Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады

Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін 2 миллиард теңгелік көпірлер олардың түрі қандай және құрылысы қашан аяқталады

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

Астанада жедел жәрдемді жылдар бойы тонап келген сот үкім шығарды

Нұрай маған бірінші пышақ салды : Айыпталушы сотта жауап берді

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

Қазақстан әйелдер командасы әлем чемпионатының командалық сынын жеңіспен бастады

Бурабай курортында халықаралық технологиялық қалашық құрылуы мүмкін

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

Астана көшелерін су басты: Вице министр қаладағы мәселеге қатысты пікір білдірді

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

Интернет алаяқтыққа қатысы барларға өлім жазасын қолдану мақұлданды

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

Сот жүйесіне маман даярлаудың басымдықтары

Сот жүйесіне маман даярлаудың басымдықтары

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қоғамның жаңаруы мен құқықтық реформалардың тереңдеуі, сондай-ақ сот жүйесінде жасанды интеллекті мен цифрлық технологиялардың кеңінен қолданылуы саладағы мамандарды даярлауда жаңа ұстаным мен көзқарасты қалыптастыруды талап етеді. Осы орайда сот білімін жетілдірудің басты парадигмасы болашақ судьялардың кәсіби біліктілігі мен моральдық-адамгершілік қасиеттерін жан-жақты дамыту болып отыр.

Сурет: aqmeshit-aptalygy.kz

Сот білім беру жүйесі бола­шақ судьяларды заң норма­ларын жетік білуге ғана емес, сонымен қатар этикалық жауапкершілік пен әділет принциптерін сақ­тау қабілетіне де үйретеді. Мұндағы мақсат – кәсіби білікті, адамгершілігі жоғары, әділ шешім қабылдай алатын судьяларды даярлау.

Осы міндеттерді жүзеге асыруда Жоғары сот кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының рөлі айрықша. Академия Сот кеңесінің тікелей қолдауымен оқу бағдарламаларына уақыт талабына сай жүйелі түрде өзгерістер мен толықтырулар енгізіп отырады. Әсіресе болашақ судьяларды дайындауда «цифрлық құқық» пен «цифрлық этика» мәселелері ерекше назарда. Бұл бағыттар оқу бағдарламасына жаңа пән ретінде енгізіліп, мамандардың цифрлық сауатын арттырып, олар­дың жаңа құзыреттілігін қа­лыптастыруға мүмкіндік береді.

Сот жүйесіндегі цифрлық техноло­гиялардың қарқынды да­муы судьялардан жаңаша ой­лау, цифр­лық дәлелдерді тиімді пай­­­далану және жасанды ин­тел­лект арқылы жасалған шешім­­дер­­ге әділ әрі объективті баға беру қабілетін талап етеді. Бұл өз­ге­­ріс­тер академияның кадр даяр­­­лау­­дағы жаңа стратегиясын айқындайды.

Цифрландыру – ел дамуының жаңа стратегиялық бағыты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Жолдауында Қазақ­станды цифрлық елге айнал­дыру мақсатын алға қойып, жасанды интеллектінің мем­лекеттік органдарда кеңінен қолдануды, цифрлық жүйелер арқылы қыз­мет көрсетуді жетілдіру мәсе­лесін атап өткен еді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы: «Сот жүйесін цифрландыру тек тиімділік үшін емес, ең алдымен, ашықтық пен халық сенімін арттыру үшін қажет. Цифрлық технологиялар әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз ету құралына айналуы керек», деп сот жүйесін цифрландырудағы басты мақсат пен міндетті ашып көрсетті.

Цифрлық дәуірде сот білімін жетілдіру тек заңдарды оқып-үйрену мен сақтау ғана емес, цифрлық құқықтық мәдениетті қалыптастыруды да көздейді. Бұл болашақ судьялардың кәсіби, этикалық және ақпараттық жауапкершілігін арттырады. Осы ба­ғытта академия арнайы бағ­дар­ламалар мен ғылыми зерттеулерді күшейтті.

Биыл сот тәжірибесі мен қоғамның сұранысын ескере оты­рып, жаңа оқу жоспарлары бекітілді. Алғаш рет академия мен Жоғары сот кеңесінің бірлескен бастамасымен қызметтегі судья­лар­ға арналған жеке оқыту бағ­дар­ламалары енгізілді. Бұл судья­лардың нақты кәсіби қа­жет­тілік­теріне бейімделген және тәжіри­бедегі әлсіз тұстарын дамытуға бағытталған.

Көктемде алқабилердің қа­тысуымен сот ісін жүргізу және азаматтық істерде ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау тақы­рыптары бойынша арнайы модульдер өткізілді. Бұл курс­тар тың­даушылар мен тә­жірибелі мамандар тарапынан жоғары бағаға ие болды. Сондай-ақ аудандық соттардың төрағаларына арнал­ған қайта даярлау курстары іске қо­сылып, басқарушылық, стра­те­гиялық және тұлғалық құзырет­терді дамытуға мүмкіндік берді.

Биыл Жоғары сот кеңесі судья лауазымына үміткерлерге арналған біліктілік емтихандарын өткізу үшін жаңа тесттер мен кейстер дайындады. Ма­териалдар лингвистикалық, ғы­лыми және құқықтық сараптамадан өтіп, сәтті қолданылып жатыр.

Оның үстіне, осы жылы ака­демияда «Сот төрелігі академия­сының хабаршысы» атты ғылыми журнал жарық көрді. Журнал рецензияланатын ғылыми басылымдарды ұйымдастыруға арналған «Open Journal Systems» бағдарламасына енгізілді және 14 тамызда Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ететін комитет тізіміне енді. Басылым беттерінде сот жүйесін цифрлық трансформациялау мәселелері кеңінен талқыланады.

Сонымен қатар академияда әртүрлі форматтағы ғылыми конференциялар мен семинарлар өткізу дәстүрге айналды. Биылдан бастап ғылыми-педагогикалық бағытта магистратура қайтадан ашылды. Академияның тағы бір жетістігі – докторанттардың қа­былдануы. Енді академия сот жүйесіне жаңа сипатта ойлайтын, теориялық білім мен прак­тиканы ұтымды ұштастыра алатын озық ойлы мамандар дайындайды. Алдағы уақытта диссертациялық кеңес ашу мәсе­лесі де қарастырылып жатыр. Осылайша, оқу орталықтары жас ғалымдармен толығады.

Жоғары сот кеңесінің жетек­шілігімен академия аз уақыт ара­­лығында ғылыми қызмет субъек­­тісі ретінде аккредитация­лау­дан өтті. Нәтижесінде, академия ғалымдары гранттық жо­­баларға қатысуға мүмкіндік алды. Мұның барлығы болашақ судья­лар­дың цифрлық мәде­ние­тін қа­лып­тастыруда өз үлесін қосары анық.

Сот жүйесіне кадр даяр­лау­дағы тағы бір маңызды өзгеріс – магистранттарды оқытуға қыз­меттегі судьяларды тарту. «Судья – судьяны оқытады» принципі бойынша тәжірибелі мамандар теориялық білімді нақты сот төрелігін жүзеге асыруда қолдануды үйретеді. Оқу ба­рысында әртүрлі интерак­тивті әдістер: сот үдерісін жүргізуге арналған рөлдік ойындар, бинар­лық са­бақтар, пікірталастар, дөңгелек үстелдер, ой талқылар, конференциялар және басқа заманауи әдістер қолданылады.

Судьяларды қайта даярлау және кәсіби біліктілігін көтеру – басты назарда. Бұл замана талабына сәйкес құқықтық нор­мативтік базаның үнемі жаңарып отыруына байланысты маңызды болып отыр. Бағдарламалар азамат­тық, қылмыстық және әкім­шілік құқық саласындағы өзгеріс­терді меңгеруге, судьяның кәсіби этикасы мен коммуникациясын дамытуға, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Мұнда да оқыту барысында интерактивті дәрістер, семинарлар, кейстік тәсілдер жиі қолданылады.

Қазіргі таңда академия бола­шақ судьяларды жүйелі ойлауға үйретуге ерекше басымдық береді. Яғни мамандарға кез кел­ген мәселеге жан-жақты қарау­ға, оның себеп-салдарын құқықтық нормалар тұрғысынан зерделеуге, мәселенің барлық аспектісіне сараптама жүргізіп, шешім қа­был­дау кезінде субъек­тивті факторларды бол­дырмай, бейтарап негізде шешім қабылдауға үй­ре­теді. Мұны оқытуда кейстік әдіс­тер, са­раптамалық талдау және ана­­литикалық ойлауды да­мыту ар­қылы жүзеге асырып келеді.

Сот жүйесіне маман даярлау мәселесі тек кәсіби білім берумен шектелмейді. Жоғары сот кеңесінің сот жүйесіне кадрларды іріктеуде кадрлық саясаттың әділеттілігі мен ашықтығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Өйткені кәсіби біліктілігі жоғары, адал және бейтарап судьяларды іріктеу мен жұмысқа тарту қоғамның сот билігіне деген сенімін арттырары сөзсіз. Судья лауазымына кандидаттарды іріктеу және ұсыну, олардың қызметін бағалау, этикалық ұстанымдары мен кәсіби мінез-құлқын әділ бағалау Жоғары сот кеңесіне үлкен жауапкершілікпен қатар құ­қықтық мемлекет құру ба­рысында стратегиялық мін­дет­­терді де жүктейді. Ал стра­тегия­лық си­паттағы міндеттер Прези­дент­тің құқық­тық саясат­тағы бас­тама­ларынан тікелей туындайды.

Бір сөзбен айтқанда, Жоғары сот кеңесі сот жүйесінің сапасын жаңа деңгейге көтеріп, жаңа форматтағы кадрлық резерв құ­рып, сот білімін құқықтық мем­лекет құрудың басты факторы ретінде іске асыратын құқықтық мемлекеттің стратегиялық институты ретінде қала бермек.

Дмитрий МАЛАХОВ,

Жоғары сот кеңесінің төрағасы 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:192
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 08:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады

28 Шілде 2026 16:02see169

Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін 2 миллиард теңгелік көпірлер олардың түрі қандай және құрылысы қашан аяқталады

28 Шілде 2026 10:35see154

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

28 Шілде 2026 14:00see148

Астанада жедел жәрдемді жылдар бойы тонап келген сот үкім шығарды

28 Шілде 2026 18:07see148

Нұрай маған бірінші пышақ салды : Айыпталушы сотта жауап берді

28 Шілде 2026 13:13see146

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

28 Шілде 2026 19:09see145

Қазақстан әйелдер командасы әлем чемпионатының командалық сынын жеңіспен бастады

28 Шілде 2026 13:39see140

Бурабай курортында халықаралық технологиялық қалашық құрылуы мүмкін

28 Шілде 2026 20:41see136

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

28 Шілде 2026 20:52see132

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

28 Шілде 2026 23:18see129

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

29 Шілде 2026 14:57see123

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

29 Шілде 2026 20:13see119

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

29 Шілде 2026 01:53see119

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

29 Шілде 2026 11:11see119

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

29 Шілде 2026 09:58see117

Астана көшелерін су басты: Вице министр қаладағы мәселеге қатысты пікір білдірді

28 Шілде 2026 13:59see116

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

29 Шілде 2026 13:00see115

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

29 Шілде 2026 20:13see115

Интернет алаяқтыққа қатысы барларға өлім жазасын қолдану мақұлданды

28 Шілде 2026 17:20see114

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

29 Шілде 2026 01:53see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары