Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Қазақстан мен Бельгия бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытады

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Кофені көп ішсе, не болады?

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев WTT Youth Smash турнирінде күміс медальға ие болды

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Құтқарушы өзінің емес, өзгенің амандығын ойлайды Шынболат Берікұлы

Құтқарушы өзінің емес, өзгенің амандығын ойлайды Шынболат Берікұлы

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қазан айының 19-ы – Құтқарушылар күні. Еліміздегі ең жауапты әрі қаһарман мамандық иелерінің мерекесі. Бұл күн – өз өмірін қатерге тігіп, өзгенің өмірін сақтап қалу жолында аянбай еңбек ететін ер жүрек жандарға құрмет көрсету күні.

Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін елімізде кәсіби апаттық-құтқару қызметі болмаған еді. Сол жылдары адамдарды және қоғамды апаттық жағдайлардан құтқару ісімен көбіне қоғамдық ұйымдар мен ерікті құтқару бекеттері айналысқан. Ал бұл міндеттің бір бөлігі милиция қызметкерлеріне жүктелді.

Мемлекеттік деңгейде маңызды бұл қызмет жүйесін қалыптастыру мақсатында 1995 жылы еліміздің төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды. Осы тарихи шешімнің нәтижесінде 19 қазан – Құтқарушылар күні болып белгіленді.

Төтенше жағдайлар саласы — үлкен жауапкершілікті, темірдей тәртіп пен рухани беріктікті талап ететін сала. Бұл қызметтің өкілдері кез келген тосын жағдайдың алдын алып, зардабын жоюға бар күшін салады. Апатқа ұшыраған адамдарды құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Сондықтан да құтқарушылар заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылып, үнемі кәсіби, медициналық және психологиялық тұрғыда дайындықтан өтіп отырады.

Осындай ерлік пен табандылықтың жарқын үлгісін Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғау подполковнигі Шынболат Берікұлы Әзімбаев көрсетіп келеді.

Ол 2007 жылы Көкшетау техникалық институтын тәмамдап, содан бері өрт сөндіру саласында табан аудармай еңбек етіп келеді. Қазіргі таңда Жамбыл облыстық департаментінде жедел кезекші қызметін атқарады.

«Өрт сөндіру мамандығын таңдауыма әкем себеп болды. Ол да өмір бойы осы салада еңбек етіп, зейнетке шыққан. Мен әкемнің жолын жалғап, осы қызметті таңдадым. Тіпті жұбайым да бұл саладан алыс емес — ол 112 нөмірінде диспетчер болып істейді», дейді құтқарушы.

Бұл мамандықтың ауыртпалығы аз емес. Құтқарушы күн сайын қауіпті ортаға кіріп, адам өмірін арашалап қалады. Дегенмен, Шынболат Берікұлы өз таңдауы үшін еш өкінбейді.

«Кез келген төтенше жағдайда өрт сөндіруші ең алдымен өз өмірін емес, адамдардың амандығын, өрттің таралу қаупін ойлайды. Нағыз өрт сөндіруші батыл, қызметіне адал және қорқынышын жеңе білетін адам болуы керек», деп ойын түйіндеді ол.

2021 жылы Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасында болған жарылыс кезінде ол ауыр жарақат алған екі қызметкерді оттың арасынан аман алып шыққан. Сол оқиға кезінде өзі де жарақат алғанымен, қызметінен бас тартпады. Ал соңғы оқиғада бес қабатты тұрғын үйден шыққан өрт кезінде үш баланы құтқарып, олардың өмірін сақтап қалды.

Көрсеткен ерлігі үшін ол Мемлекет басшысының қолынан Сағадат Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

«Бүгінгі марапат өте керемет өтті. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының қолынан марапат алғаныма, өте қуаныштымын. Бұған дейін мұндай марапат алған емеспін. Президентке, министрлікке және ТЖД басшылық құрамына біздің еңбегімізді бағалағаны үшін алғыс айтамын», дейді Шынболат Берікұлы.

Құтқарушылардың қызметі — көзге көрінбейтін, бірақ ел өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды тірек. Олар күннің ыстығы мен суығына, жел мен түтінге қарамай, «тілсіз жаумен» күресіп, әр адамның өмірі үшін арпалысып келеді.

Сондықтан Құтқарушылар күні – бұл жай ғана кәсіби мереке емес, ел амандығы үшін аянбай еңбек ететін, ерлік пен адамгершіліктің символына айналған жандардың мерекесі.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:215
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қазан 2025 20:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see146

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see142

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see138

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see138

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see137

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see131

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see129

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see127

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see124

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see119

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see119

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see119

Қазақстан мен Бельгия бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытады

12 Қазан 2026 17:49see110

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see108

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see107

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see107

Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев WTT Youth Smash турнирінде күміс медальға ие болды

12 Қазан 2026 18:37see104

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see104

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары