Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Шетелде жұмыс іздеген жандар алаяқтарға ұрынды ма?

Шетелде жұмыс іздеген жандар алаяқтарға ұрынды ма?

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Шетелде жұмыс ұсынып, халықтың қаражатын үптеп кететін алаяқтар көбейді.

Жақында ғана редакциямызға «Еуропаға жұмысқа тұрамын» деп қаражатынан айырылған 400-ге жуық азамат хабарласты. Ұлыбритания мен Польшада жоғары жалақылы қызметті уәде еткен компания азаматтардың әрқайсысынан 500-700 мың теңге аралығында ақша алған. Алайда қаржыға қолдары тиген соң, мекеме хабар-ошарсыз кетіп, тұтынушыларымен байланысын үзген.

Диас Жамбыл, қала тұрғыны:

- 2024 жылы әйелім екеуіміз «Табыс тап» компаниясымен Англияға барып, Бокне Рич деген қалада жұмыс істедік. Мен кар айдадым, 6 ай болдық. Қайтып келгеннен кейін біз қайтадан тапсырдық. Осыдан кейін 9 ай өтті. Бізге не хабарға шықпайды, ақшаны алып алды. Бізден бөлек тағы 400 адам ақшаларын қайтара алмай жүр. 2-3 жыл көлемінде қайтара алмай жүр екен.

Еуропадағы жұмысқа өтініш білдірген азаматтардың әрқайсысы күмәнді компанияға 750 мың теңгеге дейін ақша өткізген. Ол ол ма? Қыруар қаржы тауып, кәрі құрлықтан олжалы қайтуды көздеген азаматтар өздерімен бірге өзге де отбасы мүшелерін, дос-жарандарын да тартқан. Сұратқан ақшаны компания өкілдеріне дер кезінде ұсыну үшін кейбірі несие алуға да мәжбүр болған.

Даниял Жаханов, қала тұрғыны:

- 750 мың теңге төледік. Былтыр 10-айда төледік. Сол бойы бұл кісілер ештеңе айтқан жоқ. Сұхбаттасу болады деді. Жарайды, күтеміз дедік. Енді бұлар «Не упусти» деп тағы бір компания ашып алған екен. Компаниясына бардық, Маркова 22/30 деген жерде орналасқан. Ол жерге барып сөйлестік. Ол жерді де қайтадан жауып тастады. Бостандық ауданының РОВД бөліміне барып, арыз жаздық. Ештеңе жоқ әлі.

Айса Шәкіржан, қала тұрғыны:

- Осыдан бір апта бұрын осы шуды естігеннен кейін менеджермен хабарласып, сөйлескенмін. Ол «ой, уайымдамаңыз, сөйлей береді» деп айтты. Бірақ өзіңіз көріп отырсыз. Келісімшарт бойынша қараша айында қол қойдың ба, мен 6 ай деп келіскенмін. 6 ай ішінде мені сол сұхбаттасуға шақырмаса, ақша қайтарылады деп жазылып тұрды.

Компания қызметінің мерзімі әр келісімшартта әр түрлі көрсетілген. Бірінде 6 ай болса, енді бірінде мекеме 9 ай ішінде жұмысқа тұрғызуға уәде кеткен. Олай болмаған жағдайда тұтынушы ұсынған ақша 100 пайыз қайтарылады делінген. Қаржыны қалтаға басқан компанияны жауапқа тарту үшін алданған азаматтар Алматы қалалық Бостандық ауданының полиция бөлімшесіне тағы бір мәрте арыз жазды. Алайда заңгердің сөзінше, бұл жеткіліксіз.

Нұрлан Жаңабаев, заңгер:

- Бұл жағдайда жұмысшыларға міндетті түрде сол компанияға сотқа дейінгі шағым жазу керек. Көрсету керек компания атауын, келісімшартын, оған қоса жұмыс іздеушінің толық мекен-жайы, ЖСН, телефон нөмірі және қалай төлегенін, түбіртек көшірмесін бәрін ұсынып жазу керек.

Ардақ Әбеуова, Ақмола облыстық Адвокаттар алқасының мүшесі:

- Бұл жерде енді келісімшарт бұзылып тұр. Жұмыс беруші өз шарттарын орындамаған жағдайда бізде Азаматтық сот арқылы жауапқа тартуға болады. Берілген ақшаны қайта өндіру талабын орындау керек деп ойлаймын. Егер келісімшарт Конституцияға қайшы деп танылса, сот арқылы оны заңсыз деп тануға болады. Әрі қарай ақшаны қайтарып, Қылмыстық іс қозғау туралы өтініш беруге болады.

Ал жұмыс ұсынушы компанияның әрекеті «алаяқтық» деп танылса, кінәлілер Қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге шеттетіліп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал. Олай болса сан соғып қалмас үшін не нәрсені ескеру керек?

Ардақ Әбеуова, Ақмола облысы Адвокаттар алқасының мүшесі:

- Мұқият болу керек. Шетелге апарамын деп адамдар айта береді. Әрбір компанияға барғаннан кейін нақты сұрау керек. Қалай шығарасыз? Шетелдегі қандай компаниямен қарым-қатынастасыз? Сөйлестіре аласыз ба? Сіз жақтан қандай гарантия болады? Мен жұмысқа тұра алмай қалған жағдайда қандай болады? дегендей.

Бұдан бөлек, сот алдында түбіртексіз жасалған төлемді дәлелдеу қиын. Сол себепті кез-келген төлемді енгізгенде міндетті түрде фискалды чекті талап етуді ұмытпаңыз.

Авторлары: Назым Кенжебай, Мерей Талап

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:211
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қараша 2025 13:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see164

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see147

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see146

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see145

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see144

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see144

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see143

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see142

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see141

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see141

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see141

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see141

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see141

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see139

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see138

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see138

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see138

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see138

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see137

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see137
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары