Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Сенат мемқызметті клиентке бағдарланған модельге көшіруді көздейтін заңды пысықтайды

Сенат мемқызметті клиентке бағдарланған модельге көшіруді көздейтін заңды пысықтайды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Естеріңізге сала кетсек, сенатор талқылға салғалы отырған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заң мен оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» құжат 8 сәуірде өткен Мәжілістің жалпы отырысында екінші оқылымда қабылданған еді. 

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мәліметіне қарағанда, құжаттың негізгі міндеттерінің бірі — сервистік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызмет моделіне көшу, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруді, сондай-ақ HR-процестерді цифрландыруды қамтамасыз ету.

– Заңда мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыруға, сондай-ақ білікті кадрларды тартуға және ұстап қалуға бағытталған бірқатар шара көзделген. Оның ішінде бір лауазым аясында мансаптық өсудің деңгейлес тетігін енгізу, ол еңбекақы төлеу жүйесімен үйлестіріледі. «Б» корпусының бір мемлекеттік әкімшілік лауазымы аясында лауазымдық деңгейлер белгіленетін болады, тиісінше әрбір деңгей үшін лауазымдық жалақының мөлшері белгіленеді. Пилоттық жоба Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Әділет және Ұлттық экономика министрліктерінде, Астана қаласының және Атырау облысының әкімдіктерінде 2 жылға енгізіледі, - делінген комитет ақпаратында.

Фото: freepik.com

Сонымен қатар:

– Үкімет айқындайтын тәртіппен мемлекеттік қызметшілердің жалақыларын кемінде үш жылда бір рет индекстеу тетігін белгілеу;

– қызмет бойынша бір елді мекеннен екінші елді мекенге ауысқан не мемлекеттік органның орны ауыстырылған жағдайда тұрғын үй төлемдерін, көтерме жәрдемақыны, олардың мүлкін тасымалдауға жұмсалған шығыстардың өтемақысын беру;

– ротацияланған, орны ауыстырылған немесе басқа елді мекенге ауыстырылған мемлекеттік қызметшілердің балаларын балабақшаларға кезектен тыс қабылдау;

– мемлекеттік қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін әзірленген жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламаларына қатысу;

– мемлекеттік қызмет өтілі 25 жылдан кем емес, мемлекеттік наградамен немесе уәкілетті органның ведомстволық наградасымен наградталған мемлекеттік қызметші зейнетке шыққан кезде оған төрт лауазымдық айлықақы мөлшерінде біржолғы ақшалай сыйақы беру;

– үстеме жұмыс уақытында, демалыс және мереке күндері жұмыс істегені үшін өтемақы кепілдіктерін белгілеу;

– мемлекеттік қызметшіге міндетті түрде демалыс кестесіне сәйкес жыл сайынғы еңбек демалысын беру;

– мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты ақы төленетін қосымша демалыс күндерін, сондай-ақ қысқа мерзімді демалыс беру қарастырылған.

Мұнымен қоса, мемлекеттік қызметшінің жұмыс уақытының режимі регламенттелген. Күнделікті жұмыстың ұзақтығы сегіз сағатқа дейін белгіленеді. Қалыпты жұмыс уақыты аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар мемлекеттік қызметшілерге аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді. Жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар ата-аналардың бірінің, сондай-ақ медициналық қорытындыға сәйкес отбасының науқас мүшесіне күтім жасауды жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшінің жазбаша өтініші бойынша оларға толық емес жұмыс уақыты режимі белгіленеді.

Айта кетейік, палатаның өткен аптадағы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Валюта Қоры арасындағы Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия үшін өңірлік әлеуетті дамыту орталығына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» Заң қаралып, мақұлданды.
Сол кезде Сенатор Серік Өтешов бұл меморандумды ратификациялаудың қандай маңызы бар екенін айтқан еді. 

– Құжат Алматы қаласында Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия үшін Халықаралық Валюта Қорының өңірлік орталығының толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті құқықтық негіз қалыптастырады. Орталықтың біздің елімізде орналасуы Қазақстанның аймақтағы қаржылық білім мен құзыреттердің негізгі хабы ретіндегі рөлін нығайтып, мемлекетіміздің халықаралық беделін арттырады, - деді ол.

Фото: senate.parlam.kz

Аталған өңірлік орталық Қазақстан, Армения, Әзербайжан, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан сияқты 9 елге Халықаралық валюта қорының қызметін көрсетеді.

Сондай-ақ сенаторлар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының әуе кеңістігі арқылы әскери мүлік пен персоналды транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңды мақұлдады. 

Құжатты таныстырған сенатор Дархан Қыдырәлі келісімге 2024 жылы қол қойылғанын еске салды.

– Келісім Қазақстан Республикасына БҰҰ-ның бітімгершілік миссиялары шеңберінде белгіленген жерлерге жету үшін Түркия әуе кеңістігін жүйелі түрде пайдалануға мүмкіндік береді, - деді ол.

Депутат «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңда Қазақстан аумағы арқылы шет мемлекеттің әскери құрылымдарын, қару-жарағы мен әскери техникасын транзиттеуге арнайы келісімдер мен рұқсаттар арқылы ғана жол берілетінін айтты.

Жалпы отырыстың күн тәртібіне шығарылған мәселелер қаралып болғаннан кейін сенаторлар депутаттық сауалдарын жолдады. Атап айтқанда, Андрей Лукин балалар үйлерінің түлектерін тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесінде жүйелі проблемалардың бар екеніне тоқталды. Ол Үкіметке нақты индикаторлар мен жауапты тұлғалар айқындалған Жол картасын әзірлеуді және қажетті өзгерістерді заңнамалық деңгейде бекітуді ұсынды. Ал Алишер Сатвалдиев өңірлердегі ауыл шаруашылығы саласының проблемаларына жүргізілген кешенді талдауға назар аударып, агроөнеркәсіп кешенін реформалауға арналған стратегиялық бастамалар топтамасына бастамашылық жасады. Аталған ұсыныстар шаруаларға мемлекеттік қолдау көрсетуді күшейтуге, техникалық базаны жаңғыртуға және аграрлық сектордың өсуіне кедергі келтіретін тосқауылдарды жоюға бағытталған.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:185
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Сәуір 2026 08:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары