Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

Атырауда құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны аман алып шықты

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

Ата аналар тілегін тыңдады

Жылуыңды жаз қамда

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

Жетісу облысында үйінде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

Нұрсаядағы жасөспірімдер төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

Қызылордада “Жасыл ел“ еңбек жасақтарының қатысуымен экологиялық сенбілік өтті

Қызылордада “Жасыл ел“ еңбек жасақтарының қатысуымен экологиялық сенбілік өтті

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Қорқыт ата аллеясында сенбілікке атсалысып жатқан "Жасыл ел" еңбек жасақтарының сарбаздарымен кездесті.

Аймақ басшысы табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау өркениетті қоғамның басты құндылығы екенін атап өтті.

"Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында өңірімізде ауқымды жұмыс атқарылуда. Шілде айының басында күшіне енген халықтық Конституцияда табиғатты қорғау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау қағидаты алғаш рет заң деңгейінде бекітілді. Ендігі жерде қоршаған ортаға жанашырлық таныту – әрбір азаматтың конституциялық парызы. Қызылорда қаласындағы орталық алаң, қалалық мәдени-демалыс паркі, Президент саябағы, бүгінгі сенбілік өтіп жатқан Қорқыт Ата саябағының жаңаша келбетке енуі – өңіріміздің әлеуметтік инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған жүйелі саясаттың жемісі", - деді ол.

Әкімнің айтуынша, осындай игі істердің бел ортасында әрдайым "Жасыл ел" еңбек жасағының сарбаздары жүреді.

"Жасыл ел" – маусымдық жұмыс емес, жастарды еңбекке баулитын, елжандылыққа тәрбиелейтін, қоғамдық жауапкершілікті қалыптастыратын үлкен азаматтық мектеп. Бұл жоба арқылы мыңдаған жас алғашқы еңбек тәжірибесін жинақтап, туған жердің дамуына сүбелі үлесін қосып келеді. Биыл жобаға 21 жыл толды. Осы уақыт ішінде "Жасыл ел" өз тиімділігін дәлелдеп, жастар саясатының ең табысты жобаларының біріне айналды. Туған өлкеміздің тазалығы мен көркеюі жолында аянбай еңбек етіп жүрген баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін!", - деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Сенбілікте аймақ басшысы жастармен экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөнінде еркін пікір алмасты.

Айта кетейік, өткен жылы "Жасыл ел" еңбек жасағының қатысуымен 118 саябақ, сквер, аллея және қоғамдық демалыс орындары көгалдандырылып, 12 гектар аумақ тұрмыстық қалдықтан тазартылды.

Биыл да 1200-ден астам жас осы игі іске атсалысып, өңірдің тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қосуда. Жасақ сарбаздары арнайы киімдермен, құрал-жабдықтармен қамтылған.

Сонымен қатар, бүгін облыс әкімі "КБИ" , "Бәйтерек" шағын аудандары мен Жаппасбай батыр көшесіндегі тазалық, абаттандыру және балалар ойын алаңдарының жағдайын, Сағымбаев көшесін қайта жаңғырту жұмыстарын көріп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Қызылорда облысы әкімдігі ұсынған материал

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:71
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Тамыз 2026 16:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see202

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

22 Қыркүйек 2026 02:23see182

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see176

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see167

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see165

Атырауда құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны аман алып шықты

22 Қыркүйек 2026 02:21see153

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see153

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see152

Ата аналар тілегін тыңдады

22 Қыркүйек 2026 04:25see148

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see141

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

22 Қыркүйек 2026 05:05see138

Жетісу облысында үйінде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды

22 Қыркүйек 2026 02:22see137

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see132

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

22 Қыркүйек 2026 03:40see125

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

22 Қыркүйек 2026 05:29see124

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see120

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see119

Нұрсаядағы жасөспірімдер төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

22 Қыркүйек 2026 02:21see117

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

22 Қыркүйек 2026 04:06see113

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары