Қытай жел энергиясымен жұмыс істейтін суасты деректер орталығын салды
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Нысан Шанхай пилоттық еркін сауда аймағының Линьган жаңа ауданында орналасқан.
Жергілікті әкімшіліктің мәліметінше, орнатылған қуаты 24 МВт болатын жобаға салынған инвестицияның жалпы көлемі 1,6 млрд юаньді (шамамен 226 млн доллар) құрады.
Су астындағы деректер орталығы қуатының 95%-дан астамы жаңартылатын көздерден алынады. Дәстүрлі жердегі дата-орталықтармен салыстырғанда жаңа қондырғы қуат тұтынуды 22,8%-ға азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар судағы және жердегі ресурстардың пайдаланылуын сәйкесінше 100%-ға және 90%-ға қысқартады.
Линьган ауданының үкіметі атап өткендей, су асты орталығының пайдалануға берілуі – теңіздегі жаңартылатын энергия көздері мен деректер орталықтарын біріктіру әлеуетін көрсететін технологиялық жетістік.
Бұған дейін Қазақстан Google Cloud жаһандық желісіндегі өңірлік хабқа айналатынын жазған болатынбыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:44
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2025 23:27 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















