Гештальт-терапевт және клиникалық психолог Галина Михнюктің айтуынша, бұл сұраққа біржақты жауап жоқ.

Анықтама. Төменде келтірілген мысалдар нақты адамдарға қойылған диагноз немесе оларға берілген баға емес. Бұл тек ықтимал психологиялық гипотезалар, себебі әр адамның тағдыры әртүрлі және мұндай мінез-құлықтың себептері де сан алуан болуы мүмкін.

Психологтың сөзінше, мұндай әрекеттерге баратын еркектерді шартты түрде бірнеше типке бөлуге болады.

Неге кейбіреулер жариялылыққа қуанады?

Кейбіреулер кез келген жолмен көпшілік назарына ілігуге тырысады. Олар үшін тіпті жағымсыз жағынан танылу да өзін маңызды сезінудің бір тәсіліне айналады. Михнюктің айтуынша, олар әлеуметтік желілер мен жаңалықтардағы жарияланымдарды жаза ретінде емес, өзіндік бір "нарциссистік қолдау" ретінде қабылдауы мүмкін.

Оның айтуынша, тағы бір топтағылардың ұстанымдары қасаң әрі терең тамыр жайған. Мұндай еркектер әйелді жеке тұлға ретінде емес, нысан немесе ресурс ретінде қабылдайтын ортада өскен. Соның салдарынан қоғамдық айыптау олардың мінез-құлқына ешқандай әсер етпейді.

"Мұндай ұстанымдарды өзгерту үшін интернеттегі жарияланымдар жеткіліксіз. Бұл не ұзақ мерзімді психотерапияны, не адамның өзі сезінетін нақты заңдық салдарларды талап етеді", – деп түсіндіреді психолог.

Жазадан қорықпаса

Маманның айтуынша, тағы бір санаттағылар өздерінің жазасыз қалатынын сезеді. Көбіне мұндай еркектер адам лық толы автобустарды, метроны, базарларды және көпшіліктің арасында оңай "жоқ болып кетуге" болатын жерлерді таңдайды. Олар бейнебақылау камераларын немесе телефонға түсіріп алуды нақты қауіп ретінде көрмейді.

Психологтың пікірінше, бұған ауыр салдардың болмауы себеп болады.

"Егер адам оны ең көп дегенде интернетте сөгетініне немесе көпшілік алдында кешірім сұрауға мәжбүрлейтініне, бірақ қылмыстық жаза болмайтынына сенімді болса, жазасыздық сезімі нығая түседі", – дейді ол.

Психолог адамдармен байланыс орнатудың бұзылуына қатысты жағдайларды бөлек атап өтті. Оның айтуынша, кейбір еркектер әйелдермен салауатты қарым-қатынас құруды білмейді. Бұған бала кезден қалыптасқан мінез-құлық үлгілері, жақын ересектердің іс-әрекетін қайталау немесе жеке психологиялық проблемалар себеп болуы мүмкін.

Психология ма әлде психикалық ауытқу ма?

Бірқатар жағдайда агрессивті мінез-құлықтың себебі психикалық ауытқулар болуы мүмкін. Алайда Михнюк бұл мұндай жағдайлардың аз ғана бөлігіне қатысты екенін және тексерусіз диагноз қою мүмкін емес екенін баса айтады.

Маманның айтуынша, бұл жерде адамның ойланбастан әрекет ететін, билігін көрсетуге тырысатын немесе құрбанға мүлдем жаны ашымайтын тұлғалық бұзылыстар туралы сөз болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда қоғамдық айыптау көбіне тиімсіз болып шығады.

"Ауыр психикалық ауытқулары немесе айқын тұлғалық бұзылыстары бар адамдар үшін әлеуметтік желідегі жарияланымдар іс жүзінде әсер етпейді. Бұл жерде заңдық шаралар және қажет болған жағдайда медициналық бақылау қажет", – дейді психолог.

Сонымен қатар мінез-құлыққа алкогольдік немесе есірткілік тәуелділік, сондай-ақ аддикцияның басқа түрлері әсер етуі мүмкін. Маманның түсіндіруінше, мас күйінде өзін-өзі бақылау төмендейді, сондықтан адам салдары туралы ойланбастан, тұтқиылдан әрекет етеді.

Неге әлеуметтік желілер тиісушілерді қорытпайды?

Михнюктің пікірінше, қоғамдық айыптау бәріне бірдей әсер етпейді. Кейбіреулер эмпатияның жоқтығынан оны елемейді, басқалары ауыр жаза болмайтынына сенімді, ал үшіншілері жағымсыз танымалдылықтан ләззат алады.

"Сондықтан мәселені тек әлеуметтік желілердегі жарияланымдармен шешу мүмкін емес. Көптеген адам үшін жалғыз тежеуші фактор – нақты заңдық салдарлар", – деп есептейді ол.

Неге құрбандар бірден қарсылық көрсете алмайды?

Психолог көптеген әйелдің тиісу кезінде неге сілейіп қалатынын және бірден жауап қата алмайтынын бөлек түсіндірді.

Оның айтуынша, бұл жүйке жүйесінің "сілейіп қалу" (замирание) реакциясы ретінде белгілі табиғи жауабы. Ол автоматты түрде пайда болады және адамның әлсіздігін немесе қорқақтығын білдірмейді.

"Бұл сәтте ми адамның аман қалуын қамтамасыз етуге тырысып, қозғалысты блоктайды. Сондықтан шабуыл жасаушыны бірден итеріп жібере алмағаныңыз немесе оған жауап қайтармағаныңыз үшін өзіңізді кінәламауыңыз керек", – дейді маман.

Сонымен қатар психолог мүмкіндігінше өз шекараңызды сөзбен қатты білдіруге кеңес береді: "Маған тиіспеңіз!", "Ары тұрыңыз!", "Не істеп жатырсыз?" Бұл агрессор сенетін анонимдік сезімін бұзуға және айналадағылардың назарын аударуға көмектеседі.

Оқиғадан кейін Михнюк болған жайтты жасырып қалмай, психологиялық жарақаттың немесе посттравмалық стресстік бұзылыстың алдын алу үшін жақындарымен талқылауға немесе психологқа жүгінуге кеңес береді.

Неге куәгерлер араласпайды?

Психологтың айтуынша, куәгерлердің әрекетсіздігінің де бірыңғай себебі жоқ. Маман әйелдер көбіне өз қауіпсіздігіне қорыққандықтан араласпайтынын атап өтті. Ал ер адамдар кейде өз агрессиясынан және жанжалдың ықтимал салдарынан сескенуі мүмкін.

"Өз шекарасын дұрыс қорғай алатын және эмоциясын тізгіндей білетін адам көбіне араласып, көмек шақырады немесе полицияға хабарласады. Бірақ әр куәгердің өз өмірлік тәжірибесі, қорқынышы мен жарақаты бар, сондықтан бұған ортақ түсініктеме беру мүмкін емес", – дейді маман.

Бұл ретте психолог мұндай қылмыстардың тиімді профилактикасы жазаның бұлтартпастығынсыз мүмкін еместігін баса айтты.

"Қоғамдық айыптау маңызды, бірақ ол мәселені өздігінен шешпейді. Адамдар мұндай әрекеттер үшін сөзсіз нақты заңды салдар болатынын түсінуі тиіс", – деп түйіндеді Галина Михнюк.

Шабуыл жасаған адамды ұрып, жазадан құтылуға бола ма? Заңгер түсіндірді

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:129
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Тамыз 2026 09:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see133

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see130

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see127

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see127

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see126

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see126

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see125

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see124

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see123

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see123

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see123

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see123

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see123

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see122

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see121

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see121

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see121

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see120

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see120

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары