Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Сүю деген тек әдемі сөздер айту емес : Динара Сәтжан ұлына кеңес берді (видео)

Қорғаныс министрлігі алғашқы әскери дайындық пәніне қатысты өзгерісті түсіндірді

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Жастар неге шетелге кетеді?

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

Рүстем Төлеутаев: Әлемнің дамыған клиникаларында жасалатын күрделі операциялардың басым бөлігі бізде орындалады

Рүстем Төлеутаев: Әлемнің дамыған клиникаларында жасалатын күрделі операциялардың басым бөлігі бізде орындалады

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының Басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаевпен еліміздегі кардиологиялық қызметтің бүгінгі ахуалы, халық денсаулығын нығайту бағытындағы жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы әңгімелестік.

– Рүстем Мұхтарұлы, Мемлекет басшысы халық денсаулығын мемлекеттің ең жоғары құндылығы деп атап өтті. Бұл бастама денсаулық сақтау жүйесіне қалай әсер етті?

– Бұл – еліміздің денсаулық сақтау саласы үшін тарихи шешімдердің бірі болды. Денсаулық мәселесі бүгінде тек медицинаның ғана емес, мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығына айналды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина саласын жаңғыртуға ерекше көңіл бөліп келеді. Ауылдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту, жаңа медициналық нысандар салу, жоғары технологиялық көмектің қолжетімділігін арттыру, цифрландыру, дәрігерлердің мәртебесін көтеру – мұның бәрі халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Халықтың денсаулығы – кез келген мемлекеттің басты байлығы. Сондықтан медицинаға салынған әрбір инвестиция – еліміздің болашағына салынған инвестиция.

– Соңғы жылдары жүрек-қан тамырлары аурулары бойынша қандай нәтижелерге қол жеткізілді?

– Біз өте маңызды оң өзгерістерді көріп отырмыз.

2021-2025 жылдары жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім 35,1 пайызға төмендеді. Бұл өте маңызды көрсеткіш.

Ал 2026 жылдың алғашқы бес айында қан айналымы жүйесі ауруларының тіркелуі 6,6 пайызға, артериялық гипертония 9,7 пайызға, жүректің ишемиялық ауруы 10,1 пайызға, инсульт 6,1 пайызға төмендеді.

Бұл нәтижелер профилактиканың күшеюі, скринингтердің кеңеюі, диспансерлік бақылаудың жақсаруы және заманауи емдеу тәсілдерінің енгізілуімен тікелей байланысты.

Бүгінгі медицина ауруды емдеумен ғана шектелмейді. Ең маңыздысы – аурудың алдын алып, адамның өмірін сақтап қалу.

– Мемлекет бұл бағытта қандай жұмыстарды жүзеге асырып жатыр?

– Қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрлігі қан айналымы жүйесі аурулары кезінде медициналық көмекті жетілдіруге арналған Жол картасын іске асыруда.

Өңірлерде жаңа кардиологиялық бөлімшелер ашылып жатыр, облыстық ауруханалар жаңғыртылуда, құзыреттілік орталықтары құрылып жатыр.

Бүгінде елімізде 1 308 кардиолог дәрігер жұмыс істейді. Сонымен қатар 659 жас дәрігер кардиология мамандығы бойынша резидентурада білім алып жатыр. Бұл болашақта кадр тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.

– Қазақстанның әлемдегі үздік 30 кардиохирургиялық елдің қатарына енуі нені білдіреді?

– Бұл – қазақстандық медицинаның үлкен жетістігі. Бүгінде елімізде әлемнің дамыған клиникаларында жасалатын күрделі операциялардың басым бөлігі орындалады.

2025 жылы Қазақстанда 100-ші жүрек трансплантациясы сәтті жасалды. Кардиологияда 80-нен астам жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетіледі. Оның ішінде жүрек трансплантациясы, жүрек қақпақшаларын ауыстыру, күрделі аритмияларды емдеу, аз инвазиялық операциялар, TAVI технологиясы және басқа да заманауи емдеу әдістері бар.

Біз бүгінде әлемдік деңгейдегі күрделі операцияларды Қазақстанда жасап отырмыз. Бұл – мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

– Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының бұл жетістіктердегі орны қандай?

– Институт – еліміздегі жетекші ғылыми және клиникалық орталықтардың бірі. Жыл сайын біздің клиникада Қазақстанның барлық өңірінен 8 мыңнан астам пациент ем алады. Бір жылдың ішінде 3,5 мыңнан астам жоғары технологиялық операция мен интервенциялық ем жүргізіледі.

Институт халықаралық JCI аккредиттеуінен өткен және Еуропалық гипертония қоғамының ресми Гипертонияны емдеу орталығы мәртебесіне ие.

Бұл біздің жұмысымыздың халықаралық сапа талаптарына толық сәйкес келетінін дәлелдейді.

– Өңірлердегі тұрғындар үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

– Біз үшін сапалы медицинаның тек республикалық орталықтарда ғана емес, барлық өңірде қолжетімді болуы өте маңызды. Сондықтан институт мамандары тұрақты түрде өңірлерге барып, дәрігерлерді оқытады, күрделі пациенттерге кеңес береді, шеберлік сабақтарын өткізеді.

Биылғы жылдың алғашқы алты айында ғана біздің мамандар 19 өңірге барып, 240 дәрігердің біліктілігін арттырды, 277 телемедицина консультациясын өткізді.

Бұл өңірлердегі дәрігерлердің тәжірибесін арттырып, тұрғындардың уақытылы әрі сапалы көмек алуына ықпал етеді.

Біздің мақсат – сапалы кардиологиялық көмекті әрбір қазақстандыққа тұрғылықты жеріне қарамастан қолжетімді ету.

– Алдағы жылдардағы басты міндеттер қандай?

– Біз профилактиканы күшейтуге, ерте диагностиканы дамытуға және жоғары технологиялық көмектің қолжетімділігін арттыруға басымдық береміз.

Сонымен қатар медицинадағы цифрлық шешімдерді кеңінен енгізу, ғылыми зерттеулерді дамыту және дәрігерлердің кәсіби біліктілігін үздіксіз арттыру жұмыстары жалғасады.

Ең басты мақсат – әрбір азаматтың сапалы медициналық көмекке қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Медицинадағы ең үлкен көрсеткіш – салынған ғимараттар немесе сатып алынған жабдық емес. Ең үлкен нәтиже – аман қалған адам өмірі, дені сау отбасы және ұзақ ғұмыр кешкен азамат. Біз күн сайын осы мақсат үшін еңбек етеміз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:72
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Шілде 2026 18:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Сүю деген тек әдемі сөздер айту емес : Динара Сәтжан ұлына кеңес берді (видео)

26 Тамыз 2026 22:37see151

Қорғаныс министрлігі алғашқы әскери дайындық пәніне қатысты өзгерісті түсіндірді

26 Тамыз 2026 21:39see146

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

27 Тамыз 2026 14:49see144

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

27 Тамыз 2026 16:19see144

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

27 Тамыз 2026 13:10see142

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

27 Тамыз 2026 14:11see140

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

27 Тамыз 2026 14:10see139

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see137

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see130

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see124

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see122

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see121

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see121

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see118

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see115

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see115

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see113

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see112

Жастар неге шетелге кетеді?

27 Тамыз 2026 13:10see112

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

27 Тамыз 2026 17:28see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары