Семей тазалық мекемесі сөгіс алды
Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Семей қаласында тұрмыстық қалдықтарды уақтылы шығару мәселесі өзекті болып отыр. Қала тұрғындары қоқыстың жинақталып қалуына, арнайы контейнерлердің толып кетуіне, кей аудандарда бірнеше күн қатарынан мүлде тазаланбайтынына шағымданып отыр. Осыған байланысты «Семей тазалық» мекемесінің жұмысы қоғам тарапынан сынға ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл мәселеге қатысты шаһар басшысы Әділет Қожанбаев тұрғындардың талап-тілегінің орынды екенін айтты.
«Қала тазалығы бойынша бұл бірінші жиналыс емес. Алайда мәселелер әлі де бар. Мердігер ұйымдардың жұмыс сапасы сын көтермейді. Тұрғындардан келіп түскен шағымдар азаймай отыр. Белгіленген талаптар толық орындалмай, қоқыс уақытылы шығарылмай, қала тазалығы тиісті деңгейде сақталмай отыр», деді ол.
Қала әкімінің айтуынша, қалада санитарлық жағдайды реттеу үшін мердігер компаниялардың жауапкершілігін көтеру, техникалық мүмкіндіктерін арттыру және бақылау шараларын күшейту қажет.
Айта кетейік, облыс әкімі Берік Уәли қала мен аудан әкімдеріне тазалық мәселесін ерекше бақылауда ұстап, нақты тапсырмалар берілген. Аймақ басшысы тазалық жүйесін жақсарту жергілікті атқарушы органдардың бүгінгі басты міндеттерінің бірі екенін айтқан. Ендігі кезекте қоғам тарапынан бақылау күшейіп, жауапты мекемелердің жұмысына талап қатаңданбақ.
Абай облысы
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:65
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Желтоқсан 2025 19:49 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















