Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Қазақстан мен Бельгия бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытады

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Қытайда ұшатын көліктер шығарыла бастады

Қытайда ұшатын көліктер шығарыла бастады

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қытайлар ұшатын көліктерді жаппай шығаруға кірісті, деп хабарлайды 24KZ. Көрші елдің Гуанчжоу қаласында әлемдегі алғашқы зауыт іске қосылды. Жаңа темір тұпарлардың ерекшелігі жерде де көкте де жүре алады. Инновациялық жоба прототиптік кезеңнен коммерциялық кезеңге өтті. Енді бұл көліктер нарыққа қашан шығарылады?

Қытайлар қиялды шындыққа айналдырып ұшатын көліктер дәуірін бастады. Бұған дейін инженерлер олардың тек нобайын ғана жасап, көрмелерде үлгісін көрсетіп қана келген еді. Енді бір-екі прототип емес, нарыққа шыға алатындай жаппай өндіріске көшті.

Оған дәлел Гуанчжоу қаласында ашылған зауыт. Жылына 10 мың дана көлік шығаруға қауқарлы. Өндіріс орны роботтандырылған интеллектуалды технологиямен жұмыс істейді. Ерекшелігі әрбір 30 минут сайын бір көлік құрастырылады. Қазір инженерлер ұшатын көліктердің алғашқы легін жасап шығарды. Әуеавтосының ұзындығы 5,5 метр. Алты дөңгелегі бар. Екі бөліктен тұрады. Негізгі бөлігі жерде қозғалып, тасымалдаушы база қызметін атқарады. Ал екінші бөлігі тоқпен ұшады. Орнынан тік көтіріліп, қайтып қона алады. Ол жүргізушінің басқаруымен де автоматты түрде жүзеге асырыла береді.

Чэнь Шихуа, көлік өндірушілер қауымдастығы төрағасының орынбасары:

- Алғашқы кезеңде 5 мың дана көлік шығарылады. Бұл көлікпен ортақ қолданыстағы жолдармен жүруге болады. Ол үшін стандартты жүргізуші куәлігіңіз болса жеткілікті. Бірақ ұшатын бөлігін пайдалану үшін үкімет ортақ ережелер бекітуі керек. Ал аялдау үшін арнайы белгіленген тұрақтар жасалуы қажет. 

Бұл ұшатын көлік саласындағы әлемдегі ең бірінші коммерциялық қадам болып отыр. Қазір мамандар зауыттың өндірістегі технологиялық мүмкіндігін тексеріп жатыр. Дайын өнімді нарыққа 2026 жылы шығару жоспарда. Ал бағасы жеткізу, экспорт және халықаралық сертификациялық салықтар мен логистика шығындарына байланысты.

Алайда бұл көлікті ала салып ұша беруге болады деген сөз емес. Бірқатар кедергілер әлі де бар. Қытайда пайдалану ережесі, қауіпсіздік, басқару толық жүйеленбеген. Қазір елде арнайы тұрақтар, әуе жолдары мен станциялар сияқты инфрақұрылым жетілдіріліп жатыр. Дегенмен компания оларды келесі жылы ресми сатылымға шығаруды көздеп отыр. Бастапқы құны 280 мың доллардан басталады. Демек бұл ұшатын көліктер біздің елге де барып қалуы мүмкін.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Мадияр Ерсайын

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Желтоқсан 2025 16:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see144

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see143

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see141

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see140

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see139

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see139

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see136

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see136

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see135

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see129

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see129

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see127

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see125

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see122

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see120

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see117

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see117

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see117

Қазақстан мен Бельгия бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытады

12 Қазан 2026 17:49see108

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары