Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Қорғаныс министрі Родина ауылында әскери тарихи музей филиалын ашты

Қорғаныс министрі Родина ауылында әскери тарихи музей филиалын ашты

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Ақмола облысының Родина ауылында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы әскери-тарихи музейі филиалының салтанатты ашылуы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ескерткіште Жеңісті жақындатуға үлес қосқан 130-дан астам ақмолалықтың есімі қашап жазылған. Рәсімге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, Қарулы Күштердің ардагерлері, қоғам өкілдері және өңір тұрғындары қатысты.

Жаңа музей кешені жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу мен тарихи жадты қалыптастыруда маңызды нысанға айналып отыр. Экспозицияда Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі қару-жарақ пен әскери техника үлгілері, архивтік материалдар, жауынгерлік тулардың түпнұсқалары, сондай-ақ Ақмола өңірінің Жеңісті жақындатуға және елдің дамуына қосқан үлесі туралы баяндайтын жәдігерлер қойылған.

Әскери-тарихи музейдің филиалы «Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэрдің бастамасымен және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қолдауымен ашылып отыр.

Музейді ашу ісіне Халық қаһармандары, армия генералы Мұхтар Алтынбаев, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, сондай-ақ генерал-полковник Руслан Жақсылықов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Әсенов және басқа да азаматтар елеулі үлес қосты. Жобаны жүзеге асыру үшін құрамына әскери-тарихи музей қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен «Родина» агрофирмасының мамандары кірген жұмыс тобы құрылды. Сондай-ақ Марат Құсайынов жетекшілік ететін «Мемориалдық аймақ» іздестіру жасағы зор көмек көрсеткенін атап өту керек.

Музейдің негізгі міндеті – келушілерді өңір мен Родина ауылының тарихымен таныстыру, туған өлкенің батырларының есімін мәңгі есте қалдыру, сондай-ақ олардың ерлігі мен жанқиярлығы үлгісінде жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру. Музейді ашу барысында заманауи әскери-музейлік кешендерді қалыптастырудағы озық шетелдік тәжірибе ескерілді.

Музейдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қорғаныс министрі ұрпақтар сабақтастығының ерекше маңызын атап өтті.

– Бүгін біз жай ғана музей емес, болашақ құрметпен ұрпақ тәу етер тәрбие орнын ашып отырмыз. Мұндай жобалар арқылы жастар бейбіт өмірдің қадірін, аға буынның ерлігін және Отанға қызмет етудің маңызын тереңірек түсінетін болады. Тарих тек оқулықтарда немесе цифрлық кеңістікте ғана болмауы керек, оны көріп, сезіне білу қажет, – деп атап өтті авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов.

Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың бастығы Арман Әсенов музей ісін дамыту жастардың патриоттық санасын қалыптастырудың маңызды бөлігі екеніне тоқталды.

– Мұндай музейлер балалардың өткен тарихпен танысып, ата-бабаларымыздың ерлігінің нақты айғақтарын көзбен көріп, жүрекпен сезінуіне мүмкіндік беру үшін ашылады. Патриоттық сезім өз тарихына, мәдениетіне және аға буынның ерлігіне деген құрмет арқылы қалыптасады. Келешекте осындай музейлер еліміздің барлық ауылдарында ашылуы үшін бар күшімізді саламыз, – деді ол.

Музейге 100-ден астам жәдігер қойылған. Олардың қатарында 1939-1944 жылдары шығарылған 16 әскери техника бар. Атап айтқанда, бронды техника, артиллериялық жүйелер, ұшақ үлгілері, атыс қарулары және әскери тұрмысқа қатысты заттар. Көптеген жәдігерлер бұрын Қарулы Күштер әскери-тарихи музейінің қорында сақталған.

Экспозицияның жекелеген бөлімдері ақмолалық батырларға, соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің ерлігіне, сондай-ақ өңір мен Қазақстан Қарулы Күштерінің дамуына арналған.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы мен «Жас сарбаз» балалар студиясының өнер көрсетуімен аяқталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:115
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Мамыр 2026 17:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see141

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see138

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see136

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see135

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see135

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see134

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see133

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see133

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see131

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see131

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see131

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see131

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see131

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see130

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see129

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see129

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see129

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see128

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see128

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары