Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Қоқысты қайта өңдеу мәселесі шешімін таба ма?

Қоқысты қайта өңдеу мәселесі шешімін таба ма?

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу әлі де өзекті мәселе болып отыр. Мамандардың айтуынша, еліміздің коммуналдық секторында жыл сайын жиналатын 4,5 миллион тонна қалдықтың тек 30 пайызға жуығы ғана кәдеге жаратылады. Қалған бөлігі қоқыс полигондарына жіберіледі. Енді бұл мәселені шешу мақсатында алдағы екі жыл ішінде еліміздің үш қаласында қалдықтарды өңдеп, пайдаға асыратын заманауи зауыттар салу жоспарланып отыр.

Құны 293 миллиард теңгені құрайтын бұл ауқымды жоба шетелдік инвестиция есебінен жүзеге асады. Жалпы, елімізде экологиялық мәдениет қаншалықты қалыптасқан? 

Елде жыл сайын бірнеше миллион тонна тұрмыстық қалдық түзіледі. Соңғы деректер органикалық, пластик және қағаз қалдықтарының үлесі жоғары екенін көрсетеді. Бұл қайта өңдеу саласына жаңа мүмкіндік береді. Алайда мамандардың айтуынша, қоршаған ортаны тазарту жұмыстарына қаржы тапшылығы ғана емес, заңнамалық талаптардың үйлеспеуі де кедергі. Министрлік бұл мәселені шешу үшін Қалдықтарды басқару орталығын құруды ұсынып отыр.

Жомарт Әлиев, ҚР экология вице-министрі:

- «Бүгінгі таңда қалдықтың пайда болуы мен қозғалысының толық көрінісі жоқ. Қалдықтардың 30%-і есепте көрсетілмейді, бақылаудан тыс қалады. Кәсіпорындардың тек 10%-і ғана есепті электронды форматта тапсырады. «Тұжырымдамада мына индикаторлар көзделген: радиоактивті қалдықтарды қоспағанда, барлық қалдық түрін 100% түгендеу; өнеркәсіптік қалдықтарды қайта пайдалану үлесін 10%-ке арттыру; полигонға жіберілетін коммуналдық қалдық көлемін кемінде 10%-ке төмендету.

Осылайша, 4 жылға арналған тұжырымдама мақұлданды. Ондағы 60 жобаның 22-сіне 185 млрд теңге қарастырылған. Министрлік пен әкімдіктер жауапты. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобалары жүзеге асуда.

Өңірлердегі жағдай саладағы күрделі мәселелерді көрсетеді. Былтыр Атырауда қатты тұрмыстық қалдық полигонын қалпына келтіруге 11 млрд теңге бөлінгенімен, құрылыс әлі басталмаған. 50 жыл бұрын ашылған ескі полигонда бүгінде 3,5 млн тоннаға жуық қалдық жиналған. Ал қолданыстағы сұрыптау кешені жылына небәрі 150 мың тонна қалдық өңдей алады.

Есенжан Шауданұлы, «Арнаулы Автобаза» мекемесі басшысының орынбасары:

- Кешен 150 мың тонна қоқыс қабылдап, сұрыптай алады. Күнделікті әкелінген қоқыстың басым бөлігін тамақ қалдығы. 4-6 пайызы пластик, қаңылтыр банкалар және картон секілді қайта өңделетін шикізаттар. Оларды сұрыптап, өңдейтін мекемеге жібереміз.

Ал сарапшылар халықтың қоқыс сұрыптау мәдениетін қалыптастыру маңызды дейді.

Батырбек  Әубәкіров, Қайталама шикізатты қайта өңдеушілер  қауымдастығының төрағасы:

- Тетрапактарды, макулатураны, шыныны тапсыруға болады. Біз қалдықтың полигонға аз барғанын қалаймыз, өйткені онда олар ешқашан қайта өңделмейді. Қалдықтарды бастапқы көзінде сұрыптау өте маңызды. Процесс баяу болса да жүріп жатыр. Бүгінде шетелден қайта өңделген тауар әкелеміз, бірақ инвестицияны сыртқа емес, өзіміздің өңдеу саласына бағыттауға болады.

Полигондарды жаңарту және инфрақұрылым салу қарқынының төмендігі көптеген өңірге ортақ мәселе. Бұл олқылықтарды жою үшін тиісті мекемелер жоспар әзірледі. 2030 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін 35–40%-ке жеткізуді және кемінде 50 жаңа қайта өңдеу кәсіпорнын ашуды көзделіп отыр.

Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова, Арыстанбек Кенже,  Арман Ақшабаев

 
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:141
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Желтоқсан 2025 17:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары