Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Робо киіз үй, 360 градустық сахна және LED экрандағы Жеті қазына : Алматыда Наурыз ерекше өтеді

Робо киіз үй, 360 градустық сахна және LED экрандағы Жеті қазына : Алматыда Наурыз ерекше өтеді

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жасыл қала Алматының көшелері көктем келе көркейе түсті. Ұлттық ою-өрнекпен, арт-нысандармен және ерекше экспозциялармен безендірілген шаһарда мерекелік көңіл-күй сезіледі. Наурызға орай, ертең Алматының барлық 8 ауданында ауқымды концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Одан бөлек Астана алаңы, Абай алаңы, Жібек жолы даңғылына дейін Панфилов көшесінің бойы – ұлттық мерекені тойлауға қала халқын жинайтын басты алаңдарға айналмақ. Қазір бұл аумақтардың бірінде сахна құрылып жатса, енді бірінде концертке қорытынды дайындық жасалып жатыр. 

Фото: Александр Павский / Kazinform

21 наурыз сағат 11:00-ден 22:00-ге дейін Астана алаңы ұлттық тойдың ошағына айналады. Мұнда ауқымды мерекелік бағдарлама өтеді, көркем театрландырылған қойылым қойылады. Алаңның жан-жағы интерактивті аймақтар арқылы жандана түседі. Осы мақсатта Абылайхан даңғылынан Назарбаев көшесіне дейін Төле би көшесі жабылып, Қазақ-британ техникалық университетінің алдында жалпы көлемі 1000 шаршы метр болатын, 6 бөліктен тұратын ерекше сахна құрылған.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Сондай-ақ Астана алаңында 6 тақырыптық киіз үй тігіліп, алматылықтарды қарсы алуға дайын тұр. Оның ішінде «Ұлы дала әуені» киіз үйінде Абай, Жамбыл, Шәкәрім, Ақан сері, Біржан сал сынды тарихи тұлғалардың музыкалық аспаптары ұсынылады. Робо-киіз үйде қонақтар робототехника бойынша жаңашыл жобалармен танысса, DIGITAL 360 киіз үйінде қабырға мен еденде орнатылған LED-экрандардан ЖИ көмегімен жасалған бейнероликтерді тамашалай алады. Одан бөлек келесі қазақы үйлерде Алтын адам мен сақ дәуірінің жәдігерлері, біз киіз өнерімен жасалған туындылар, танымал алматылық дизайнерлердің киімдерін көрсетілген.

Фото: Александр Павский / Kazinform

- Қазіргі уақытта бүкіл республика бойынша Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған ауқымды дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Еліміздің мәдени орталығы Алматыдағы дайындық та қызу. Мерекенің басты орталықтарының бірі – Астана алаңында 6 тақырыптық киіз үй тігілген. Олардың әрқайсысы қазақ халқының бай мәдениеті мен тарихын жан-жақты ашады, – деді Алматы музейінің жетекшісі Камшат Жиеналиева.

Фото: Kazinform / Александр Павский

Ал алматылықтар серуендейтін сүйікті аумақтардың бірі – Панфилов көшесінің бойы да (Қабанбай батыр – Жібек жолы) заманауи және дәстүрлі өнер тоғысқан ерекше алаңға айналады. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі мазмұнды белсенділіктер ұйымдастырылады. Қазір мұнда қорапша тәріздес LED-экрандар қойылған. Онда үш тілдегі жазумен қазақтың жеті қазынасы көрсетіліп тұр. Мереке күні Robo DJ-дің шоуы, арнайы концерттік бағдарлама азаматтардың көңіл-күйін көтереді. Сондай-ақ 21-22 наурыз аралығында Арбатта дәстүрлі «КітапFest-2026» кітап фестивалі өтеді.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Наурыз мейрамының бағдарламасы Абай алаңын да қамтиды. Мұнда 21 наурыз күні сағат 12:00-ден 22:00-ге ауқымды концерт ұйымдастырылады. Бір ерекшелігі – мұнда сахна 360 градус форматында орнатылған. Сонымен қатар Абай алаңында Түркия, Әзербайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және отандық қолөнершілердің көрме-жәрмеңкесі болады.

- Біз арнайы шақыртумен Өзбекстаннан келдік. Қазақстанда мерекенің осындай ауқымда атап өтілуі — үлкен қуаныш. Биыл Наурыз бен Рамазан айтының тұспа-тұс келуі Орталық Азия халықтарын одан сайын біріктіре түсетіні анық. Біз қазақ шеберлерімен өте тығыз байланыстамыз және үнемі ынтымақтастықта жұмыс істейміз. Ертең қолданбалы өнердің негізгі түрлерін ұсынамыз: Риштан өлкесінің мың жылдық тарихы бар қыш бұйымдары, өзбек халқының дәстүрлі кестелеу өнерімен тігілген туындылары, ұлттық киімдер болады, – деді өзбекстандық қолөнерші Әлішер Назиров.

Фото: Kazinform / Александр Павский

Наурызды мерекелеу аясында 21-23 наурыз аралығында Алматы қаласы музейлер бірлестігі мен ҚР Ұлттық орталық музейі метрополитен бекеттерінде фотокөрме ұйымдастырады. Жолаушыларға қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетін бейнелейтін фотосуреттер ұсынылады.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда бір мезетте 11 500 оқушы күй орындап, рекордтар кітабына енді. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:119
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Наурыз 2026 16:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see123

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see120

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see120

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see118

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see117

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see116

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see116

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see115

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see115

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see115

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see115

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see115

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see114

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see113

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see113

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see112

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see112

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see112

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see111

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары