Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Соңғы кәмпіріне дейін таратып береді : сарапшы сарқыттың мән мағынасын түсіндірді

Соңғы кәмпіріне дейін таратып береді : сарапшы сарқыттың мән мағынасын түсіндірді

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Қазнетте сарқытқа қатысты қызу пікірталас басталды. Қазақстандық әйел қонақтар кеткен соң оларға тамақ үлестіру әдетінен бас тартуды ұсынды. Tengrinews тілшісі этнографпен сөйлесіп, бұл дәстүрдің шын мәнінде нені білдіретінін және оны бүгінде сақтау қажет пе деген сұрақтарға жауап іздеді.

"Қонақтарға бәрін таратып береді" - әлеуметтік желідегі жазба

Талқылауға танымал әлеуметтік желідегі жазба жазба себеп болды. Автор 12 адамға дастарқан жаюға көмектескенін және үй иесінің қонақтарға тамақ салып беру үшін алдын ала пакеттер дайындап қойғанын байқағанын айтады.

"Бәлкім, бұл дәстүрден біртіндеп арылатын кез келген шығар? Үй иесінің төрт баласы бар, біреуі нәресте. Егер қонақтардан кейін тоңазытқышта тағы бір-екі күн тұратын тамақ қалса, оны неге отбасына қалдырмасқа?" – деп жазды автор.

Ол дәстүрдің мәнін түсінетінін, бірақ кейде оның шектен шығып кететінін атап өтті: қонақтарға барлығы таратылып беріледі де, үй иелері келесі күні қайтадан азық-түлік сатып алуға мәжбүр болады.

"Қонақтарға соңғы кәмпит пен мейізге дейін бәрін таратып береді. Ал келесі күні үй иелері келесі қонақтар үшін қайтадан сауда жасайды", – делінген жарияланымда.

Автор өзінің бес бала тәрбиелеп отырғанын және үйіне қонақ келгенде оларға пакет дайындамайтынын баса айтты. Оның пікірінше, қонақжайлылық – бұл ең алдымен адамды жақсы қарсы алып, тамақтандырып, жылы шыраймен шығарып салу.

Қазақстандықтардың пікірі

Жазба қызу талқыланды. Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Пікір қалдырушылардың бір бөлігі авторды қолдады. Олар азық-түліктің қымбаттап жатқанын және дастарқандағының бәрін таратып беруге тырысу кейде ерікті ниеттен міндетке айналып бара жатқанын жазды.

"Бұрын аналарымыз қонақтан бір-екі кәмпит қана әкелетін, ал қазір абсурдқа дейін жетті: бәрін пакетке салу керек. Бермей көрші – ренжиді, тіпті кейбіреулері тағы сал деп сұрап алады", – деп жазды қолданушылардың бірі.

Дәстүрді жақтаушылар да табылды. Олардың пікірінше, сарқыттан бас тартуға болмайды, себебі уақыт өте келе дәстүр мүлдем жойылып кетуі мүмкін. Сонымен қатар кейбіреулер үлкен той мен жай отбасылық кешкі астың аражігін ажырату керек деп есептейді.

Басқа қолданушылар да сарқыттың бастапқы мәні басқа болғанын және үй иелері дастарқанда қалғанның бәрін қонақтарға беруге тиіс екенін білдірмейтінін еске салды.

Сарқыт шын мәнінде нені білдіреді?

Этнограф Оралбек Кәрімнің сөзінше, бастапқыда сарқыт жай ғана тамақ үлестіру емес еді. Тойдан, ас беруден немесе басқа да дастарқаннан дәмді келе алмаған жандарға беріп жіберетін.

"Дәстүрдің негізгі мәні – дәммен бөлісу, келмеген адамға сол дастарқаннан символикалық түрде дәм таттыру, сондай-ақ үлкен немесе сыйлы адамның қолынан дәм беру", – деді этнограф.

Мәселен, тойдан қайтқан адам балаларына немесе басқа да үй ішіне дәм-тұз әкелетін болған.

Оралбек Кәрімнің айтуынша, этнографиялық деректерде сарқыттың ортақ табақтан ет үлестіруге байланысты басқа да түрі кездеседі.

"Үлкендер келіндеріне мүшенің белгілі бір бөлігін – жілікті ұсынуы мүмкін немесе құрметті қонақтарға тартылған табақ кері қайтқанда, белгілі бір сүйекте әдейі ет қалдыратын. Мұндай әрекеттер де сарқыттың мәніне ие болған", - деді ол.

Анықтама: Оралбек Кәрім – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультетінің магистрі. Этнограф және Ұлттық орталық музейдің экскурсоводы.

Дастарқандағының бәрін тарату міндетті ме?

Этнограф дәстүрлі сарқыттың үй иелері дастарқанда қалған барлық тамақты қонақтарға таратып беруі керек дегенді білдірмейтінін баса айтты. Ең бастысы – өнімнің мөлшері емес, дәмнің кімге және қандай ниетпен берілуі.

"Қазіргі қоғамда дастарқаннан дәм алып кету дәстүрі сақталуы мүмкін, бірақ оны "бәрін тарату" деген міндетті қағидаға айналдыру – дәстүрдің тарихи мәнін тарылту деген сөз. Тамақтың бәрін таратып беруді сарқыттың басты шарты деп санауға ғылыми негіз жоқ", – деді Кәрім.

Фото © Tengrinews.kz

Сондықтан тамақты өз отбасына қалдыру дәстүрге қайшы келмейді.

"Егер үй иесі дастарқандағы тамақтың бір бөлігін өз отбасына қалдырса, бұл дәстүрді бұзу болып саналмайды. Сарқыт қонақтың алдына қойылған астың бәрі міндетті түрде сонымен бірге кетуін талап етпейді", – деп түсіндірді ол.

Сарқыт бермеу – сыйламау ма?

Бұлай ойлау да қате, дейді этнограф. Сарқыт қонақжайлылықтың жалғыз көрсеткіші емес. Қонаққа деген құрмет басқаша көрсетілетін: оны қарсы алып, төрге шығарып, дәм ұсынып, ет тартып, жол-жоралғысын жасаған.

Анықтама: Жол-жоралғы - бұл адамға деген құрметті білдіретін және қоғамда қабылданған нормаларға сәйкес келетін дәстүрлі әдет-ғұрыптар мен мінез-құлық ережелері.

Бұл ретте Оралбек Кәрім уақыт өте келе дәстүрлердің өзгеруі мен жаңа формаларға ие болуын табиғи құбылыс деп санайды.

"Сарқыттың құндылығы оның көлемі немесе қонаққа қанша пакет тамақ берілгенімен өлшенбейді. Сарқыттың негізінде: "дәм таттыру", "жұғысты болсын", "келе алмаған адам да бұл қуаныштан тыс қалмасын" деген ұғымдар жатыр", – деді ол.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Прогресс vs дәстүр. Қазақтың кей салт-дәстүрлері бізге неге бұрмаланып жетті?

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:113
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Тамыз 2026 16:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see149

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see149

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see145

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see138

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see133

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see131

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see129

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see122

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see122

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see121

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see121

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see121

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see120

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see120

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see119

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see118

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see118

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see117

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see117

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары