Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Қытайда тұратын хаткер: Хұснихат қазақтың көркем жазу өнері

Қытайда тұратын хаткер: Хұснихат қазақтың көркем жазу өнері

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазақ халқы өзінің елдік белгісін ең әуелі таңбадан бастаған. Таңба тек рулық жалауларда немесе малға басылатын белгі ретінде ғана қолданылмай, тастарға, әртүрлі әсемдік бұйымдарға, мола-тастарға ойылып жазылған. Бұл – халқымыздың ерте кезеңнен-ақ жазу мәдениетіне ерекше мән бергенін көрсетеді.

Белгілі ғалым Әлікей Марғұлан «Таңбалы тас» атты еңбегінде жазуды қастерлеген тайпалар қатарында қыпшақтар, қаңлылар, оғыздар, қарлықтар, наймандар, керейлер, шектілер, қияттар, басылымдар мен үңгіттерді атайды. Ғалымның атап өтуінше, бұл тайпалардың жазу білетін бітікшілері, абыздары мен бақсылары әр жерде топ-топ жазулар қалдырып отырған.

Зерттеулерге қарағанда, қазақ халқының Араб жазуын кең көлемде қолдануы XIV–XV ғасырлардан басталады. Осы кезеңнен бастап халқымыздың өзіндік хаткерлік дәстүрі қалыптасты.

Көрнекті жазушы әрі фольклоршы Зейнолла Сәнік еңбектерінің бірінде қазақ даласындағы жазу мәдениетінің тарихы одан да тереңде жатқанын айтады. Оның пікірінше, алғашқы қазақ хандары Орыс хан мен Әз Жәнібек тасқа ойдырған ескерткіштерден бастап есептегенде, қазақ халқының араб жазуын қолданғанына бес ғасырдан астам уақыт болған. Ал бұл дәстүрді одан әрі тереңдете қарастырсақ, Әл‑Фараби, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Мұхаммед Хайдар Дулати және Қадырғали Жалайыр сынды ғұламалардың жазба мұраларына дейін жалғасатын ұзақ тарихқа ие.

Зерттеушінің айтуынша, бұл кезеңдердегі хаткерлік мұра толық зерттеліп бітпегенімен, ел ішінде өзіндік ықпалын сақтап, дәстүрлі жазу үлгілерінің қалыптасуына негіз болды. Уақыт өте келе жазудың түрлі үлгілері, қағидалары мен өлшемдері жетіліп, хаткерлік өнер жеке бір көркем өнер саласына айналды. Осылайша ол қазақ халқының мәдени өмірінде ерекше орын алып, рухани мұраның бір бөлігі ретінде қалыптасты.

Бүгінде қазақтың хаткерлік өнерінің негізгі мұрагерлері – Қытайдағы қандастар. Өкінішке қарай, олардың да саны біртіндеп сиреп келеді. Назарларыңызға Қытайдың Алтай аймағында тұратын, осы хаткерлік өнерді насихаттап жүрген Талғат Сейітұлымен болған сұхбатты ұсынамыз.

– Әуелі хаткерлік өнерінің тарихы туралы айтып берсеңіз?

– Хұснихат – Шығыс халықтарында ерекше дамыған көркем жазу өнері. Шығыста сөз өнерімен қатар жазу өнеріне де үлкен мән берілген. Көркем сөйлеу қалай жоғары бағаланса, көркем жазу да солай қадірленген.

Хаткерлік өнері араб жазуы негізінде үлкен ғылыми деңгейге көтерілді. Ислам елдерінде және қытай иероглифтерінде де бұл өнер жоғары деңгейге жеткен.

Фото: Талғат Сейітұлының жеке мұрағатынан

Әлемнің әр түкпіріндегі халықтар өз мемлекетінің іргесін бекіту үшін түрлі жазу үлгілерін қалыптастырып, оны көркемдеп жазудың шеберлігін дамытты. Қазақ даласы да бейнелі жазудың мекені деп айтуға болады. Тасқа қашалған таңбаларымыз, кешегі Күлтегін жазбалары сөзіміздің айқын дәлелі. Әлемдік хаткерлік өнеріне қазақ ұлтын құраған найман, қаңлы, қоңырат және басқа да тайпалардан шыққан тұлғалар үлкен үлес қосты. Шығыстың ұлы ғұламалары, ақындары мен философтары хұснихаттың қыры мен сырын терең меңгерген.

Түрік, қазақ, араб, қытай хаткерлері әлемнің әр түкпірінде өмір сүргенімен, бір-бірін танымаса да, көркем жазу өнеріндегі әдіс-тәсілдерінде ұқсастық пен сабақтастық бар екенін байқаймыз.

– Қазақ хаткерлік өнері туралы айтып берсеңіз?

– Қазақ хаткерлігінің түп-тамыры араб хаткерлігінен бастау алады. Ахмет Байтұрсынұлының араб графикасы негізіндегі төте жазуды қолданысқа енгізуі қазақ хаткерлігінің дамуына үлкен жол ашты. Соның нәтижесінде төте жазу үлгісіндегі өрнекті, бейнелі көркем туындылар жазыла бастады.

Фото: Талғат Сейітұлының жеке мұрағатынан

Шыңжаңдағы ұйғыр, қазақ, қырғыз халықтарының барлығы араб жазуы үлгісінде хаткерлікпен айналысып келеді.

– Бұл мамандықты қалай игердіңіз?

– Біз сауатымызды Ахмет Байтұрсынұлы негізін қалаған төте жазу әліпбиімен аштық. Бұл жазу біздің төл жазуымыз ретінде жүрегімізден ерекше орын алды.

Мектепте «Көркем жазу» деген пән болды. Өзім де әдемі жазуға қатты қызығатынмын. Кейін университетке оқуға түстім. Негізгі мамандығым басқа болғанымен, сол жылдары сырттай ұйғыр хаткерінен сабақ алдым. Оны жеке хобби ретінде үйрендім.

Фото: Талғат Сейітұлының жеке мұрағатынан

– Хұснихаттың неше түрі бар? Өзіңіз қанша түрімен жаза аласыз?

– Шыңжаңда өнері жоғары, «хаткерлердің атасы» атанған Ниязкерім Шарқи есімді ұйғыр хаткер бар. Жасы тоқсанға таяп қалды. Мен сол кісіден дәріс алдым.

Қазақ хаткерлігінде бүгінде 12 түрлі жазу үлгісі бар. Мен талық, рухи және дивани деген үш үлгіде еркін жаза аламын.

– Осы өнер бойынша байқаулар өтіп тұра ма?

– Аудандық, аймақтық, облыстық деңгейде байқаулар ұйымдастырылады. Көбіне көрме форматында өтеді. Суретшілердің жұмыстары қойылған көрмелердің бір бөлігі хаткерлердің туындыларына арналады.

Мен де осы байқауларға жиі қатысамын. Жетістіктерімнің нәтижесінде Алтай аймақтық «Хаткерлер қоғамының мүшесі» атандым.

Фото: Талғат Сейітұлының жеке мұрағатынан

– «Хаткерлер қоғамы» қалай жұмыс істейді?

– Бұл – қарапайым қоғамдық ұйым. Аймақтық немесе аудандық ақпарат және насихат бөлімдеріне қарайды. Үгіт-насихат жұмыстарына қатысады. Хаткерлердің басын қосып, жиналыстар, көрмелер, жарыстар секілді түрлі шаралар өткізеді.

– Хаткерлік табыс көзі бола ала ма?

– Негізінен бұл – табыс көзі емес, өнерге деген құштарлық. Дегенмен, бүгінгі нарық заманында өнерді бағалайтын адамдар бар. Кейбір компаниялар, ресторандар немесе кәсіпкерлер хаткерлік туындыларды жоғары бағамен сатып алады.

Кейде арнайы тапсырыстар қабылдап, қабырғаға жазулар жазамыз. Кейбір адамдар ұлы тұлғалардың нақыл сөздерін, ақындардың өлеңдерін жаздырып, үйінің төріне іліп қояды. Біз көбіне жазған дүниемізді қазақы дархандықпен сыйға тартып жатамыз. Өзге ұлт өкілдері арасында хаткерлікті табыс көзіне айналдырып жүргендер де бар.

Фото: Талғат Сейітұлының жеке мұрағатынан

– Бұл өнермен айналысатын жастар бар ма?

– Өте аз. Себебі бұл өнерді қиыншылығына төзген, шынайы қызығушылығы бар адам ғана меңгереді. Бұрыннан айналысып жүрген санаулы хаткерлер жалғастырып келеді.

Қазіргі жастар қолмен жазғаннан гөрі компьютермен жазуды жөн көреді. Сонымен қатар жасанды интеллект те көп нәрсенің орнын алмастырып жатыр. Бірақ қолжазбаның құны бәрінен жоғары деп есептеймін.

– Үйренгісі келетіндерге оқу құралдары бар ма?

– Шыңжаңдағы ұйғыр, қырғыз, қазақ ұлттары 1986 жылдан бастап өз ұлттық хаткерлік ерекшеліктерін зерттеп, оқу құралдарын шығара бастады. Қазақ хаткерлері де бірнеше «Көркем жазу» оқулығын құрастырды. Алайда оларды толыққанды деп айта алмаймын.

2018 жылдан бастап Шыңжаңдағы аз ұлт өкілдері араб хаткерлігінің негізгі нұсқалары бойынша әлемдік стандартқа сай бірізділікке келе бастады.

Фото: Kazinform / Ризабек Нүсіпбек

– Жазу үшін қандай құралдар қолданасыз?

– Хаткерлер қаламсапқа ерекше мән береді. Оны ағаштан немесе қамыстан жасап, жазу түріне қарай әртүрлі әдіспен ұштаймыз. Қаламсапты арнайы қапта сақтап, үнемі өзімізбен алып жүреміз. Кейде бір-бірімізден қалап сұрап алып жатамыз. Қазір ұйғыр шеберлері қаламсап жасап, сатумен айналысады.

– Көбіне қандай туындылар жазасыз?

– Ұлы ойшылдардың нақыл сөздерін, жүрекке жеткен ақындардың өлеңдерін көркемдеп қағазға түсіремін. Соңғы жылдары ұлы Абайдың қара сөздерін жазып жүрмін.

1920 жылдары дүниеден өткен ардагер ақын Әсен Найманбайұлы:

- Құштармын сұлу хатқа жаным төніп,
Хаткерге ішім жылыр, ділім еріп.
Дариға-ай, содан артық ләззат бар ма,
Хош хатпен жазсаң сөзден гауһар теріп.

Көз шаршар сыйықсыздан көңіл ғажып,
Көркемдік — көзге қуат, көңілге азық.
Шегілген шебер қолмен кестедей боп,
Жібермек әсем жазу бойды жазып, - деген екен. Сол кісі айтқандай, көзге қуат, көңілге азық бағыштайтын хаткер қаламдастарымыздың жазары мол болып, жастарға үйретіп, бұл мұраның ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса беруіне тілектестік білдіремін.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:192
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Наурыз 2026 11:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see159

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see149

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see149

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see148

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see147

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see145

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see141

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see140

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see137

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see135

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see131

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see130

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see126

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see125

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see122

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see121

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see120

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see116

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары