Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Жемісті жеті жыл

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Қызылордада ерекше балалары бар ата аналардың бастамасы қолдау тапты

Қызылордада ерекше балалары бар ата аналардың бастамасы қолдау тапты

Zakon.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Бұл мәселе "Әділет" партиясының Қызылорда облыстық филиалында балалардың құқықтарының қорғалуы, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өткен Ашық есік күнінде көтерілді.

Қала тұрғыны Айжан Смағұлова ДЦП диагнозы бар балалардың анасы ретінде төрт жылдан бері өзге ата-аналармен бірлесіп, балаларға әр жерден ғимарат жалға алып, оңалту қызметін ұйымдастырып келеді. Осы уақыт ішінде олар Астана қаласынан тәжірибелі реабилитолог мамандарды шақырып, мамандардың жолақысы, тұруы мен тамақтануына қажетті шығындарды өз қаражаттары есебінен өтеп келген.

Жақында кәсіпкер "Қазына и К" ЖШС құрылтайшысы Қазына Байтуғанова ата-аналарға 160 шаршы метрлік ғимаратты тегін пайдалануға мүмкіндік берген. Олар нысанның қабырғаларын әктеу және жеңіл жөндеу жұмыстарына да өз қалталарынан қаржы шығарып, жүргізіп алған. Ендігі міндет – ғимаратты толық тазалап, балаларға қажетті жиһаздар мен оңалту құралдарын орналастырып, жұмыс істеуге қолайлы орта қалыптастыру.

"Ғимаратты дайындау жұмыстарының негізгі бөлігі атқарылды. Енді ішін тазалап, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету керек. Ата-аналардың қалтасы үнемі көтере бермейді. Себебі балаларының емі, тамағы киімі дегендей. Сондықтан "Әділет" партиясына барып көмек сұрадық", – дейді Айжан Смағұлова.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Өтініштің жай-күйін көру үшін "Әділет" партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, партия филиалының Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, "Әділет" құқықтық қызмет көрсету орталығының жетекшісі Дәулет Ізбасарұлы және облыстық Балалар құқығын қорғау басқармасының басшысы Ерлан Бакиров ғимаратқа барып, ата-аналардың бастамасымен танысты.

Кездесу барысында оңалту қызметін заңды түрде тіркеу, мемлекеттік қолдау тетіктерін пайдалану және қажетті құжаттарды рәсімдеуге қолдау көрсетілетін болды. Сонымен қатар бастаманы алдағы уақытта сүйемелдеу бағыттары талқыланып, кеңестер берілді. Мұнан бөлек, қазан айының ортасында арнайы қайырымдылық концерті ұйымдастырылып, онан түскен қаржыға орталыққа қажетті құрал жабдықтарды сатып алу жоспарланып отыр.

"Баланың денсаулығы мен оның толыққанды дамуына қажетті жағдай жасау – ата-ана үшін ғана емес, қоғам үшін де маңызды міндет. "Әділет" партиясының сайлауалды бағдарламасында балалардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік қолдауды күшейту және ерекше қажеттіліктері бар балалардың оңалту қызметтеріне қолжетімділігін арттыру бағыттарына басымдық берілген. Сондықтан бүгін көтерілген мәселені тек бір отбасының өтініші ретінде қарамай, нақты шешімін табуды қажет ететін әлеуметтік мәселе ретінде қабылдаймыз. Тиісті органдармен бірлесіп, қажетті мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіруге және мүмкіндігінше демеушілік көмек тартуға ықпал етеміз", – деді Жандос Базартай.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, қолданыстағы мемлекеттік саясатта да мүгедектігі бар балалар үшін жеке оңалту бағдарламаларын іске асыру, оңалту қызметтерінің қолжетімділігін арттыру және үй жағдайындағы оңалту мүмкіндіктерін кеңейту бағыттары қарастырылған.

Кездесу барысында алғашқы нақты көмек те көрсетілді. Дәулет Ізбасарұлы орталықтағы тазалық жұмыстарына және поливолентті төсеніштер алуға қаржылай қолдау білдірді. Бұдан бөлек, ғимараттың сыртына тегін ақпараттық маңдайша орнатуға жәрдем көрсетілетін болды.

Ата-аналардың төрт жылдан бері өз күштерімен жүргізіп келе жатқан жұмысы осылайша жаңа кезеңге қадам басып отыр. Ғимарат қажетті құрал-жабдықтармен толықтырылып, жұмысын бастаса, Қызылордадағы 100-ге жуық ерекше баланың тұрақты оңалту қызметін алуына мүмкіндік артады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:80
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 09:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see149

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see147

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see146

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see146

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see145

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see144

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see140

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see140

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see139

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see139

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see139

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see138

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see137

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see137

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see136

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see136

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see134

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see134
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары