Шымкентте базар басшысы саудагерді зорлады деген күдікке ілінді
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. Шымкентте базар басшысы әйел зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тішісі.
Жалдау ақысын кейінге қалдыруды өтініп барып, зорлық көрдім деген әйелдің шағымын құқық қорғаушы Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Төрт баланың анасы базарда сауда жасайды. Әйелдің айтуынша, өтініш айтып барған кезде базар басшысы дөрекілік танытып қана қоймай, кабинетінде зорлаған", - дейді Ләззат Рақышева.
Әйелдің базардан тапқаны бала-шағасын асырауға жетпей қиналған.
"Әйелдің айтуынша, саудадан табыс түспегендіктен базар басшысы оны шақырып алып, басқаша есеп айырысуды талап етіпті. Сол сәт сыртта әйелдің ұлы күтіп тұрған. Әйел сол күні полицияға барып, арыз жазған", - дейді құқық қорғаушы.
Sputnik Қазақстан тілшісі Шымкент полициясынан оқиғаның мән-жайын сұрап білді.
"Әйелдің өтініші бойынша сол күні полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу шеңберінде бейнебақылау камераларынан жазбалар алынып, егжей-тегжейлі зерделенеді. Барлық қатысушы мен куәгерлерден жауап алынды, тараптардың әрқайсының дәлелдері тексеріледі", - дейді Шымкент қалалық полиция департаменті.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:75
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Сәуір 2026 19:32 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















