Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Шыңжаңда Ораза айтқа 3 күн демалыс беріледі шетелдегі қазақ баспасөзі

Шыңжаңда Ораза айтқа 3 күн демалыс беріледі шетелдегі қазақ баспасөзі

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Өзбекстандық ғалымдар тұмауға қарсы жаңа препарат әзірледі — ӨзА

Тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфекциялар бүгінде әлем халқының денсаулығына төнген ең өзекті қауіптердің бірі болып отыр. Жыл сайын миллиондаған адам вирустық ауруларға шалдығып, олардың таралуы әсіресе күз бен қыс айларында күшейе түседі. Маусымдық инфекциялардың жедел таралуы медицина саласы үшін ғана емес, жалпы қоғам үшін де маңызды мәселе саналады.

Осы тұрғыда Өзбекстанда медицина мен фармацевтика саласында вирустық инфекциялардың алдын алу және олармен күресудің тиімді тәсілдерін табуға бағытталған ғылыми зерттеулер қарқынды жүргізіліп келеді. Міне осындай зерттеулердің нәтижесінде Өзбекстан Ғылым академиясының Полимерлер химиясы және физикасы институты ғалымдары вирусқа қарсы препарат әзірледі.

Фото: ӨзА

Бұл туралы осы аптада «ӨзА» ақпарат агенттігі хабарлады

Аталған БАҚ-тың мәліметінше, отандық ғалымдар жасаған «ЦелАгрип» препараты вирустарға қарсы белсенділігімен ерекшеленіп, интерферон индукторы ретінде бағаланып отыр.

Препараттың басты ерекшелігі — ол вирустарға тікелей әсер етуден гөрі, адам ағзасының табиғи қорғаныс механизмдерін белсендіру арқылы иммундық жүйенің жауап реакциясын күшейтеді.

Мамандардың айтуынша, дәрілік құралдың әсер ету механизмі ағзадағы интерферондардың түзілуін ынталандыруға негізделген. Интерферондар — вирустарға қарсы табиғи иммундық қорғаныстың негізгі буындарының бірі саналатын ерекше ақуыздар. Олар жасушаларға вирустың енуі мен көбеюіне тосқауыл қойып, иммундық жүйенің тиімді жұмыс істеуіне ықпал етеді.

Бірқатар мемлекет Иранға гуманитарлық көмек жөнелтті — Eurasia Today ақпарат агентті

Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан және Қытай Ирандағы шабуылдардан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Eurasia Today

Аталған БАҚ-тың дерегінше, 8 наурызда Илһам Әлиев пен Масуд Пезешкиан телефон арқылы сөйлескеннен кейін, 11 наурызда Әзербайжан Иранға 30 тонна гуманитарлық жүк жөнелтті. Оның құрамында ұн, күріш, қант, ауыз су, шай, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар бар.

Сонымен қатар, Өзбекстан да бірнеше жүк көлігімен азық-түлік пен медициналық көмекті жеткізді. Көмек Иранның Деррегез қаласында табысталды.

Түркіменстаннан Сердар Бердімұхамедов тапсырмасымен, ал Тәжікстаннан Эмомали Рахмон бұйрығымен гуманитарлық жүк жіберілді. Тәжікстан көмегінің жалпы көлемі 3610 тонна.

Ресей СІМ өкілі Мария Захарова Мәскеу Иранға қолдау көрсетуді жалғастыратынын мәлімдеді. 12 наурызда Ресей 13 тоннадан астам дәрі-дәрмекті Ил-76 ұшағымен жеткізді.

Бұған дейін Қытай Минабтағы мектепке жасалған шабуыл құрбандарының отбасыларына қолдау ретінде 200 мың доллар бөлетінін хабарлаған.

Астана жеңіл рельсті көлік мамандарының үшінші тобы Тяньцзиньде оқуын аяқтады — «Халық газеті»

10 наурыз күні Тяньцзинь теміржол транзит тобы Астана жеңіл рельсті көлік жобасының (жолаушыларды тасымалдау және техникалық қызмет көрсетуге маманданған) үшінші топ курсанттарына бітіру рәсімін өткізді. Екі айлық практикалық дайындықтан кейін Қазақстаннан келген тыңдаушылар оқуларын сәтті аяқтады, деп жазады «Халық газеті». 

Фото: Халық газеті

Қытайлық БАҚ-тың мәліметінше, Астана жеңіл рельсі — Қазақстан астанасындағы алғашқы теміржол транзит желісі және қазіргі уақытта бірлескен пайдалануға беру және сынақтан өткізудің маңызды кезеңіне өткен.

Тяньцзинь теміржол транзит тобы қазақстандық мамандар үшін арнайы «жергілікті теориялық оқытуды Тяньцзиньдегі практикалық оқытумен» біріктіре жасаған оқу жүйесін әзірледі. Бұған дейін пойыз жүргізушілері мен диспетчерлеріне арналған практикалық оқыту аяқталған еді. Қатысты курсанттар жобаның пайдалануға беру және сынақтан өткізу бойынша бірлескен іс-шараларына қатыса бастады.

Келтірілген деректерге сүйенсек, оқу бағдарламасы практикалық пайдалану мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған. Жолаушыларды тасымалдау бағытындағы тағылымдамадан өтушілер төтенше жағдайларды шешу барысын, сондай-ақ қызмет көрсету стандарттарын жүйелі түрде меңгерген.

Сондай-ақ осы аптада Халық газеті басылымында «Қытайда ми-компьютер интерфейсі медициналық құрылғысы нарыққа шығарылды» деген мазмұндағы ақпарат жарыққа шықты

Фото: Халық газет

Аталған басылымның дерегінше, Қытайда жұлын жарақаты бар науқастарға арналған әлемдегі алғашқы инвазивті ми-компьютер интерфейсі медициналық құрылғысы нарыққа шығаруға мақұлданды.

Қытайдың Мемлекеттік дәрілік заттар басқармасы neuracle компаниясы әзірлеген «NEO» құрылғысын тіркеді. Аталған технология жұлын және мойын жарақаты салдарынан қол-аяғы сал болып, саусақтарының ұстау қабілетін жоғалтқан 18–60 жас аралығындағы науқастарға арналған.

Имплантацияланатын құрылғы ми сигналдарын нақты уақыт режимінде оқып, декодтау арқылы науқастарға ой көмегімен арнайы пневматикалық қолғапты басқаруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде заттарды ұстау, көтеру және күнделікті қарапайым әрекеттерді орындауға жағдай жасайды.

Мәліметке сәйкес, құрылғы эпидуральды әдіспен орнатылады, бұл ми тіндеріне келетін зақым қаупін төмендетеді. Сонымен қатар жүйе сымсыз қуаттандыру және байланыс арқылы ұзақ мерзім пайдалануға арналған.

Қазіргі уақытқа дейін құрылғы 36 науқасқа клиникалық сынақ аясында орнатылған. Нәтижесінде барлық қатысушыда қолдың ұстау функциясы белгілі бір деңгейде жақсарған. Кейбір науқастарда жүйке байланыстарының қалпына келу белгілері байқалған.

Шыңжаңда Ораза айтқа 3 күн демалыс беріледі— Harajorga

Шыңжаң ұйғыр автономиялық өлкесі өңірінде Ораза айт мерекесіне орай 3 күн демалыс жарияланды, деп хабарлайды Harajorga басылымы. 

Қытайлық БАҚ-тың хабарлауынша, өңірлік халық үкіметі кеңсесінің 2026 жылға арналған мереке және демалыс күндерін белгілеу туралы құжатына сәйкес, Ораза айттың негізгі күні 21 наурызға (сенбі) тура келеді. Осыған байланысты демалыс 20 наурыздан (жұма) 22 наурызға (жексенбі) дейін жалғасады.

Осылайша, тұрғындарға жалпы үш күн демалыс беріледі.

— Аталған мереке этникалық азшылықтар үшін дәстүрлі діни мейрам болып саналады, - деп жазады қытайлық басылым.

БҰҰ: Газа мәселесі бойынша бастамалар халықаралық құқыққа сай болуы тиіс — TRT

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутерриш Газа секторын қалпына келтіруге бағытталған бастамалар халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысына негізделуі қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Түркия Радио Телевизия порталы Politico басылымына сілтеме жасап.

Фото: Ақорда

Аталған БАҚ-тың келтірген мәліметтеріне сүйенсек, оның айтуынша, Газа мәселесіне қатысты Бейбітшілік кеңесі ұсынып отырған бастама БҰҰ-ның уәкілетті құрылымдарымен үйлестірілген. Сонымен қатар бұл мақсат БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тарапынан айқындалып, қолдау тапқан.

Сонымен бірге Антониу Гутерриш аталған құрылымның Газаны қалпына келтіру шеңберінен тыс ауқымды рөл атқаруы қажет емес екенін атап өтті. Ол қазіргі дағдарысты мұндай тәсілдер арқылы толық шешу мүмкін еместігін жеткізді.

«TRT»-ның дерегінше, БҰҰ Бас хатшысы кез келген бейбіт бастама халықаралық құқық нормалары мен ұйым Жарғысының қағидаттарына сүйенуі тиіс екенін баса айтты.

Сондай-ақ ол Ормуз бұғазы төңірегіндегі шиеленіске тоқталып, Иран тарапын су жолын жабуға бағытталған әрекеттерден бас тартуға шақырды. Гутерриштің айтуынша, БҰҰ бұл маңызды теңіз дәлізін қорғауға және жағдайды тұрақтандыруға бағытталған бастамаларға қолдау көрсете алады.

Бұдан бөлек, ол Газа секторындағы қақтығыс басталғалы бері Дональд Трамппен тікелей сөйлеспегенін, алайда АҚШ әкімшілігінің өзге өкілдерімен байланыс орнатқанын атап өтті.

Алтай тумасы Қаділет Ақымбек Шыңжаң рекордын жаңалады — CNR

Алтай аймағының тумасы, 19 жастағы спортшы Қаділет Ақымбек Шыңжаң ұйғыр автономиялық өлкесі бойынша жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Қытайдың Орталық халық радиосы

Аталған БАҚ-тың дерегінше, 2026 жылғы 12 наурызда Чэнду қаласында өткен жабық кешендегі жеңіл атлетикадан ұлттық сыйлық турнирінің екінші кезеңінде ол ерлер арасындағы 3000 метр қашықтықта сәтті өнер көрсетті.

— Жарыс қорытындысы бойынша Қаділет Ақымбек 8 минут 17 секунд 41 жүздік нәтиже көрсетіп, Шыңжаң ерлерінің жабық кешендегі 3000 метрге жүгіру бойынша бұрынғы рекордын жаңартты. Осылайша, өңірдің жеңіл атлетика тарихында тағы бір көрсеткіш жаңарып отыр, - деп жазады CNR.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:198
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Наурыз 2026 13:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see156

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see147

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see145

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see145

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see143

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see142

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see137

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see134

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see131

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see128

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see120

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see119

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see119

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see117

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары