Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Римде Абайдың бюсті салтанатты түрде ашылды

Римде Абайдың бюсті салтанатты түрде ашылды

24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Италияның қақ төріне қазақтың Ұлы ақыны Абайдың мүсіні қойылды.

Бүгін ел астанасы Римде ескерткіштің ашылу салтанаты өтті. Айтулы шараға мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Италиядағы Қазақстан Елшісі Ерболат Сембаев, сондай-ақ Италиядағы мәдени-шығармашылық қоғам өкілдері қатысты. 

Қазақтың қара домбырасынан күй шертіліп, жиылған қауым ескерткіштің ашылу сәтін зор қуанышпен қабылдады. Ақ мәрмәр тастан қашалып жасалған ақынның бейнесі - даналық пен екі ел арасындағы рухани көпірдің белгісі іспетті. Бұл туралы ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаева өз сөзінде ерекше атап, Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени байланыстың жаңа кезеңі басталғанын тілге тиек етті. 

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

- Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының рухани кемелденуіне бағдар болған, адамзаттың асыл мұраттарын насихаттаған ұлы тұлға. Оның шығармаларындағы басты идея –  адамгершілік, әділдік, білім мен еңбек арқылы ізгілікке үндеу. 

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл. Мерейтой мен Қазақстан-Италия басшыларының кездесуі бүгінгі айтулы оқиғаға мұрындық болып отыр. Осы сәттің куәсі болуға арнайы келген мәртебелі меймандардың арасында Италия мәдениет министрілігінің өкілдері, Рим қаласының әкімшілік өкілдері бар. Олар өздерінің Қазақстанға ыстық ықыласын жеткізіп, Абай шығармашылығына деген құрметі мен ілтипатын білдірді. 

Фабио Соколович, Рим қаласы мэрінің дипломатиялық кеңесшісі:

- Қазақтың біртауар ақынының мүсіні Римде қойылғанына өте қуаныштымыз. Бұл Қазақстан мен Италия арасындағы мызғымас қарым-қатынастың ары қарай да дамуына жол ашады. Рим - мәдениеттің орталығы. Мұнда небір ұлы ойшылдар мен суретшілердің мұрасы сақталған. Сондықтан Абай мүсінінің тарихи мекенде қойылуы ерекше символдық мәнге ие. 

Фьоренца Боски, филолог, Абай шығармашылығын зерттеуші: 

- Поэзия арқылы халықтың жанын, жүрек сырын ұғынуға болады. Абай шығармашылығын зерттеуші ретінде, бұл мүсіннің жергілікті тұрғындарға ақын өнерімен танысуға қызығушылығы артатына күмәнім жоқ. Өйткені Абай өлеңдерінің идеясы Батыстағы қауымға жат емес.  

Мүсін каррара мәрмәр тасынан ойылып жасалған. Оның авторы - қазақстандық мүсінші Нұрбол Қалиев. Ал жобаның жүзеге асуына итальялық компания мен Абай облысының әкімдігі, облыстық "Ақертіс" қоры қолдау көрсекен. Сондай-ақ ескерткіштің орны арнайы таңдалып, Париоли ауданының Вилла Грациоли саябағына қойылды. Әрі бұл жерде қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовқа да арналған ескерткіш бар. Оған министр мен елші мырза гүл шоқтарын қойды.

Ерболат Сембаев, Қазақстанның Италиядағы Елшісі: 

- Биыл Абай атамыздың 180 жылдығы ғой, соңдықтан бұл іс-шара өте маңызды. Алдыңғы жылы біздің президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен келіп кетті, биыл осы елдін Премьер-министрі Джорджиа Мелони Қазақстанға барды, одан кейін Президенті Серджо Маттарелла ресми сапар соқты. Сол сапарлардың аясында осындай келісім жасалған. Астанада Марко Полоның көшесі ашылады деп, ал Мәңгілік қала Римде Абай атамыздың мүсіні ашылады деп.

Луиза, La Sapienza Университетінің студенті:

- Мұндай мәдени шаралар ақын шығармашылығымен танысуға құштарлықты оятады. Мен ақын туралы ақпарат іздеп, оның өмір жолы мен өнерімен танысуды бастап кеттім. Мұнда мені қазақстандық құрбым шақырды. Әрі өзім үшін де өте қызық болды. 

Айдана Айтбекқызы, тілші: 

- Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіш, бюстер әлемнің көп елінде бар. Будапешт, Мәскеу, Париж, Каир, Нью-Дели және өзге де қалалардың саябақтары мен көшелеріне қойылған. Енді міне Мәңгілік қала - Римде де қазақ ойшылына арналған ескерткіш бой түзеді. Вилла Грациоли саябағында орналасқан бұл бюст ақын мұрасына деген құрмет пен Шығыс пен Батыс арасындағы мәдени диалогтың нышаны іспетті. 

Айдана Айтбекқызы, Фариза Жанғанаева, Руслан Өміржан

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:161
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 23:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары