Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Шәмілге арналған шумақтар

Шәмілге арналған шумақтар

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Шәміл-ау!
Хал-жайымды білсең еді,
Білмеймін қайтерімді...
Кім сенеді?
Он жетімде өшіріп алған отым,
Қайтер ең, қайта қарып жүрсе мені?
Осылай басталған өлең одан әрі:
Ойласам, талай-талай қыр басыппын,
Досым деп, «доңызбен» де мұңдасыппын.
...Шәміл-ау!
Қалың достан қалған сен ең,
Қайтемін?
Ғашықпын мен,
Шын ғашықпын!!! – деп жалғасады.

Мұқағали махаббат сезімінің қалтарыс-бұлтарысын, достар ортасындағы жалғыздығын, өткен күнге деген сағынышы мен өкінішін өлеңіне арқау ете келіп, махаббатты ән арқылы сақтауды ұсынады.

Әнсіз өмір өмір ме, қаңсымай ма,
Өзегіңді өртеп дерт, жаншымай ма?
Махаббатқа арнап бір ән шығарсын,
Шәміл-ау!
Шәмші қайда?
Шәмші қайда? – деп досына қайырылып, Шәмшіден жүректі жындандыратын һәм жандандыратын мәңгілік өлмейтін ән қалдыруын қиыла сұрайды.

Мұқағали одан кейін де «Шәміл-оу! Білесің бе? Шын махаббат – Осылай қарамаудан жаралады!», «Шәміл-оу! Күндер өтті, Айлар өтті. Алаңсыз қайран күндер қайда кетті?», «Шәміл, Шәміл! Айналдым жазылмасқа. Күйрейтұғын түрім бар, жазым бассам», «Жоқ, Шәміл, Менің ойым бөлек еді, Басқа жыр, басқа ғұмыр керек еді», «Шәміл, Шәміл! Шаршадым, қалжырадым. Ет жүрегім езілді, қан жылады» деп бір өлеңнің ішінде досының есімін бірнеше мәрте қайталайды. Бұл да болса «Шәміл-оу» деп оқырманды өзіне қаратып алып, іштегі шерін ақтарудың бір тәсілі болатын.

Мұқағали ақын мұң шаққан Шәміл кім? Ол – ақынның досы, өзі де тамаша ақын Шәміл Мұхамеджанов еді. Ол да Мұқағали секілді көркем поэзияны жанына серік етті. Екеуі араларынан қыл өтпес дос болды. Олардың адал достығын Мұқағалидың «Шәміл-ау, қалың достан қалған сен ең» деген бірауыз сөзінің өзі айғақтайды. Ол аздай екеуі түйдей құрдас еді. «Менің анкетам» өлеңінде Мұқағали мұны: «Туған жылың? – 1931. Құрдасымын Шәмілдің...», – деп әзілдеп жеткізеді. Ал «Құрдастарға» өлеңінде «Мынау – әзер қаз басқан төрт жасында, Мұхамеджан қартыңның мешелі ғой» деп тағы бір тиісіп өтеді. Шәміл де орайы келгенде құрдасын қағытып қалады екен. Бірде Мұқағали өлең оқып отырса, Шәміл кіріп келіп: «Ит жоқ жерде шошқа үредi деген. Мына шошқа не деп үрiп тұр?» – депті. Осындай қағытпа сөздері-ақ олардың арасындағы құрдастық әзіл мен етене жақындықты аңғартады.

Шәмілге әзілдеп өлең жазған тағы бір ақын – Жұмекен Нәжімеденов. Жұмекеннің адам мінезінің тұрақсыздығын, қоғамдағы жасанды «заңдылықтарды», жалған пафос пен шынайы тірліктің арасындағы алшақтықты шебер бейнелейтін «Шәмағаң мен жас ақын» өлеңі бар. Өлеңде бір жас ақынның философиялық ой түйе келіп, Шәмілге қайырылғаны баяндалады. Сол кезде Шәміл ақынның сауалына келеке түрінде жауап береді.

Шәміл айтты:

– Құтырма, ойлай білем деп аздап,
түк түйсік жоқ – аппақсың,
өзің де аппақ, қағаз да ақ.
Жаңғырықтан адасып қалдым дейсің –
қосылам,
заңдылықтың қанша тек қатысы бар
осыған?!

Жұмекен мен Шәміл де әзілі жарасқан сыйлас достар болған. Екеуі баспада бірге қызмет істеген. Өзімен бір бөлмеде отыратын әріптесімен әзіл-қалжыңы жарасқан. Досының есімін өлеңіне арқау еткені содан болса керек.

Осы секілді өлеңдерге қарағанда Шәміл­дің өзі де әзіл-қалжыңға жақын адам болған секілді. Мұны қаламгер аға-бауырларының жылы естеліктері де растайды. Ғафу Қайыр­беков Шәміл жайында былай деген екен: «...Бiр жолы бiр фотограф ағасы Шәмiл­ге келiп, мұң шағыпты. «Қазақ қадiрiмдi бiлмедi, қырғызға кетем. Олар қоярда қоймай шақырып жатыр. Осыған не ақыл айтасың?» – депті. Сонда Шәмiл: «Е, онда қырғыздар да таусылған екен!» – дептi». Серікбай Оспан да бір естелігінде «Нағыз қазақ – қазақ емес, Нағыз қазақ – домбыра» деген Қадыр Мырза Әлидің жыр жолдарына Шәмілдің «Дедің-ау сен. Бала, байқа! Нағыз орыс – орыс емес, Нағыз орыс – балалайка!» деп пародия жазғанын айтқан болатын. Шәмілдің әзілге жақын, ақжарқын мінезін жақсы білген дос­тары да оны қағытып, қалжыңға тартып отырғанды ұнатқан секілді. Бүгінде елеусіз қалып, ұмыт бола бастаған ақынның бірі осы – Шәміл Мұхамеджанов. Алайда ақынның есімі мен болмысы оған арналған шумақтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Маусым 2026 10:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see135

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see135

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see127

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see122

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see122

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see122

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see121

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see120

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see120

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары