Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Премьер министр газ тарифіне қатысты тапсырма берді

Ормұз бұғазындағы қауіп: Мұнай қайтадан қымбаттап жатыр

Алматыда түн ортасында ауыр жол апаты болды: мотоцикл мінген екі адам зардап шекті

Екінші пәтерге ипотека рәсімдеуге бола ма?

Бішкек әуежайында төтенше жағдай болды видео

Жүктердің арасына жасырылған 500 млн теңгенің заңсыз тауары тәркіленді

Қазақстандықтар ұшақ егеуқұйрықтарымен кездесіп, жолаушылардан мұқият болуды сұрады

Ақша төленіп жатыр, бірақ жөндеу жұмыстары жоқ: тұрғын үй қаржысын қалай тексеруге болады?

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

Көкшетау мен Петропавлға газ жеткізетін құбырдың құрылысы қашан басталады

Түркі әлемінің әдебиеті жобасына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2026 жылдың басынан бері шамамен 8% өсті

Тағы төрт ақылы жолда орташа жылдамдықты бақылау енгізіледі трассалар тізімі

Тәулігіне бір реттен көп емес . Қазақстанда көліктің кіруіне шектеу қойылды

Елордада кондитерлік дүкен қызметкері әріптесінің сөмкесінен алтын білезікті ұрлап кеткен

Сотқа беремін! . Мбаппені сынаймын деп одан сөз естіген парагвайлық саясаткер әйел шала бүлінуде

Бір реттік өкілеттік мерзім жөніндегі норма қазіргі Президентке де қатысты Ерлан Қарин

Энергетика министрлігі: Қазақстан үшін жанармай тапшылығының қаупі жоқ

Алматының жатын аудандарындағы ақылы тұрақтар орналасуы бекітілді

Түркістанда жүздеген мектеп, аурухана мен спорт нысаны экологиялық талапты бұзған

Қызылордада 18 мыңға жуық адам Таза Қазақстан акциясына атсалысты

Қызылордада 18 мыңға жуық адам Таза Қазақстан акциясына атсалысты

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Ауқымды акцияға облыс бойынша 17694 адам қатысты. Олардың қатарында зиялы қауым өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, басқарма, департамент және инспекция басшылары, «AMANAT» партиясының өкілдері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар ұйымдары мен экобелсенділер болды.

«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Тазалық – өркениетті қоғамның айнасы, дамуға ұмтылған кез келген елдің мызғымас ұстанымы»,- деген болатын. Қоршаған ортаны қорғау, оны күтіп ұстау тек мемлекеттің ғана емес, әр азаматтың міндеті және қоғамның ортақ негізгі құндылықтардың бірі болуы тиіс. Өңірімізде санитарлық тазалық, абаттандыру, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау бағытында кешенді жұмыстар қарқынды жүруде. Қызылорда қаласындағы орталық алаң, қалалық мәдени-демалыс паркі және Қорқыт ата сквері, бүгінгі шарамыз өтіп жатқан Ботаникалық саябақ қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді. Өңірімізде дизайн код бекітіліп, облыс орталығынан бастап барлық елді мекендер бірегей архитектуралық талаптарға сәйкестендірілді. Облыс орталығындағы 80-нен аса ескі көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері заманауи панельмен қапталды. Биыл да бұл жұмыстар жалғасын тауып, қосымша 21 тұрғын үй жаңғыртудан өтуде», деді аймақ басшысы.

Іс-шарада қоршаған ортаны қорғауға және тазалық жұмыстарын тұрақты жүргізуге үлес қосқан 100 қызметкер марапатталды. Экологиялық инфрақұрылымды нығайту мақсатында салалық мекемелерге 26 арнайы техника табысталды. Оның ішінде қалдық тасымалдаушы көліктер, өрт сөндіру техникалары, тракторлар және кіші өрт сөндіру кешендері бар.

Ботаникалық саябақ аумағы көгалдандырылып, 500 түп қылқан жапырақты ағаш отырғызылды. Бұл жұмыстар өңірді жасыл желекке бөлеуге, ауа сапасын жақсартуға және қала тұрғындары үшін қолайлы экологиялық орта қалыптастыруға бағытталды.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде облыстың барлық елді мекенінде бір мезгілде ауқымды сенбілік және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.

Облыс әкімі Ботаникалық бақ аумағында орналасқан Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің бастамасымен қолға алынған жылыжай жұмысымен танысып, оқытушыларымен пікір алмасты. Жылыжайда көкөніс өсіріледі.

Айта кету керек, жыл басынан бері өңірдегі экологиялық шараларға 121 992 адам, яғни еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласының және кәсіпорын қызметкерлері белсене қатысты.

Осы уақыт аралығында 3 030 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарылып, 3 367 сквер мен парк, 256 тарихи-мәдени ескерткіш, 1 019 әлеуметтік нысан, 669 өнеркәсіп және бизнес нысаны, 210 су объектісі және 5 383 көше бойы тазартылды. Бұл жұмыстарға 548 арнайы техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар, жыл басынан бері облыс аумағына жергілікті климатқа бейімделген 88 567 түп ағаш көшеті отырғызылды. Олардың қатарында қарағаш, терек, Сыр талы және басқа да көшет түрлері бар.

Бүгінгі акция – өңірдегі экологиялық мәдениетті дамытуға, табиғатты қорғауды жүйелі жолға қоюға және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды бастама.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:73
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Мамыр 2026 17:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Премьер министр газ тарифіне қатысты тапсырма берді

07 Шілде 2026 12:41see117

Ормұз бұғазындағы қауіп: Мұнай қайтадан қымбаттап жатыр

07 Шілде 2026 16:09see117

Алматыда түн ортасында ауыр жол апаты болды: мотоцикл мінген екі адам зардап шекті

07 Шілде 2026 10:12see116

Екінші пәтерге ипотека рәсімдеуге бола ма?

07 Шілде 2026 17:20see115

Бішкек әуежайында төтенше жағдай болды видео

07 Шілде 2026 16:00see115

Жүктердің арасына жасырылған 500 млн теңгенің заңсыз тауары тәркіленді

07 Шілде 2026 20:02see115

Қазақстандықтар ұшақ егеуқұйрықтарымен кездесіп, жолаушылардан мұқият болуды сұрады

07 Шілде 2026 12:56see114

Ақша төленіп жатыр, бірақ жөндеу жұмыстары жоқ: тұрғын үй қаржысын қалай тексеруге болады?

07 Шілде 2026 09:55see114

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

07 Шілде 2026 14:41see114

Көкшетау мен Петропавлға газ жеткізетін құбырдың құрылысы қашан басталады

07 Шілде 2026 16:02see114

Түркі әлемінің әдебиеті жобасына өтінім қабылдау басталды

07 Шілде 2026 14:45see113

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2026 жылдың басынан бері шамамен 8% өсті

07 Шілде 2026 15:05see113

Тағы төрт ақылы жолда орташа жылдамдықты бақылау енгізіледі трассалар тізімі

08 Шілде 2026 11:49see113

Тәулігіне бір реттен көп емес . Қазақстанда көліктің кіруіне шектеу қойылды

07 Шілде 2026 12:49see113

Елордада кондитерлік дүкен қызметкері әріптесінің сөмкесінен алтын білезікті ұрлап кеткен

08 Шілде 2026 12:23see112

Сотқа беремін! . Мбаппені сынаймын деп одан сөз естіген парагвайлық саясаткер әйел шала бүлінуде

07 Шілде 2026 18:22see112

Бір реттік өкілеттік мерзім жөніндегі норма қазіргі Президентке де қатысты Ерлан Қарин

08 Шілде 2026 07:50see111

Энергетика министрлігі: Қазақстан үшін жанармай тапшылығының қаупі жоқ

07 Шілде 2026 14:24see111

Алматының жатын аудандарындағы ақылы тұрақтар орналасуы бекітілді

07 Шілде 2026 18:48see109

Түркістанда жүздеген мектеп, аурухана мен спорт нысаны экологиялық талапты бұзған

08 Шілде 2026 15:30see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары