Референдум: бірнеше онлайн платформа мен интернет басылым жауапқа тартылады
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрлігі республикалық референдум аясындағы үгіт кезінде анықталған заң бұзушылықтардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Вице-министр Қанат Ысқақовтың айтуынша, мониторинг кезінде республикалық референдум және сайлау туралы заңдар 26 рет бұзылғаны анықталды.
"Оның ішінде 24 заң бұзушылықты онлайн платформа пайдаланушылары, ал екеуін интернет басылымдар жасаған. Осы заң бұзушылықтар қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнама мен оның нәтижесін орналастыруға қатысты болды. Айтылған фактілер бойынша ақпарат Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жолданды", - деді Ысқақов Орталық референдумның бүгінгі отырысында.
Бұдан бөлек, үгіт кезінде онлайн платформаларда заңнама бұзудың 54 дерегі анықталды. Осы фактілер бойынша барлық материал тиісті шешім қабылдау үшін ішкі істер министрлігіне жіберілді.
Айта кетері, бүгін – референдум аясындағы үгіт-насихаттың соңғы күні. Ал мониторинг кезінде нақты үш негізгі талапқа бақылау жасалады. Атап айтқанда, анонимді үгіт материалдарға тыйым салу, қоғамдық сауалнаманы жүргізу ережесін сақтау және мемлекет мүддесіне қайшы үгітке жол бермеу.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:63
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Наурыз 2026 12:14 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















